400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қыстырғыш» , «жалғасын тап» ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

№3 «Қыстырғыш» , «жалғасын тап» ойыны



Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Геометриялық фигуралар

Салу.

Сынып: 1б

Күні:

Мектеп: Ақсай қаласы №3 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Байзенова Ж.З

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді)

Оқу мақсаты

3.1.1.2 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау

Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар білу керек: Геометриялық фигуралардың аталуын.

Көпшілігі: Заттарды түсі, пішіні, өлшемі бойынша салыстырады, топтастырады.

Кейбір оқушылар:Қоршаған ортадан сәйкес фигураларды тауып айта алады.


Бағалау критерийлері

- берілген геометриялық фигураларды ажыратады және тиісті түспен бастырып сызады.

Тілдік мақсаттар


Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш

Құндылықтарды дарыту

Бір-біріне достық көмек

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға ену, математика

АКТ қолдану дағдылары

Геометриялық фигураларды тақтада сызу.

Санамақты әншілермен бірге айта алу.

Бастапқы білім


Заттарды біріктіру, алу.









Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ертеңгілік шеңбер»

«Пішіндер» әнін бірге айту, көрсету

Айтылған пішіндерді қайталап шығу


ТShape4 Shape3 Shape2 опқа бөлу. Фигуралар арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу


ИТ



Сабақтың ортасы

5 минут






5 минут







5 минут




1 минут




4 минут




5 мин

1. «Қыстырғыш» ойыны «Қандай фигура қайталанып тұр? Қайталанып тұрған фигураны жіпке тізу

Пішіні бойынша – дөңгелек қайталанып тұр, себебі қалғандары – үшбұрыш, төртбұрыш.

түстері бойынша – жасыл үшбұрыш, себебі қалғаны – сары түсті.

2.Ойын «Жалғасын тап!» Тақтада:

Сары шаршы үлкен, ал ........

Қызыл шаршы кішкентай, ал .......

3. Қорытынды: Сонымен, «Геометрия» елінің тұрғындары кім екен?

Фигураларды атап беріңдерші.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Бүгін біз осы елдің жаңа тұрғындарымен танысамыз, оларды салыстырамыз да

ажыратуға үйренеміз.

2. Практикалық жұмыс. Жіппен жұмыс :

- Қатты тартсақ - жіп қандай болады? - түзу сызық

- Жіпті бос ұстасақ – жіп не істейді? - қисық сызық

- Екі шетін байласақ жіп неге ұқсайды? - тұйықталған сызық

- Байлағанды шешсек - жіппен не болады? - тұйықталмаған сызық

Тақтада жұмыс: түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды оқушылардың

өздеріне салғызу.

3. Қорытынды: «Геометрия» елінің маңызды тұрғындар – сызықтармен таныстық.

- Сызықтар қандай болады?

- Қалай ойлайсыңдар, олардың керегі неде?

- Олардың көмегімен не сызуға болады?

Маркерлік тақтаға фигураларды салғызу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша.


Сергіту сәті «Көңілді күн»

1.Оқулық бойынша жұмыс.

Заттарды пішіні арқылы салыстыр

Түсі арқылы

Өлшемі арқылы салыстыру

Сол жақтағы заттардың оң жақтағы заттардан айырмашылығын табу.

Сыныптан түстері бірдей затты, пішіндері бірдей затты, өлшемі бірдей заттарды табу. Дәлелдеу.

(Ө)Дәптермен жұмыс

Ғарыш кемесінің жүрген жолын сызық арқылы көрсету

Тақтадан





Таратпа материал




Интербелсенді тақта





Суреттер










Жұмыс дәптері

62-63-бет

Сабақтың соңы


5 минут

Топпен жұмыс:

Shape5 1топ – № 1

Shape7 Shape6





Фигураларды ажырату.




2 топ – № 2









3-топ- №3

түзу сызықтарды – қызыл қарындашпен, тұйықталған – сары түспен,тұйықталмаған – жасыл қарындашпен бастыр.

Ерте болған оқушыларға тапсырмалар беру.

Қанша көкөніс бар? барлығын тұйықталған сызық арқылы қос.


Таратпа материал

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Басқаларға көмектесу. Жұмыстарын тексеру. Топ басшысы рөлін атқару


геометриялық фигуралары ортақ белгілері (түсі, пішіні, көлемі)

бойынша топтастырады

Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау

Сергіту сәті


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі