400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

«Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айдарбаева Жанар Сайлауовна, 8 сынып химия пәнінен сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.4.С Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

Мектеп: Құлан шағын орталықты орта мектебі



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдарбаева Жанар Сайлауовна

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қышқылдар. №7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну,олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану


Сабақтың мақсаты

1.Қышқылдар ұғымына анықтама беріп жіктейді;
2.Қышқылдардың қасиеттерін сипаттап тиісті реакция теңдеулерін құрастырады;

3.Қышқылдардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерінің жүру жағдайларын түсіндіреді;

Бағалау критерийлері

1.Қышқылдарды жіктейді;
2.Қышқылдардың химиялық қасиеттін сипаттайды;

3.Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады;

Тілдік мақсаттар


Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Қышқылдар дегеніміз……..
Қышқылдар құрамындағы сутегі бойынша.......деп жіктеледі. Олардың индикаторға .........
Лексика және терминнология:
бірнегізді,екінегізді,көпнегізді,оттекті,оттексіз,лакмус,фенолфталеин,

Құндылықтарға баулу

Жеке жұмыстар кезінде оқушылардың өмір бойы білім алуға дайын болу,өз бетімен жұмыс орындау кезінде акдемиялық адалдығын дамыту.
Жұптық жұмыстар арқылы құрмет ,ынтымақтастық,адалдық қарым-қатынасжасау қабілеттерін дамыту.

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ұжымшылдық,ортақ істің нәтижесәне жауапкершілік ,көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Биология . жаратылыстану

Алдыңғы білім


7.3А Химиялық реакциялар.
7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;
7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру; 
7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы 5мин



Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.Оқушыларды лимон,жылқы,құмырсқаның суреттері бойынша үш топқа бөлемін.
1. «Суреттер сөйлейді»әдісі
Зейінін сабаққа шоғырландыру мақсатында осы заттарды біріктіріп тұрған не? деген сұрақ қойылады. Оқушылар әуелі жеке, жұппен, топпен талқылайды. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбың өздері ашады.
Алдынғы білімді анықтау:

2«Сіз қаншалықты сенесіз?»

Келесі тұжырымдар дұрыс не дұрыс емес екенін анықтаңыз.Дұрыс тұжырымға «+» таңбасын қойыныз,дұрыс еместұжырымға «-» қойыныз

Р/с

Мазмұны

Дұрыс

Дұрыс емес

1

Әмбебап индикатор қағазы қышқылдармен жанасқан кезде қызыл түске боялады.



2

Концентрлі күкірт қышқылы мата мен қағазды теседі.



3

Лакмус қағазы қышқылдармен жанасқанда көк түске боялады



4

Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылының болуы салдарынан ірімшік сарғайып, кейін қызыл-сары түске боялады.



5

Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстыратын металдар Ag, Mg, Au.



















Суреттер ,слайд













Сабақтың ортасы

29 минут


1.(Т)« «Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі

Мақсаты: Топтық білімді жинақтау ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлді түрде жеткізе білуге ықпал ету.

Әр оқушы алдымен өзі орындайды,көршісімен ақылдасады, топқа түсіндіреді.
Әр топқа мәтіндер таратылады.

Мәтінмен танысуға уақыт беріледі.Мәтінді беріп өз ойлары бойынша постер жасауды ұсынамын.

Бірінші топ: қышқылдар

Екінші топ:қышқылдардың жіктелуі.
Үшінші топ: қышқылдардың қасиеттері

Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын қағаз бетіне түсіреді және сыныппен бөліседі.

ҚБ: «Бас бармақ»әдісімен бағалау

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

(М)Содан соң теориялық білімді практикалық біліммен ұштастыру мақсатында оқушыларға зертханалық тәжірибелер орындатуға көшеді.

2«Оқы, түсін, жасап көр» әдісі №7 Зертханалық жұмыс «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»
Бірінші топ
Тапсырма:
Қышқылдардың индикаторларға әсерін тексер.
Нұсқаулық:
Бір сынауыққа ортофосфор қышқылын құйып, оған лакмус ерітіндісін тамызыңдар. Не байқадыңдар?
Екінші топ
Тапсырма Қышқылдардың тұздарға әсерін тексер .Тәжірбие нәтижесін реакция теңдеуі мен дәлелде.Қорытынды жаса
Нұсқаулық:
Күміс нитратының 3 – 4 мл ерітіндісіне ортофосфор қышқылының ерітіндісін тамызыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін құрыңдар.
Үшінші топ
Тапсырма:

Қышқылдардың металдарға әсерін тексер .Тәжірбие нәтижесін реакция теңдеуі мен дәлелде.Қорытынды жаса

Нұсқаулық:
1.6- сынауыққа мырыш,темір,мыс металдарын салыңдар
2.Металдардың алғашқы үштігіне сұйытылған фосфор қышқылың құйыңдар.
3.2-ші үштікке азот қышқылының ерітіндісің құйыңдар
4.Тәжірибе нәтижесін кестеге түсір


Металдар

Байқалған құбылыс

Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар

Zn+ H3PO4



Fe+ H3PO4



Cu+ H3PO4



Zn+ HNO3



Fe+ HNO3



Cu+ HNO3






Дескриптор


1.Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып тәжірибені іске асырады
2.Реакция теңдеуін жазады
3.Қорытынды жасайды


1.(Жж) «)«Кім жылдам?»әдісі
1 тапсырма: а)
Формулалар ішінен қышқылдарды астын сыз.

HCL,NaCL,HNO3,SO2, K2O,H2SO4

Ca3(PO4)2 , AL2O3, Cu(OH)2,H3PO4,HF, H2S СиSO4, H2O, HCI, CиСІ2, Ca3/РО4/2, P2O5, HBr, NaOH, H2CO3, Са(ОН)2, Н2SiО3
в)Мына берілген қышқылдарды кестеге орналастырыңыз:


Бірнегізді

Екінегізді

:Үшнегізді

Оттекті

Оттексіз








Бағалау критерийі

Дескриптор.

1.Қышқылдарды жіктейді

1.Қышқылдарды ажыратады.

2.Бірнегізді қышқылдарды жазады.
3.Екінегізді қышқылдарды жазады
4.Үшнегізді қышқылдарды жазады
Оттекті қышқылдарды жазады
Оттексіз қышқылдарды жазады.

Жж «Ойлан тап?»әдісі

2 тапсырма:
Қышқылдар мына заттардың қайсысымен әректтеседі? Химиялық реакция теңдеулерін жазып,теңестір.
Zn, CuO , Ag ,NaOH, CO
2, CaCO3

Бағалау критерийі

Дескриптор.

2.Қышқылдардың химиялық қасиеттін сипаттайды.

Қышқылдардың қандай заттармен әрекеттесетінің айтады.
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтың реакция теңдеуін құрастырады.
Химиялық реакция теңдеуін теңестіреді





(Жж)«Құрастыр, одан кейін жауап бер»әдісі
Оқушыларға тапсырма берген соң, өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз.

3 тапсырма: Мына химиялық реакция теңдеулерін толықтырыңыз:

n + ... → nSО4 + ...

СаО + ... → СаСІ2 + ...

АІ(ОН)3 + ... → АІ(NО3)3 + ...

Бағалау критерийі

Дескриптор.


1.Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады.

1.Химиялық реакция теңдеуіндегі белгісіз затты табады.

2.Түзілген заттың біреуін анықтайды.
3.Химиялық реакция теңдеуін құрастырады.
4.Химиялық реакция теңдеуін теңестіреді.
















Плакаттар,маркерлер


















Сынауық,мыс,мырыш,темір ұнтағы,Оқулықтар, кесте,постер,маркер , Н.Н. Бекетов жасаған кернеу қатары кестесі

Фосыор қышқылы,азот қышқылы,сынауықтар.


Құралдар мен реактивтер: лакмус, ортофосфор қышқылы, күміс нитраты ерітіндісі, сынауықтар

Сабақтың соңы

4 минут


Рефлексия

Оқушылар «Роst-It жапсырмалар» тәсілі арқылы бағаланады.













Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



1.«Суреттер сөйлейді»әдісінде саралаудың топтасуға бағытталған түрі қамтылған,себебі талаптары әртүрлі оқушылар топтаса отырып нәтижеге тез қол жеткізеді
2«Ойлан, жұптас, бөліс»әдісінде дереккөздерге бағытталған түрі қамтылған,өйткені тапсырмада дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін берілген

3. « Кім жылдам ?»әдісінде саралаудың қарқын түрі қамтылған,себебі кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді
4)«Ойлан тап?» әдісінде саралаудың қорытынды түрі қамтылған,себебі барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрліболады.
5«Құрастыр, одан кейін жауап бер»әдісі
саралау тәсілдерінің түрі бойынша оқушыладың қажеттіліктеріне қарай және алға ілгерлеп отыратын тапсырмаларға жатады.

6.«Оқы, түсін, жасап көр» әдісі саралаудың қорытынды түрі қамтылған,себебі барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып,олардың әрқайсысының өздеріне не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек

«Бас бармақ»,
«Бағдаршам»әдістері бойынша өзін-өзі,өзара бағалау жүргіземін.Оқушылар бағалау әдістерін бір-бірінің жауаптарын талдау ,қорытынды шығару үшін қолданады.Өзінің тақырыпты қаншалықты меңгергенін,оқу деңгейінің қай сатысында тұрғанын біледі.


-зертханалық жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау;
-АКТ мен жұмыста қауіпсіздік ережесін сақтау;
-топ ережесін сақтау
*сынып ішінде сабақ барысында тыныштық сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі