400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қышқылдардың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қышқылдардың түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қышқыл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Jump to navigationJump to search

Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді. Қышқыл ертітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды

Қышқылдар сутек атомынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі зат, олар екі топқа бөлінеді: Оттекті және Оттексіз Оттекті: HNO³, H²SO(4), H²CO³, H²SiO³, H³PO(4), H²SO³ Оттексіз: HCl, H(I), HBr, HF, H²S

Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3BО3) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

H2CO3→CO2↑+H2O;

H2SO3→H2O|+SO2↑

Қышқылдардың құрылысының формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.

Оттексіз қышқылдарда сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н—CI Н—S—Н, т.б.

Мазмұны

Аталуы

Кейбір қышқылдардың тарихи қалыптасқан атаулары бар: HCl - тұз қышқылы, HF - балқытқыш қышқыл; Н2РO4 - сутектің ортофосфаты, ал Н2СO3 - сутектің карбонаты деп аталады.

Ал халықаралық номенклатура бойынша Н2РO4 тетраоксотригидрофосфат деп молекула құрамындағы атомдардың сандары грек сандарымен көрсетіліп аталады. Қышқылдарға сәйкес келетін оксидтерді қышқылдардың ангидридтері (сусыз қышқыл) деп атайды.

Алынуы

Оттексіз қышқылдарды жай заттардың тікелей әрекеттесуі (синтез әдісі) бойынша алады:

H2+Cl2=2HCl

H2+S=H2S

Түзілген газдарды суда еріткенде қышқылдар алынады.

Кейбір оттекті қышқылдарды сәйкес оксидтерін сумен әрекеттестіріп алады:

SО2+H2О=H2SО3

SО3+H2О=H2SО4

Егер фосфорды жағып алып, түзілген ак буға су қосып шайқасақ, ерітінді лакмусты қызғылт түске бояйды, себебі мына реакциялар жүреді:

4P+5O2=2P2O5

P2O5+3H2O=2H3PO4

қышқылдық оксид + су = қышқыл

Кейбір ұшқыш, тұрақсыз және ерімейтін қышқылдарды олардың тұздарына концентрлі қышқылмен әсер етіп алуға болады.

Ас тұзының кристалдарына концентрлі күкірт қышқылын қосқанда хлорлы сутектің ақ тұманы газ күйінде бөлінеді, оны суда ерітіп тұз қышқылын аламыз.

NaCl+H2SO4=2HCl↑+Na2SO4

Осы реакцияны кеңсе желіміне концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп көрсетеміз.

Na2SiО3+ 2HCl = H2SiO3↓ + 2NaCl

Қышқылдардың түрлері

Қышқылдарды 2 үлкен категорияға бөлуге болады:

  1. Күшті (химиялық белсенді) қышқылдар, кейде бейорганикалық деп те аталады. Көміртегі атомдары жоқ қышқылдар күшті қышқылдар болып табылады. Олар химиялық дәрі-дәрмек, жарылғыш заттар, тыңайтқыштар, бояулар, пластмасса және синтетикалық талшықтар жасауда қолданылады. Күкірт қышқылы, фосфор қышқылы сияқты күшті қышқылдар басқаларына қарағанда көбірек қолданылады.

  2. Әлсіз (сұйытылған) қышқылдар. Әлсіз қышқылдардың құрамына көміртегі атомдары кіреді. Олар суда түгелімен диссоцияланбайды. Бірақ көптеген әлсіз қышқылдар органикалық еріткіштерде ериді.Әлсіз қышқылдар сусындар, косметикалық заттар, сабын, жуғыш заттар, тамақ, пластмассадан жасалған заттар және дәрілерді өндіруде қолданылады. Әлсіз қышқылдарды бейорганикалық қышқылдар деп те атайды. Әлсіз қышқылдарға құмырсқа қышқылы, сірке қышқылы, сүт қышқылы және симон қышқылы жатады.

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың қасиеттері алуан түрлі болып келеді, оны көрсету үшін мынадай сұлба жазып аламыз:

Қышқылдар:

  1. белсенді металдармен

  2. негіздік оксидтермен

  3. негіздермен

  4. тұздармен

  5. қыздырудың әсері (кейбір қышқылдар үшін)

Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі металдың белсенділігіне қарай жүреді; белсенді металдардың көпшілігі қышқылдардан сутегін ығыстырады:

H2SO4+Ca=CaSO4+H2↑

H2SO4+Zn=ZnSO4+H2↑

белсенді металл + қышқыл = тұз + сутегі

Қышқылдардың негіздік оксидтермен әрекеттесуі нәтижесінде тұз бен су түзілед

H2SО4+CaО=CaSО4+H2О

2HCl+ZnО=ZnCl2+H2О

қышқыл + негіздік оксид = тұз + су

Қышқылдар еритін де, ерімейтін де негіздермен әрекеттеседі:

HCl+NaOH=NaCl+H2O

2HCl+Cu(OH)2↓=CuCl2+2Н2O

қышқыл + негіз = тұз + су

Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі

H2SО4+BaCl2=BaSО4↓+2HCl

HCl+AgNО3=AgCl↓+HNО3

2НСl+СаСO3=СаСl2+Н2O+СO2↑

қышқыл + тұз = жаңа тұз + жаңа қышқыл

Кейбір қышқылдар қыздырғанда айырылады

H2SiO3→SiO2+H20

Қолданылуы[

HNO3 - азотты тыңайтқыштар алу үшін

H2SO4 - өте кең қолданыс табады, сондықтан оны химия өндірісінің «наны» деп атайды.

Н3РО4- фосфор тыңайтқыштарын алу үшін HCl - тұздарын алу үшін, медицинада.[1]



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
2294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі