Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қышқылдар 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің қысқы мерзімді сабақ жоспарым мұғалімдерге сабақ жоспар дайындауға көмекші құрал болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талғар ауданы №29 жалпы білім беретін орта мектеп

Химия пәні мұғалімі Дәулет Қуангүл

Өтілетін сабақ, 8-сынып "Қышқылдар" тақырыбы.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

Оқу мақсаттары: 8.3.4.8- қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Бағалау критерийі: қышқылдарды құрамына қарай жіктейді, қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрады.

Құндылықтарға баулу: Қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілікті сезіну, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру.

Пәнаралық байланыс: Биология, математика

I Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу

  1. Үй тапсырмасын текскру. (тест тапсырмалары арқылы өз білімдерін тексерді)



1. Оттектің судағы ерігіштігі;

А) жақсы ериді В) нашар ериді С) ерімейді Д) өте жақсы ериді Е) өте нашар ериді

2. Оттектің ауаның құрамдас бөлігі екендігін кімдер дәлелдеді?

А) Дж Пристли мен К. Шееле В) Д.И.Менделеев С) М.В.Ломоносов пен Ж.Пруст

Д) Д.И.Менделеев пен К. Шееле Е) А.Авогадро мен Дж Пристли

3. Суға тән барлық қасиеттері бар жеке зат: А) теңіз суы; В) құбыр суы; С) дистилденген су; Д) жаңбыр суы;

4. Сүзу арқылы судан қандай қоспаларды бөліп алуға болады? А) еритін; В) еритін және ерімейтін; С) ерімейтін; Д) жауап жоқ;

5. Бейтараптану реакциясы деп қандай реакцияны айтады? А) қышқылдың металл оксидімен; В) қышқылдың металмен; С) қышқылдың негізбен; Д) қышқылдың тұзбен;



  1. оқушының назарын сабаққа аудару үшін оларды әр түрлі қышқылдар жазылған түсті қағаздар таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.


II Сабақ орытасы


Ой қозғау

Оқушыларға сұрақтар көмегімен ой тастау

  1. Қандай қышқылдарды білесіздер?

  2. Олардың химиялық формулаларын жазып көріңдер

Ұйымдасқан сынып оқушыларына сабақтың барысы түсіндіріледі.

«Ойлан тап » әдісі топтық жұмыс

Әр топ оқушыларына екі жағына да қышқылдардың формулалары жазылған карточка таратылады. Олар қышқылдарды оттекті, оттексіз, бірнегізді, екінегізді деп ажыратып, дәптерлеріне жазады. Қышқылдардың пайдасы және зияны туралы әңгімелеп береді.

«Сәйкестікті тап » әдісі

1-топқа (қышқыл формуласы мен атауын сәйкесендіру)

«Пазл» құрастыру


2-топ (қышқылдардың формулалары мен заттары бейнеленген,құрастыра отырып танысады)


3-топқа


+

CI2

=

HCI


+

H2O

=

H3PO4

H2O

+

SO3

=


HNO3

=


+



Дискриптор:

қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін реакция өнімдеріне қарап құрастырады;

химиялық реакция теңдеулерін теңестіреді.


Оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Жұптық жұмыс. «Күш бірлікте» әдісі

7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»

Бес сынауықта: натрий хлориді, су, натрий сульфиді, тұз қышқылы, калий гидроксиді ерітінділері әр түрлі реттілікпен құйылған. (сынауықтар 1-5 аралығында нөмірленеді, әр реактивтің реттік нөмірін мұғалім ғана біледі)

Мыс: 1- су, 2- калий гидроксиді, 3- натрий хлориді, 4-тұз қышқылы, 5- натрий сульфиді


1 қадам. Лакмус ерітіндісі көмегімен қандай нөмірлі пробиркаға тұз қышқылы құйылғанын анықта.(таңдаған пробирканы бояңыз)

2 қадам. №2 және №4 сынауықтар арасында тәжірибе жасап, түзілген ерітіндінің ортасын индикатор көмегімен анықта. Бұл қандай орта?

3 қадам. №4 және №5 сынауықтарды арасында тәжірибе жүргізіп, түзілген өнімді анықтау жолын түсіндір және тиісті реакция теңдеуін жаз.


Дискриптор:

  • Қышқылды индикатор көмегімен анықтайды

  • Қажетті реакция теңдеуін құрастырады

  • Реакцияның жүру белгілеріне қарай түзілген өнімді атайды.


Бағалау: түрлі түсті жұлдыздар арқылы (мұғалім)



Сабақтың соңы

Ой толғаныс. Рефлексия

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12