Күні: 03-04.01.2019
ж
Сабақ
тақырыбы: Қыстық
ойындар
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік. Балаларға қыстық ойындар жайлы
жалпы түсінігін беру және ойындардың түрлерімен
таныстыру.
2.
Түзете-дамытушылық. Балалардың сөздік-логикалық
ойлауын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық есту қабілетін дамыту,
белсенді және енжар сөздік қорын молайту.
3.
Тәрбиелік. Балаларды ұқыптылыққа,
тазалыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық
материалдар: қыс мезгілінің суреттері,слайд
. т.б
Сабақ
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
- Баламен
сәлемдесу.
- Баланың назарын сабаққа
аудару.
II.Артикуляциялық
жаттығулар жасау.
1. Сағат
– Ауыз ашық. Тілімізді алға
шығарып, оңға-солға қозғалтамыз.
2. Ат шауып
келеді – Ауыз ашық. Тілімізді жоғарғы
таңдайға тақылдатамыз.
3. Тіс
тазалау–Ауыз ашық. Тілімізбен жоғарғы
және астыңғы тістерді тазалаймыз.
4. Қамыр
илеу - Ауыз ашық. Тісімізбен
тілімізді тістелейміз.
5.
Футбол - Ауыз жабық. Тілімізбен
ұртымызға батыра тигіземіз.
6.
Сылақшы - Ауыз ашық. Тілімізбен
жоғарғы таңдайды жалаймыз.
«Дыбысты тап»
ойыны
Ойын мақсаты: баллардың
фонетико- фонематикалық есту қабілетін
дамыту.
Ойын барысы: балалар бірнеше
дыбыстардың арасынан «л» дыбысын табуы
қажет.
Балалар қане мына асем
шарларға қарайықшы . Бұл шарларда әртүрлі көңіл – куй белгілері
берілген. Біз осы шардағы көңіл –күйлерге қарайық. Олар қуанып
тұрма? Алде ренжіп тұрма?
Ал бастайық. Біз осы көңіл –
күйлерді салып көрейік.
Мына шарда қандай көңіл-күй
белгісі берілген?
1.Ренжіп тұр. Оны қоқыс
жәшігіне тастайық. Ренжігенде біздің түріміз қандай болады? Біз
ренжиміз ба? Жоқ. Ренжіп тұрған көңіл –күйді қоқыс жәшігіне
тастайық.
2.Ал мына көңіл - белгісі ше
ол жылап тұр. Мұныда қоқыс жәшігіне тастайық.Ал біз жылаймыз ба,
балалар? Жоқ.
3.Ал мына көңіл куй қуанып
тұр. Оны біз қайтадан шарға іліп қоямыз. Себебі біз әрдайым қуанып
жүреміз.
4.Ал мына көңіл - күй күліп
тұр екен. Біз әрдайым күліп жүреміз бе? Иә. Біз әрдайым күліп
жүреміз.
ІІІ. Жаңа
сабақ
Сергіту
сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Біз тынығып алайық
Тынығып біз алған соң
Әсем сурет салайық
Бекіту.
Ойын. Доп қайда
жасырылған?
Бөлме ішінде допты орындықтың,
партаның немесе шкафтың жанына жасырып, доптың қайда жасырылғанын
балаға іздеп тапқызу қажет.
04.01
Сөйлеу демінің дамытуға
арналған «Ұшақтар ұшады» жаттығуы
Үстелдің үстіне ұшақтар
қойылады (қағаздан жасалған).
Балаларға ұшаққа үрлеуді
сұрайды, кімнің ұшағы жылдамырақ ұшады қараңдаршы? Беттіне үрлеуге
болмайды, ұшақ бір шығудан ұшуы қажет, ұшаққа бірнеше рет үрлеуге
болмайды.
Дауыс күшін дамытуға арналған
«Дыбыс» жаттығуы
- Дыбыс алдымен тыныш у-у-у
деп естілді
- Дыбыс қатты у-у-у деп естіле
бастады
- Дыбыс қатты у-у-у деп
естілді
IV.
Бекіту
«Төртінші артық»
дидактикалық ойыны
Ойын мақсаты: Баланың сөздік
–логикалық ойлауын, фонематикалық есту қабілетін, белсенді және
енжар сөздік қорын, ұсақ қол моторикасын
дамыту.
Көрнекіліктері: суреттер
(шана, шаңғы, коньки)
Ойын барысы: Баланың алдына
төрт сурет қойылады. Сол төрт суреттің ішінен артық бір суретті
тауып, атауын атап беруі керек.
V.Қорытынды. Баланы мадақтап, мақтап
ынталандыру сыйлығын беру.