"Қыстайтын құстар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыстайтын құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қыстайтын құстар"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыстайтын құстар

Мұратова Ғалия Алданазарқызы.

«Балдырған» санаторлық бөбекжай

бақшасының тәрбиешісі.

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту; Тілін дамыту

байланыстыра сөйлеуге үйрету, құстарға қамқор болуға үйрету,табиғатты сүюге , аялай білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілген жүмыс:Серуен кезінде қүстарды бақылдау.

Көрнекілік.: Құстардың суреттері,көгершін, «Қыстап қалатын құстар,қыс мезгілінің суреті,құстардың дауысы» жазылған бейнетаспа.

Әдіс тәсіл: Әңгімелесу, сүрақ жауап,ДUД қарау, жұмбақ шешу.

Билингвизм:Ворона -Қарға; Сауысқан-сорока;торғай -воробей,Бүркіт -беркут, үкі -сова.

Мотивациялық қозғаушы күш.

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.

Үлкенге де , «сіз»

Кішіге де, «сіз»

Сәлем бердік баршаңызға

Құрметпен бас иеміз біз

Іздену ұйымдастырушы:

Енді балалар,орнымызға отырып көзімізді жұмып, менің айтқандарымды елестетейік.

«Айнала аппақ. Күн суық. Қар жауып тұр. Торғайлар жем салғыштан жем жеп жатыр».

Көзімізді аштық .-Бүл қай мезгіл екен, балалар.?

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Енді, балалар, назарымызды теле экранға аударайық. Қыс туралы еске түсіріп, қыстайтын құстар туралы қараймыз. Слайд: «Қыстайтын құстар»

Сызба бойынша әңгіме айтамыз.

Есік қағылып Дымбілмес келеді

. - Сәлематсыңдар ма балалар? Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. Қолтығынан торғай алып шығады. Міне, торғай ,мен жаңа ұстап алдым.

-Ой ,балалар сендерге қызық емес пе не?

-Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме .Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмей сің бе? Қыстайтын қүстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме?.Онда балалармен бірге отырып тыңда.

Қыстайтын құстар туралы қарау.

Қарға -ворона.

Сауысқан -сорока

Торғай -воробей

Бүркіт- беркут

Үкі –сова

Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді адамдар бүркітті қолға да ұстайды Аң аулауға бап тайды.ондай адамды құс бегі деп атайды. Бүркіт қасқыр, түлкі,қоян аулайды

Қарға, сауысқан торғайды күнде кездестіреміз

Қүстардың ортақ қасиеті:қанаты бар,ұшады, тұмсығы бар,шоқиды.

Құстардың айырмашылығы:әр түрлі дауыстайды.

Құстардың пайдасы:олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.

.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Құсқа ұя жасайық

Алдана жем шашайық

Қарға құсап жорғалап

Жемге тойып алайық

Орнымыздан тұрайық

Қәне,қанат қағайық.

-Енді, балалар, кім бізге құстар туралы жұмбақ жасырады екен?.

Орманда жоғары

Ағашқа қонады

Түмсығын балға етіп

Тоқ тоқ соғады (тоқылдақ - дьятель)

-Бұл қыстайтын құсқа жатады ма ?

Орыннан орынға ауысқан

Ұшқалақ қара ала (сауысқан -сорока))

Мәпелейміз,баптаймыз

биіктерге самғаймыз

Бейбітшілік құсы деп

Қай құсты айтып мақтаймыз ( Көгершін -голубь)

Ойын.»Қай құстың дауысы?»

Мақсаты:Құстардың дауысын ажырата білуге, зейін қойып тыңдай білуін жетілдіру.

Ойын: «Торғай»

Ойын арқылы сабақты қорыту.Ұшып жүрген торғай басына қонған бала сүраққа жауап береді Сұрақтар:

-Қыстайтын құстарды ата?

- Құстың мекені ? (Ұя)

- Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? ( Бүркіт)

- Қарға қалай дыбыстайды ? (Қарқылдайды.)

- Торғай қалай дыбыстайды? (Шиқылдайды )

-Құс туралы тыйым сөз айт:

-Құстартың ұясын бұзба

-Құсты атпа,өтіруге болмайды

-Құс тың жұмыртқасын жарма.

-Құстардың ортақ қасиеті қандай,?

-Айырмашылығы қандай ?

-Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз.?

Бәріміз бірге тақпақ айтайық

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа

  • Жарайсыңдар,балалар .Мен сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көгершін сыйлаймын.

Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық

Жарты шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық. .

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Қыстайтын құстар жайлы , оларды айыра білуді.

Үйренеді: Құстарға қамқор болуды.

Игереді: Құстардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын ажыратуды


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2018
649
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі