400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қыстап қалатын құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
кыстап калатын кустар
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 бөбекжай бақшасы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны









Ұйымдастырылған

ашық оқу іс-әрекеті

«Қыстап қалатын құстар»

«Көбелек» ортаңғы тобы









Тәрбиеші: Ниязова А.Б.










Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас. шығармашылық

Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар»

Мақсаты: Балаларды құстарға қамқор болуға үйрету, құстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғатты сүюге, аялай білуге үйрету.

1. Білімділік: Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы айту.

2. Дамытушылық: Құстарды күте білуге үйрету. Балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Көрнекіліктер: қыстап қалатын құстардың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ парақтар, қарындаштар.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: қыс туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: қыс,қар,құстар.

Билингвиальды сыңары: қыс-зима, қар-снег, құс-птица



Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңберіне тұру:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз

Сәлемдейік үлкенге!


Балалар шеңбер болып тұрып, шаттық шеңберін жасайды.






Балалар амандасады.


Ұйымдастырушылық

ізденістік

Тәрбиеші сұрақ береді:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?

- Қыс екенін қайдан білдіңдер?

Жылы киініп келдіңдер ме?

Малақай, тон, қолғап, етік кидіңдер ме? Ауа райы қандай екен?

- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?


Тәрбиеші балаларға жұмбақтар шешуді ұсынады.

1. Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

2. Шелпек қалпақ басында

Сәбіз екен таңауы

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.

3. Киімі ала,

Ісі бар шала.

4. Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды.

Білесің бе, қане айта ғой.

Танисың ба?

Билингвиальды сыңары: қыс-зима, қар-снег, қарға-ворона, сауысқан- сорока, торғай-воробей.

Ғажайып сәт.

Құстардың сайраған дауыстарын тыңдату. Балалар бүгін қыстап қалатын құстар туралы әңгімелейміз.

Слайд бойынша суретпен жұмыс жүргізу.

Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал, кейбір құстар қыстап қалады. Олар суықтан қорықпайды, суықтан олардың қалың мамықтары қорғайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Түсі, түрі, түсі, дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.

Тәрбиеші балалардан көгершінді қайдан көргендерін сұрайды.

Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында «көгершін» деп атайды.

- Балалар, кептер сендерге хат әкеліпті.

-Маған қыс және құстар туралы тақпақтар айтып беріңдерші деп сұрапты.

- Қанекей, кім тақпақ айтады?

Құстар біздің досымыз

Бау –бақшаны қорғайды.

Ұя жасап, қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

Мынау-қарға

Қарға-басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.

- Кім қарға туралы тақпақ біледі?



Сергіту сәті.

Торғай болып ұшайық,

Жерге жаймен қонамыз.

Жемді шоқып жейміз,

Суды ұрттап ішеміз.

Жаймен қанат қағамыз,

Орнымызды табамыз.

Сауысқан- қарға тұқымына жататын, кіші денелі, түзу,ірі, қысқа тұмсұқты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан, оны кейде ала қанатты сауысқан деп те атайды.

Кім атайды саусқан туралы тақпақ?

Нұрасыл Ж:

Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан томарға

Секең-секең ауысқан.


Дидактикалық ойын «Құсты тап»

Қарға..........қарқылдайды.

Сауысқан........шақылдайды.

Торғай.........шиқылдайды.

Құстар-біздің досымыз. Оларға біз көмектесе аламыз: астаулар, жемшарлар іліп, оларға жем шашамыз. Сонда көктемде біз құстардың тамаша шырылын естиміз, астық жинай аламыз.құстар зиянды жәндіктерді жеу арқылы үлкен пайда келтіреді.

- Құстарға көмектесеміз бе?


Шығармашылық жұмыс:

Қар үстіндегі қарғаның ізі.



Балалар жауаптары:

- Қыз мезгілі

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан


-Ия жылы киініп келдік

- Қар жауады, мұз қатады








- қар


-аққала




-сауысқан


-торғай








Балалар құстардың дауыстарын тыңдайды. Әңгімені тыңдайды. Слайдтағы суреттерге назар аударып, қыстап қалатын құстар туралы түсінік алады.














Балалар кептерді алаңда мейрамдарда балалардың ұшырғандарын айтады.


















Нұрасыл Ш.

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға келіп қорғалар

Кәусар

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Балалар қимыл қозғалыс жасайды.










Балалар құстардың арасынан қарғаны табады. Қарға дауысын қайталайды.




















Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау: Тәрбиеші үнтаспаны қосып, дала құстарының дауыстарын тыңдатады.

- Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесе аламыз?

- Құстардың денесін не жауып тұрады?

- Ол не үшін керек?

- Құстардың қандай пайдасы бар?

- Қыстап қалатын құстарды атаңдаршы?


Тәрбиеші балалармен шеңбер бойымен тұрып, өлең шумағын айтады:

Қамқоршымыз құстарға,

Табиғатты сүйеміз.

Аялаймыз оларды,

Жақсы көріп бәріміз.

Тәрбиеші балаларды бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандары үшін мадақтайды, рақмет айтады.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, құстардың дауыстарын тыңдайды.

- Астауға жем шашып, нанның қиқымдарын береміз.

- Ұлпа мамықтары суық өткізбейді.

- Зиянды жәндіктерді жейді.

-Кептер, қарға, сауысқан, торғай.




Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең шумағын қайталайды.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қыстап қалған құстарға қамқорлықпен қарауды;

Түсінеді: қыс және оның ерекшеліктері туралы әңгімелеу;

Қолданады: құстарды басқа жануарлардан ажырата білу дағдыларын сұрақтарға толық жауап беру іскерліктерін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі