2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Қыстайтын құстар»
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

«Қыстайтын құстар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Тәрбиелік: Құстарды аялау және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Дамытушылық: 5 цифры туралы алған білімдерін кеңейту. 5-ке дейін санау қабілетін дамыту. Оқыту: Құстардың тіршілігі туралы айту, санды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету,
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ересек «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі. № .

Өткізу күні: 13.01. 2022 ж.

Тәрбиеші: Мухамбетжанова А. Ғ.

Білім беру саласы: «Таным» «Математика негіздері»

Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Құстарды аялау және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: 5 цифры туралы алған білімдерін кеңейту.

5-ке дейін санау қабілетін дамыту.

Оқыту: Құстардың тіршілігі туралы айту, санды заттың санымен

сәйкестендіруге үйрету,

Ресурстармен қамтамасыз ету:  құстардың, қыс мезгілінің суреттері

Билингвалдық компонент:  қыстайтын-зимующие, құстар-птицы, қарға – ворона, торғай – воробей, сорока – сауысқан, тоқылдақ – дятел, көгершін – голубь.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

Амандасу: «Сәлем, Сәлем» видео.

ІІ. Негізгі бөлімі

-Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

Сұрақтар қою.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

-Ауа райында қандай өзгерістер болады?

-Дұрыс айтасыңдар, қар жауып айналаның бәрі аппақ болады.

-Құстар қайда өмір сүреді? (орманда, далада)

Сиқырлы сәт: Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады.Балаларды тыңдауға шақырады. Дискіні тыңдап болған соң:

-Балалар естисіңдер ме, бұл нелердің дауысы? (Құстардың)

Балалар ал енді жеке – жеке дауыстарын естіп қандай құс екенін тауып көрейік

Торғайдың дауысын қосу.

Қандай құстын дауысы?

Торғай – Воробей.

Торғай сөзін буынға бөлейікші

Тор-ғай неше буын 2 буын

Қарғаның дауысын қосу.

Қандай құстын дауысы?

Ворона - қарға

Көгершіннің дауысын. Қосу.

Қандай құстың дауысы?

Көгершін – голубь.

Сауысқанның дауысын. Қосу.

Қандай құстың дауысы?

Сауысқан – сорока

Балалар сауысқан сөзін буынға бөлейікші

Сау-ыс-қан неше буын 3 буын

Тоқылдауықтың дауысын. Қосу.

Қандай құстың дауысы?

Тоқылдақ - дятел

Мынау тоқылдақ. Оны орман емшісі дейді.

Ол тоғайдағы құрттарды тұмсығымен шоқып жейді.

Жарайсыңдар, балалар.

Енді орнымыздан тұрып серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Торғай, торғай, торғайсын

Жақын келіп қонбайсын

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тонбайсын

Тамаша балалар.

Балалар ойын ойнайықшы «Математикалық пазл» ойынды ойнау үшін үстелге жақындайық.

Балалар енді сендердің алдарына қиылған суреттерді беремін суреттерде жазылған сандарды ретімен қойып шығындар.

Сонда ненің суреті шықанын көреміз.

Тамаша балалар.

Алина сенде қандай құстын суреті шықты?

Алдияр сенде қандай құс бейнеленген?

Жарайсыңдар, балалар.

Орнымызға отырайық.

Балалар енді назарымызды тақтаға аударайық.

Мында суреттер ілініп тұр, осы суреттерді үстелдің үстіндегі сандармен сәйкестендірейік.

Мысалы: неше торғай санайық 1,2,3 қандай санмен сәйкес келеді

3 санымен

Жарайсыңдар.

ІІІ. Қорытынды:

Балалар сонымен қайталайықшы

Қазір қандай жыл мезгілі?

Бүгін қандай құстармен таныстық?

Нешеге дейін санадық?

Келген қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы

білім бөлімінің» Құсмұрын «Қарлығаш» балабақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.







Ересек «Көбелек» тобы.


Білім беру саласы:

«Таным» «Математика негіздері»



Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»























Тәрбиеші: Мухамбетжанова А. Ғ.

2021-2022 оқу жылы.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі