Қыстап қалған құстар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыстап қалған құстар

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Бөбекжай-балабақша»

МҚҚК директоры

_______Г.Н.Джаманшалова












Ашық оқу қызметі

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастыру оқу қызметі:Жаратылыстану

Тақырыбы:Қыстап қалатын құстар











Дайындаған:№12«Айгөлек» МАД тобының тәрбиешісі: Бекджанова М











2018 жыл.

Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру
Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға белсендігін арттыру. Сөздік қорын молайту.
Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Білім беру саласы: таным
Оқу іс - әрекеті «экология негіздері»
Көрнекіліктер: құстардың суреттері, тапсырмалар.
Сөздік жұмысы: отырықшы құстар, жыл құстары

1. Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- КҮЗ
- күз айларын ата?
- Қыркүйек,Қазан;Қараша

- Бүгін біз сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз

- Құстардың неше түрі болады? /үй және дала құстары
- Үй құстарын атап беріңдерші./ тауық, қаз, үйрек, күркетауық
- Үй құстарын адамдар қайда ұстайды?  /үйде, қорада
- Үй құстары адамдарға не береді? Етін ,жүнінен көрпе,жастық жасаймыз
- Ал, адамдар ше? /жем, бидай, дән, су/
- Қысқы орманда қандай құстар қалыпты?
- Суыққа шыдамды құстар қалыпты.
- Ал, қалған құстар қайда?
- Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды “Жыл құстары” деп атаймыз.
Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?
- Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.


Ал, енді суықторғай, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ т. б. сияқты
 «... жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды “Қыстап қалатын құстар” дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?    (суреттерін  көрсетіп, атап шығу)

Слайд. Үнтаспадан құстардың дауыстары естіледі.
Балалар ненің даусы естиікші.
- Құстардың.
- Құстардың даусы шыққан жаққа барайық.
Балалар таңғалып тыңдайды.

- Біз қайда келдік?
- Қысқы орманға.

Слайд. ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.

Муслим

Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.


Тәрбиеші: Балалар, бізге қандай құс ұшып келді?
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы», - деп
Қайсы құсты мақтаймыз?
Балалар: Көгершінді.    

     
Слайд. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. КЕПТЕР – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. Кептер қала, адамдарға жақын мекендейді.


ТОҚЫЛДАҚ –  ұзын тұмсығы бар, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа ,түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді.
Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.


Нұрғалым

Тоқылдақтар тоқылдап

Ешбір тыным көрмейді

Ағашты қанша тессе де

Жұмысы бір өнбейді


САУЫСҚАН-/Сорока/ – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.

Торғай /Воробей/–пайдалы, кішкентай құс. Ағаш қуысындағы зиянкес құрттарды жейді және дәнді дақыл, нан қиқымдарымен  қоректенеді. Үй шатырларына немесе ағашқа шар тәрізді ұя салады.


Гүлзара

Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын

Жем шашамын жегейсің

Үйшік жасап берейін


Сергіту сәті:1,2,3,4 қарылғаш боп ұш

5,6,7 қарылғаш боп шалқы

8,9,10 қарылғаш боп қон


Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын


Көлдің көркі сән екен

Ұшқанда сазды ән екен

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған

Ол қандай құс балалар?

(Аққу)

Өз атын атап қоймаған

Қақсауғада тоймаған

Ала-шұбар үстері

Айдарлы бұл құс тегі

(Көкек)

Құстарға байланысты халық болжамдарын айт.

Сары шымшық ысқырса,күз болады

Торғай топыраққа аунаса,жаңбыр жауады

Қарғалар оңтүстікке қарап қарқылдаса,күн жылы болады.

Солтүстікке қарап қарқылдаса,күн суық болады.

Қарылғаш төмен ұшса,жаңбыр жауды.


Ойын: «Жақсы және жаман» ойынын ойнаймыз. Жаман әдеттен аулақ болуға,жақсы жаманды ажырата білуге,қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.

1.Ағашты сындыру жақсы ма?

2.Ағашқа су құю жаман ба?

3.Құстарды ату,тас лақтыру жақсы ма?

4.Құстарға ұя жасау жаман ба?

Жарайсыңдар балалар,ненің жақсы,ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар

Осымен біздің ашық оқу қызметіміз аяқталды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
444
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі