Материалдар / Қыстырма сөз.

Қыстырма сөз.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
854
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы:Қыстырма сөз.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі;

Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен

қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.

ә) дамытушылығы;

Баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар орындау арқылы

дамыту. Шығармашылық қабілетін,байқағыштық қабілеттерін,сөздік

қорларын дамыту.

б) тәрбиелігі;

Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,тірек сызба,топпен жұмыс,логикалық тапсырмалар.

Сабақтың құрал-жабдықтары, көрнекілігі:

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың барысы:

I Кіріспе бөлім: а) Ұйымдастыру кезеңі; (Сәлемдесу)

Хормен: Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге

Бас иіп бүгін бәріміз.

ә) Психологиялық дайындық;

б) Сабақтың топтық сайыс түрінде өтетінін хабарлау;

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу. Қатты, сабырлы.

ІІІ Оқулықпен жұмыс

57-жаттығу: Сөйлемдерді оқы.

-Қарамен жазылған сөздер сөйлемиге қандай мағына үстеп тұр?

-Сөйлемдерді қарамен жазылған сөздерсіз айтып көр.

-Не байқадың? Олар сөйлем мүшесі бола ала ма?

Ереже шығару:

Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер бар. Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп атайды: Мүмкін, ол бүгін келіп қалар. Оның ойынша, сара-ақылды қыз.

Шығармашылық тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөзді тауып қойып, оны тыныс белгісімен толықтырып жазу.

Біз, шынында, байқамай қалыппыз.

Қыстырма сөз

Меніңше, Сара мәреге бірінші боп жетеді.

Мұражайға, сірә, ертең барармыз.

Бәсе, өзім де осылай болар деп ойлап едім

Сірә сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Өздері сөйлем мүшесі болмай-

тын,бірақ сөйлемде айтылған ой-

ға сөйлеушінің түрліше көзқара-

сын білдіретін сөздер





Сеніммен



Жорамалмен

Күдікпен







Төмендегі кесте арқылы қыстырма сөз туралы түсінік беруге болады:

Мағынасы

Мысалдар:

Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіреді.

Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы.

Сенуді немесе жорамалдауды білдіреді

Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді

Мүмкін, ол бүгін келіп қалар.

Айтылған ойға айтушының көзқарасын білдіреді т.б.

Меніңше, ол - өте жақсы адам.

Қарттардың айтуына қарағанда, биыл қыс қатты болады.


58-жаттығу: ауызша орындалады.

59-жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қыстырма сөздердің астын сыз. Олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын келесі беттегі сызбаның көмегімен түсіндір.

Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Биыл, несің айтасың, егіннің шығымы өте жақсы! Егіс биыл, біздің бақытымызға қарай, тамаша жеңіспен аяқталды. Қазақстан қазір, қысқасы, дүние жүзі түгел таныған ел болды. Меніңше, бұл-өте мықты адам.

Сергіту сәті:

«Сәйкестендір» ойыны.
1. Демек, кітапханаға таңертең барамыз ғой.
2. Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.
3. Сен, әуелі, есебіңді шығар.
4. Айтпақшы, мен ертең жол жүргелі жатырмын.
5. Бүгін жаңбыр жауады - ау, шамасы.

III Қорытынды бөлім: Жаңа сабақты бекіту.

Пысықтау сұрақтарын беру.

- Қыстырма сөз дегеніміз не?

- Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?

- Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?

(мысал келтір)

IV Үйге тапсырма беру: Ереже жаттау,60-жаттығу.

V Оқушылар білімін бағалау: мадақтау.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ