жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қыстап қалған құстар
Джандуллаева Мира Бакдавлетовна-
Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№36 Бүлдіршін бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Өтпелі тақырыбы: «Қызықты қыс мезгілі»
Апталық тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Жаратылыстану
Тақырыбы : «Қыстап қалған құстар»
Мақсаты: Балаларға қыстап қалатын құстардың аттарын білуге, оларға қамқорлық жасауға үйрету .Құстардың сыртқы пішіні, туралы балалардың білімдерін тиянақтау. Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. Балаларды белсенді әңгімелеуге ынталандыру. Қанатты құстарға деген сүйіспеншілікке, қызығушылыққа, құстарға қамқорлық жасауға, күтіп баптауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: тоқылдақ,сауысқан,қарға,торғай.
Полилингвальды компонент: қыс-зима-winter
құс- птица-birds
Торғай
– воробей-sparrow
Сауысқан
– сорока-
Hailed
Қарға
– ворона- crow
Тоқылдақ-деятел-woodpecker
Заттық
дамытатын орта:
ойын
құралдары,тақта,
, дидактикалық ойын.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын технологиясы, денсаулық технологиясы, ақпараттық құралдар технологиысы, дамыта оқыту технологиясы.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушы ізденістік кезең
|
Шаттық шеңбер Шақырамын сендерді Жолдастарым кел бері Толтырайық шаттыққа Дөңгеленген шеңберді
-Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қандай?
Қазір қай мезгіл? -Қыс мезгілі қанша айдан тұрады? -Қазір қай ай? |
Сәлеметсіздер ме? Здравствуйте! Good morning teacher! Шаттық шеңберді тәрбиешімен бірге қайталап айтады.
-қыс -үш ай: -қаңтар
|
Триз технологиясының миға шабуыл әдісі
Дамыта оқу технологиясының ой толғаныс әдісі
Ақпараттық технология
Ойын технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы Ой толғау әдісі
Денсаулық технологясы бойынша салауатты өмір салты
Ойын технологиясы
|
-Қыс қарлы, боранды, аязды, жылдың ең суық мезгілі. -Бүгін
оқу қызметімізде құстар жайлы
әңгімелейік. Қарға,сауысқан,торғай,тоқылдақ
және басқа құстар.
Қарға
басы,қанаты,құйрығы,арқасы мен бауыры
бәрі қара болып келеді.тұмсығы
үшкір,тырнақтары өткір.түрлі тамақ
қалдықтарын тырнақтарымен шұқып жейді
бұл өте ақылды құс.ұзақ өмір сүреді
Сүйір тұмсықты,кіп-кішкентай құс.Ағаштарға шар тәріздес ұялар салады.тамақ қалдықтарымен қоректенеді.
Тоқылдақ- ағаштарды тұмсығымен ұрғылау арқылы өзіне азық табумен қатар,орманды-зиянды жәндіктерден тазартады.Мұндайға басқа ешқандай құс қабілетті емес.
Сауысқан:- Ала қанатты ұзын құйрықты құс ұясына жұмыртқа салып балапандарын басып шығарып қауіп қатерден қорғайды. Қауырсындары біріңғай қара емес жасыл реңкті келеді. Бүйіріндегі қауырсыны аппақ.. ол өте сақ. Ерекшелігі жылтыр. Әшекей заттарға әуес
-Балалар құстарға ортақ тән қасиеті бар? -Барлығы
ұшады.Қанаты бар,тұмсығы бар, денесі,аяғы
,құйрығы бар,жұмыртқалайды.
ЖҰМБАҚТАР:
Қонып алып жарға Қарқылдайды....
Бұл құсты бәрі білер, Ауламызда шырылдап. Шиқ-шиқ етер,қоңыр түсті Бұл қандай құс
Тұмсығымен
ояды,
Балалар кім құс туралы тақпақ біледі?
Құс ұясын бұзбаңдар, Балапанын алмаңдар. Құстар біздің-досымыз Обалына қалмаңдар.
Шыр-шыр еткен торғайды, Қорғамасаң, болмайды. Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды.
Қарға,қарға,қарғалар, Қар үстінде жорғалар Боран соқса қор болар, Бұтаға қонар қарғалар.
Тоқылдақтар тоқылдап Ешбір тыным көрмейді. Ағашты қанша тессе де, Жұмысы бір өнбейді.
Ала қанат сауысқан Жерді шоқып тауысқан.
Сөздік жұмыс: тоқылдақ,сауысқан,қарға,торғай.
Полилингвальды компонент: қыс-зима-winter құс- птица-bird Торғай
– воробей - sparrow Тоқылдақ-дятел-woodpecker
Ал, балалар енді тіл ұстарту жаттығуын жасайық Тіл ұстарту жаттығуы 1. ыс – ыс - ыс келіп қалды қыс 2. ос – ос – ос құстар бізбен дос 3. ұс – ұс – ұс ұшып кетті құс
1-тапсырма Д/о: «Құстарды топтастыру» Мақсаты: Құстарды ажырата білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шарты: Әр балаға жеке үлестірмелі карточкалар таратылады, ол суреттен тек қана қыстап қалатын құстарды белгілеп шығу. Сергіту сәті Қатар-қатар тұрайық, Қарлығашқа ұқсайық. Қанатымызды кең жайып, Ұшып-ұшып алайық Қазым-қазым қаңқылда, Суда жүзіп саңқылда. Жем берейін жейсің бе, Кәмпит берші дейсің бе? Жоқ, жоқ, жоқ, Кәмпит тәтті ас болмас, Арпа менен бидай шаш.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды? »Теледидардан әртүрлі құстардың суретін көрсетіп, дауысын тыңдату.
Мақсаты: құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту. 2-тапсырма Берілгені : Триз технологиясының, «Коллаж» әдісі бойынша. Дәнді дақылдар мен қарақұмықты пайдалана отырып қарғаны аппликациялау. (қарақұмық және күріш)
|
Қарға, сауысқан, торғай тоқылдақ т.б
Балаларға түсінік беру.
Балалар тапсырманы зейін қойып тыңдап жұмбақтың шешуін табады. (Қарға)
(Торғай)
(Тоқылдақ)
Балалар құстар туралы тақпақ айтады.
-Шұғыла
-Бибінұр
-Ә.Айнұр
-Жания
-Айару
Балалар қайталап айтады
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.
шырылдайды, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды
Балалар коллаж әдісін қолдана отырып дәнді дақылдар мен шемішкімен берілген суреттегі қарғаны жапсырады
|
Рефлекстік Реакция Кезең |
Балаларға сұрақ қою арқылы оқу қызметін қорытындылау. Белсенді қатысқан балаларды мадақтау. |
-Иә,ұнады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыстайтын құстар туралы ойлау қабілеттерін дамытады.
Түсінеді: Құстарды айыруға үйренеді.
Игереді: Қыстайтын құстарды күтіп оларға қамқорлық жасайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген