Тақырыбы:
Қыстап қалған құстарға қамқорлық.
Білімділік
мақсаты: Құстардың
үй және дала құстары болып бөлінетінін,
олардың пайдасы, тіршіліктері жайлы
түсінігін қалыптастыру.
Түзетушілік
мақсаты: Сұрақтарға
толық жауап беруді қалыптастыру. Ой –
өрісін, зейінін, есте сақтау қабілетін
дамыту. Есту және көру арқылы қабылдауын
дамыту. Тыныс алу жаттығуы арқылы созып,
демді терең тартуды дамыту, ерін бұлшық
еттерін жетілдіру. Ұсақ қол моторикасын
жаттығулар арқылы дамыту.
Тәрбиелік
мақсаты: Құстарға
қамқор болуға, қорғауға, табиғатты сүюге
баулу.
Көрнекіліктер:
суреттер,
тақта, жұқа қағаздан қиылған құс пішіні,
пенопласт, жіп, бидай, ПВА желім, мақта,
салфетка.
Әдісі:
Сөздік:
түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,
практикалық: көрсету, нұсқау арқылы
орындату, бірігіп әрекет ету.
Ұйымдастыру
кезеңі. Релаксация (баяу әуенмен).
Көзіңді
жұмып, ыңғайланып отыр. Денеңді бос
ұстағ терең – терең дем ал. Ішіңнен
қайтала «Мен тынышпын», «Мен өзімді
жақсы сезінемін». Дене бұлшық еттерін
босатамыз, денемізге ауа кіреді, шығады.
Өзіңді аппақ қар астында елестет. Қар
қалың жауып тұр, жан- жақтың бәрі аппақ
түске боялған. Жаныңда достарың бар,
бірге аққала жасап, қар атысып ойнап
жатырсың. Табиғат өте керемет. Ауа таза,
күн суық. Достарыңмен қызықты ойын
ойнап, үйге қайттың. Көзіңді аш.
Негізгі
бөлім. Сабақ барысы.
Илияс,
қарашы ауада жіп тартылған, бұл әдемі
жіп бізді аспанмен жалғамақшы. Жіптен
нені байқадың? Бұл аппақ қарлар. Жылдың
қай мезгілінде қар жауады? (Жылдың қыс
мезгілінде қар жауады). Дұрыс айтасың,
қыс мезгілінде. Осы қыс мезгілінде
суыққатөзімді құстар қыстап қалады
екен. Ол қандай құстар екенін ойын арқылы
анықтайық.
«Құстарды
топтау» дидактикалық ойын.
Берілген
суреттерден үй және дала құстарын яғни
қыстап қалған құстарды топтату. Бұлар
неге үй құстары деп аталады? Үй құстарының
қандай пайдасы бар? (үй құстарының еті,
жұмыртқасы, жүні пайдалы. Жүнінен жастық
жасайды). Дала құстары немен қоректенеді?
(құрт-құмырсқалармен, жәндіктермен,
дәндермен, тамақ қалдықтарымен
қоректенеді). Сондықтан адамдар оларға
ұя және жемшашар жасап ағашұа іліп
қояды. Қыстап қалған құстар қайда
паналайды?
(Ағаш
қуыстарында, үйдің шатырларында және
қолдан жасалған ұяларда).
Құстар
бір – біріне несімен ұқсайды? (Құстар
бір- біріне қауырсындар жапқан, қанатымен,
құйрығымен, кеудесімен, аяғымен,
жұмыртқасымен ұқсайды).
Айырмашылықтары
неде? (Айырмашылықтары көлемінде: торғай
кішкентай, сауысқан үлкен; тұмсықтарында:
торғайдың тұмсығы кішкентай, сауысқандікі
үлкен; құйрықтарында: торғайдың құйрығы
қысқа, сауысқанның құйрығы ұзын;
түстерінде: торғай қоңыр түсті, сауысқан
ала).
Құстардың
пайдасы бар ма?(Құстар ағаштарды
қорғайды). Дұрыс айтасың ағаштарды
қорғайды, ал ағаштар ауаны тазартады.
Илияс,
сен құстар туралы тақпақ білесің бе?
Бізге айтып берші.
Торғай,
торғай, тоқылдақ
Жерден
тары шоқып ап.
Бөтегесі
бұлтиып
Тойған
қозыдай монтиып.
Торғай,
торғай, торғайсың
Жақын
келіп қонғайсың.
Жем
шашайын тойып ал
Сонда
торғай тоңбайсың.
САУСАҚ
ҚИМЫЛЫ жаттығуы
«Не
жоқ?» дидактикалық ойын.
Тақтаға
құстардың суреттері ілінеді, оларға
зейін қойып қарату және атату. Балаға
көзін жұмғызу, бір құстың суретін алып
тастау. Қай құс жоқ екенін сұрау.
«Құс
ұшыру» ойыны.
Жұмыстың
реті:
Түсті
қағаздардан дайын екі көлемді (үлкен,
кіші) дөңгелектер алу, (дөңгелектердің
пішінін, түсін, көлемін баладан сұрау).
Үлкен
дөңгелекті екіге бүктеу.
Кіші
дөңгелекті екіге бүктеп, екі жақ шетін
сыртқа қайыру, қанатқа ұқсату.
Үлкен
дөңгелекке тұмсық және құстың құйрығын
желімдеп бекіту. Қағазға желім жағу:
сол қолмен қағаздың жоғарғы жағын ұстап
тұру; оң қолмен желімді қағаздың
ортасынан шетіне қарай біркелкі етіп
жағып шығу.
Құстың
қанатын желімдеп бекіту.
Құстың
көзін желімдеп бекіту.
Дайын
құсты үстелдің шетіне қойып, демді терең
алып, демді ауыздан шығарып құсты үрлеп
ұшыру.
«Бөліктен
тұтас құрастыр» дидактикалық ойын.
Қиылған
бліктерден құстарды жинастыру (сауысқан,
торғай, қарға).
Сергіту
сәті.
Қане
қанат жазайық,
Қарлығаш
болып ұшайық.
Ұшып-
ұшып алайық,
Торғай
болып қонайық.
Орнымыздан
тұрамыз,
Қолды
белге қоямыз
Бір,
екі, үш
Көгершін
болып ұшамыз.
«Құстардың
дыбысы». Құстардың
қандай дыбыс шығаратынын зейін қойып
тыңдайық. Үн таспадан құстардың дыбысын
шығарып, балаға тыңдату, кай құстың
дыбысы екенін сұрау, дыбысты қайталату.
Иә,
бұл құстардың қарны ашқан болар біз
оларға жемшашар жасап берейік.
«Жемшашар
жасау».
Жұмыстың
реті:
Пенопласттан
екі дөңгелек қиып алу.
Дөңгелектерге
желім жағу, ортасына жіп салып
дөңгелектерді жабыстыру.
Дөңгелектің
екі жағына желім жағып, үстіне жеп шашу.
Қорытынды.
Илияс,
біз құстарға қамқор бола аламыз ба? Ол
үшін не істеу керек? (Ұяларындағы
жұмыртқаларына тиіспейміз, оларды
атпау керек, ұясын бұзбау керек, оларға
қыста жемшашар, ұя жасап беру керек).
Мадақтау.