400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қышқылдың химиялық қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзі ойын дамытуға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Сабақтар | Хабарландыру тақтасы

Тұз қышқылына натрий металлың қоссақ тұз пайда болады:

2Na + 2HCl = 2NaCl + H2

Бұл реакцияда натрий сутегің ығыстырды, бұндай қасиетке барлық металлдар ие емес. Мысалы алтын тұз қышқылында ерімейді:

Au + HCl = Au + HCl

Жалпы алтың барлық қышқылдарда ерімейді (азот қышқылынан басқа), соңдықтан бұл металдан жасалған бұйымдарды тот баспайды. Әлемге әйгілі "Алтың адам", жер қойнауында екі жарым мың жыл бойы жатса да, еш бүлінбеді:

Себебі алтыңнан жасалған!

Бекетовтың кернеу қатары

Орыстың ғалымы Н. Н. Бекетов металдардың, қышқылдағы сутегің ығыстыра алуын сипаттайтың қатарды жасаған:

Li K Ca Na Mg Al Zn Fe Ni Sn Pb (H) Cu Hg Ag Au

Бұл қатардағы сутегінен сол жағында орналасқан металлдар, қышқылдан сутегің ығыстыра алады, яғни қышқылмен реакцияға түседі, ал сутегінің оң жағында орналасқан металлдар, қышқылдармен реакцияға түспейді. Қышқылдардың химиялық қасиеттерің осы қатарға қарап білуге болады.

Металдардың белсенділігі солдан оңға қарай артады, бұл қатардың басында орналасқан төрт металл (Li, K, Ca, Na), сумен де реакцияға түседі, яғни сутегін судан да ығыстыра алады!

Натрий тұз қышқылымен реакцияға түседі де, реакция нәтижесінде тұз бен сутек түзіледі. Бұны жоғарыда көрдіңіз, бұл қағида Бектовтың қатарында сутегінен сол жақта орналасқан барлық металдарға орынды:

Металл + Қышқыл = Тұз + Сутек

Қышқылдардың негіздік оксидтерімен реакцияласуы

Екі валентті темір оксидін тұз қышқылына қосайық:

FeO + 2HCl = FeCl2 + H2O

Бұл реакция нәтижесінде тұз бен су түзілді. Бұл жалпы барлық тұздарға ортақ қасиет:

Металл оксиді + Қышқыл = Тұз + Су

Қышқылдардың тұздармен реакцияласу

Қышқылдардың тұздармен алмасу реакциясына түсуі - қышқылдардың химиялық қасиеттеріне жатады. Мысалы мына реакцияны қарастырайық:

Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + H2O + CO2

Бірінші зат натрий карбонаты деп аталатың тұз (Na2CO3), бұған тұз қышқылын (HCl) қостық. Нәтижесінде ас тұзы (NaCl), су (H2O) және көмірқышқыл газы (CO2) пайда болды.































,









Зертханалық жұмыс. Химиялық реакциялар 7 сынып

Материал жайлы қысқаша түсінік: химия мұғалімдеріне

Материалды ашып қарау

Мұғалім: Дузелбай Д Пәні: Химия Сыныбы: 7 а, ә, Күні: 20.01.2020ж

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

7.3А Химиялық реакциялар№7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау». №8 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»


Оқу мақсаты:

7.3.4.3. рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу.7.3.4.4 -«антацидтік заттарды» қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолдана алады; рН шкаласы негізінде сілтілер мен қышқылдарды анықтай алады; бейтараптану реакциясының анықтамасын айта алады;Оқушылардың көпшілік бөлігі: антацидті заттарды таниды; Кейбір оқушылар: антацидтік заттар қышқылдармен әрекеттескенде бейтараптану реакциясы жүріп, бейтарап заттар түзілетінін біледі.


Бағалау критерилері

Табиғи қышқылдар мен сілтілерді атайды және олардың қасиеттерін біледі.

Әмбебап индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды.

антацидтік заттарды қолданады.

Қышқылдар мен сілтілердің бір-бірін бейтараптау әрекетін түсіндіреді


Тілдік мақсаттар

Оқушылар

Қышқылдар мен сілтілердің индикаторға әсерін,ортасын анықтайды, талдауға арналған сұрақтарға жауап береді, талдайды, тұжырымды ойларын айтады.

рН шкаласы сілтілер мен қышқылдарды анықтайды, талдауға арналған сұрақтарға жауап береді, талдайды,

Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы айтады, талдауға арналған сұрақтарға жауап береді.



Пәнге қатысты лексика және терминологияИндикаторлар – индикатор – indicatorЛакмус – лакмус – litmusФенолфталеин – фенолфталеин – phenolphthaleinМетилоранж – метилоранж – MethylorangeЕрітінді – раствор – solutionБейтарап – нейтральный – neutralБейтараптау – нейтрализация - neutralizationСілті – щелоч – alkaliҚышқыл – кислота – acidОрта – среда – medium


Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыста – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау; жеке жұмыс – тәжірибеде қолдана алу және қауіпсіздік ережесін сақтау, өзін-өзі реттеу; Бірлесе жұмыс жасау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтымақтастық.


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, география, биология.


Алдыңғы білім

Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар


Сабақ барысы:



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлер

Ресурстар

Сабақтың басы:Ұйымдастыру кезеңі:(2 мин)

Шаттық шеңберін құру. Жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылар бір-бірне тілек айтады .«Ой қозғау» әдісі бойынша өткен тақырыпты еске түсіру.

Табиғи қышқылдарда қандай дәм болады?

Сілтілерді қайда кездестіруге болады?

Тұз қышқылының формуласы.

Күкірт қышқылының формуласы.

Фосфор қышқылының формуласы.

Азот қышқылының формуласы.

Көмір қышқылының формуласы.

Натрий гидроксидінің формуласы.

Калий гидроксидінің формуласы.

Кальций гидроксидінің формуласы.

Индикатор дегеніміз не?

Сулы ертінділердің неше түрлі ортасы бар?


Сабақтың ортасы







32 минут

«Миға шабуыл» жаңа тақырыпты ашуТоптық жұмыс. №7 зертханалық жұмыс орындау. «Ертіндідегі қышқылдар мен сілтілердің ортасын анықтау».Реактивтер: cy, натрий гидроксиді(NaOH), тұз қышқылы (HCl).Құрал-жабдықтар: сынауықтар, индикатор ерітінділері (лакмус, фенолфталеин, метилоранж), әмбебап индикатор қағазы. Қауіпсіздік ережесіОқушыларға қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беріледі.Жұмыстың барысы: 1. 2-3 мл қышқыл ерітіндісіне 1 тамшы индикатор (лакмус, метилоранж, фенолфталеин) қосып, кестені толтырыңыз.2. 2-3 мл сілті ерітіндісіне 1 тамшы индикатор қосып кестені толтырыңыз.3. 2 -3 мл суға 1 тамшы индикатор қосу арқылы кестені толтырыңыз.

Дескриптор
1.Қышқыл ерітіндісінің индикаторлар түсінің өзгеруін, pH мәнін, ортасын жазады – 1 балл2.Сілті ерітіндісінің индикаторлар түсінің өзгеруін, pH мәнін, ортасын жазады – 1 балл3. Судағы индикаторлар түсінің өзгеруін, pH мәнін, ортасын жазады – 1 баллБасбармақ әдісі арқылы бағаланады.– Индикаторлардың ерітінділерге әсерін зерттейді.– pH мәнін анықтап, қорытынды жасайды.– Ортаға байланысты сәйкес келетін түстерді анықтайды.

№8 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, штатив, натрийгидроксиді, тұз қышқылы, фенолфталеин, тамшуыр, сағат шынысы..Жұмыс барысы.

сынауыққа 2-3 мл хлорсутек ерітіндісін құйыңыздар да, 1-2 тамшы фенолфталеин индикаторын тамызып, түсін анықтаңыздар.

сол ерітіндіге натрий гидроксидінің 1 немесе 2 тамшысын тамшылатып түсінің өзгерісін бақылаңыздар. Қорытынды жазыңыздар.

Бағалау критерийі:Оқушылар хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясын орындайды

Индикаторлар



https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=11317



pH шкаласы













































https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=11317

Сабақтың соңы3 минут

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жүзеге асырылды ма?Рефлексия жүргізуСабаққа оқушылар өз бағасын береді, әр оқушы сәйкес смайликті таңдап, тақтадағы сәттілік жолына жабыстырады.

Үйге тапсырма: Индикатор дайындау. Ол үшін майлық қағаз (салфетка), қарақат тосабы немесе орамжапырақ шырыны керек. Осы ерітінділерді қағазға тамызып, кептіріңдер. Кепкен қағазды бірнеше бөлікке бөліп, сірке суының, ас содасының ерітіндісіне және суға батырыңдар. Индикатор түсінің өзгеруін бақылаңдар.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті жоғары оқушыларға қандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулықжәне қауіпсіздік техникасынсақтау

Әртүрлі деңгейдегі оқушыларды түгел қамту үшін жеңілден күрделіге қарай бағытталған топтық тапсырмалар арқылы жұмыс жасай отырып, қолдау көрсету. 1. Индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды.2.Ерітінділердің pH мәні мен ортасын анықтайды.3. Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясын анықтайды.

Оқушыларды бақылай отырып смайликтермен бағалау.Басбармақ әдіс ақылы және мұғалім тарапынан мақтау , мадақтау сөздерімен бағалаймын.Сабақ соңында көңіл күйді білдіретін «Смайлик» әдісі бойынша. Егер бала түсінбегенін білдірсе, нені түсінбегенін сұрап кетемін.

– Сабақтың басында сыныпта ынтымақтастық қптастыру және химия зертханасының қауіпсіздік ережелерін сақтау.– Оқу бөлмесінің таза, жарық,желдетілген.– Оқу құралдары керекті ресурстар өз орнында техрикалық қауіпсіздігі сакталған.

Сабақ бойынша рефлексияСабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:2:Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі