400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыстырма сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қыстырма сөздер
Қазақ тілі 4 сынып
Тақырып: Қыстырма сөздер
Сілтеме: Қазақ тілі
Мақсат: Қыстырма сөздер туралы түсініктерін кеңейту
Білімділік: Қыстырма сөздер қолдану және оның мағынасын ұғыну;
Дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы сөздік қорларын дамытып, сөздердің мағыналарына қарай орнымен қолдануға дағдыландыру;
Тәрбиелік: сөз мағынасын түсіне білуге, сауаттылыққа тәрбиелеу:
Міндеттер
Күтілетін нәтиже Қыстырма сөздерді қолданып және оның мағынасына қарай ажырату, іс - жүзінде сауатты жазуға, сөйлеуге дағдыландыру
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі Жеке дара, жұптық, топтасу.
Технология Жеке тұлғаға бағыттап оқыту. СТО, құзіреттілік

Тапсырма
1. Көркем жазу (5 мин)
2. Слайдпен жұмыс. Сөйлемдерді анықтау (3 мин)
3. Синтаксис туралы сұрақ - жауап арқылы тексеру (2 мин)
4. Слайд (Синтаксис дегеніміз не?) (1 мин)
5. Сабаққа мақсат қою (2 мин)
6. 1 - деңгейдің тапсырмасын орындау. Бағалау. Талдау. (5 мин+2 мин)
7. 2 - деңгейдің тапсырмасын орындау. Бағалау. Талдау. (5 мин + 2 мин)
8. 3 - деңгейдің тапсырмасын орындау. Бағалау. Талдау. (5 мин + 2мин)
9. Топпен жұмыс. (5 мин+2мин)
10. Спикердің бағалауын тыңдау
11. Әр деңгей бойынша әр оқушының бағаларын анықтау, ортақ бағаларын жариялау.
12. Қорытынды. Не білдік? Не үйрендік? Нені білгіміз келеді?
13. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал

Көркем жазу
Қан сонар – бірінші жауған қар ( сонар – алғашқы қар) Сонар қар деп те айтылады.
Қан сонарда бүркітші аңға шығады.
Тұсаукесер
Аязды күні қала сыртына серуендегенге не жетсін! Қанша қымтасаң да беті - қолың домбығып, тызылдап кетеді. Сондай бір серуеннен темір жол бойын жағалап келе жатыр едім, көлденең кесілген бір ізге көзім түсті. Меніңше, мынау құс жолы ғой. Мен қуандым. Көптен бері мұндайды көрмеп едім.

Синтаксис туралы білгендерін тексеру.
Синтаксис сөйлем түрлерін, олардың жасалу жолдарын, сонымен бірге сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін, олардың мағыналары мен жолдарын қарастырады.

Сабақтың мақсаты
Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
Әр баланың бүгінгі сабаққа қойған мақсатын тыңдау

1 - деңгей
Бет 76, 58 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сыз.
Болашақта дәрігер боламын, бәлкім. Жалпы алғанда, біздің сынып жаман емес. Осының бәрін ол, әрине, жалғыз істей алмайды. Сіздіңше, менің бұл қылығым дұрыс емес.

Қорытынды
Әр бала өз тапсырмасына қорытынды бағасын, көңіл - күйін белгілеп, бағасын қояды.
Сергіту сәті
«Қаражорға»

2 - деңгей
Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз. Қыстырма сөздердің астын сыз.
Амал қанша сен дұрыс айтып тұрған жоқсың. Осының бәрі әрине бір жыл ішінде істелген жұмыстар емес. Меніңше бәрі ойдағыдай болды. Мүмкін бұл сіздің оған көмегіңіз болар. Олай болса сіз осы мектептің директоры боларсыз? Біріншіден оның айтқанын саралау керекпіз.

Қорытынды
Әр бала өз тапсырмасына қорытынды бағасын, көңіл - күйін белгілеп, бағасын қояды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі