|
Мотивациялық
қызығушылық
|
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз айларын атаңдар.
Күзде құстар жылы жаққа ұшады, ал қандай құс қыста қалатынан жұмбақ
арқылы шешейік.
Тал
басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді, Шықилдап
әндетеді. (торғай)
|
-
Күз.
- Қыркүйек, қазан,
қараша.
- Жұмбақты тыңдайды,
шешеді.
-
Торғай.
|
|
Ұйымдастыру
іздестіру
|
Балалардың алдарында үш
түсті карточкалар беріледі, балалар таңдаған карточка түстері
бойынша үш топқа бөлінеді.
Манипулятивтік
орталық
Торғай бейнесін Дьенеш
блоктары мен Кюизенер таяқшалары арқылы
құрастыру.
Торғай бейнесінің үлгісі
беріледі.
Мақсаты: Балалардың қол моторикасын
дамыту.

◄ 



Әдебиет
орталығы
Мақсаты: Балаларға торғай туралы
тақпақты жатқа айтуға үйрету (тірек сурет
арқылы).
Балалар, құстар – біздің
досымыз, біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Қыста олар тонбау
үшін не істеу керек? Дұрыс, оларға үйшік жасап, жем шашуымыз керек.
Балалар,суретке қарандаршы, торғайдың қандай дене мүшелері бар?
(басы, көзі, тұмсығы, денесі, қанаттары, аяқтары және құйрығы).
Сендерге, торғай ұнайды ма? Ендеше, торғай туралы тақпақ
жаттайық.

Торғай, торғай,
торғайсын,
Жақын неге
қонбайсың?
Жем шашайын тойып
ал,
Қанаттарын
қатайсын.
Бейнелеу
орталығы
Балалардың алдарында
торғайдың суреті қойылады. Үлгі арқылы балаларға торғайдың денесін,
қанатын, көзін дұрыс салуды үйрету.
Мақсаты: Құстың суретін салуға
баулу.

Тапсырма: Қарындашпен құстың бейнесін
бояу. Түстерді атап,қажетті түстермен бояйды
(қара,қызыл,қоңыр).
Балалар, ал енді
орталықтармен ауысайық.
|
Балалар карточкаларды
таңдайды, таңдаған түстері бойынша орталықтарға
бөлінеді.
Балалар Денеш блоктары
мен Кюизенер кубиктары арқылы торғай бейнесін
құрастырады.
Дөңгелектің оң жағына
кішкентай үшбұрыш салады. (тұмсығы) үшбұрыш, сопақшаның ішіне
үшбұрыш салу(құстың қанаты),
сопақшаның төменгі
жағына Кюизенер таяқшалары торғайдың аяғын
салады.
Мұғалімді
тыңдайды.
Құстарға жем беру. Су
құю. Үйшік жасау керек.
Балалар суретке назар
аударады. ------ Басы, қанаттары, көзі, тұмсығы, аяқтары мен
құйрығы бар. Балаларға торғай туралы тақпақты қайталайды. Қимыл
–қозғалыспен жасайды.
Торғай,торғай,торғайсын,
Жақын неге
қонбайсың?
Жем шашайын тойып
ал,
Қанаттарын
қатайсын.
Балалар үлгі бойынша
торғай суретін салады. Үлгіге қарап торғайдың денесін, қанатын,
көзін дұрыс салуға тырысады.
Түстерді атап,қажетті
түстермен бояйды
(қара,қызыл,қоңыр).
Орталықтармен
ауысады.
|
|
Рефлексивті
түзтушілік
|
Балалардың жасаған
жұмыстарын көрмеге
қою.
- Балалар, біз бүгін сабақта
не жасадық?
Балалар, құстарға қалай
қамқорлық жасау керек?
- Торғайдың дене мүшелері
қандай? Түсі қандай?
Балаларды
мақтау.
|
Балалардың ең әдемі
жасалған суретін көрмеге жібереді.
-
Торғайды.
- Су, жем беру. Үйшік
жасау.
Денесі, басы, қанаты,
көзі,
тұмсығы, құйрығы.
Қара,қызыл,қоңыр
|