400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысым. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Физика


Мектеп: Балқаш қаласы

ЖББ №9 орта мектебі

Сыныбы: 7ә

Күні: 22.01. 2020 жыл


Мұғалімнің аты - жөні:

Алтаева Гульфархад Хамиевна

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қысым

Сабақ тақырыбы

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;

7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар біледі:

  • газ, сұйық қысымын молекулалық құрылымын түсіндіреді;

  • қысым анықтамасын біледі;

  • Паскаль заңын тұжырымдайды

Көптеген оқушылар біледі:

  • газ, сұйық қысымын молекулалық құрылымын түсіндіреді;

  • Паскаль заңын тұжырымдап, сапалық тапсырмаларға жауап бере алады

Кейбір оқушылар біледі:

- сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын қорытып, оны есептер шығаруда қолдана алады ;

- теориялық білімдерін қолдана отырып, өз тұжырымдарын дәлелдей алады;

- өмірмен байланыстырады

Бағалау критериі Shape1

- газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіреді;

  • сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығарады;

  • оны есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар




№

қазақша

орысша

ағылшынша

1

қатты

твердый

solid

2

Сұйық

жидкий

liguid

3

Газ

газ

gas

4

қысым

давление

pressure

5

биіктік

высота

height

6

тығыздық

плотнось

density



Құндылықтарды дарыту





Индустриялaндыру мeн иннoвaциялaрғa нeгiздeлгeн экoнoмикaлық өсу жәнe жaлпығa бiрдeй eңбeк қoғaмы құндылықтaрын нeгiзгe aлу.Тeхникaдaғы aсa iрi жeтiстiктeр, aсa қуaтты қoзғaлқыштaр турaлы түсiнiк бeрe oтырып oқушылaрды бiрiгiп жұмыс жaсaуғa , aуызбiршiлiккe, жoғaры жeтiстiктeргe қoл жeткiзугe тaлпынуғa тәрбиeлeу.

Пән аралық байланыс

экология

АКТ-ны қолдану дағдылары



Қосымша білім



Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)



Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут
























«Сандықтағы сұрақтар»

4 минут

Ұйымдастыру кезені.

  • Оқушыларды түсті асықтармен топқа бөлу.

  • Жағымды ынтымақтастық ахуал орнату.

Балалар мен сіздерге сәттілік тілеймін!!!
- бір - бірлеріңізбен белсенді түрде ақпарат алмасыңыздар;
- бірлесе отырып шешімге келіңіздер;
- қорытындыны бірге шығарыңыздар;
Естеріңізде болсын!!!
Жұмыстың жалпы нәтижесі әр қатысушының қосқан үлесіне байланысты болады!
Бәрі сіздердің қолдарыңызда!!!


Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы сұрау арқылы оқушыларды диалогқа түсіру.

1.Қысым деп нені айтады?

2.Қысымды қалай анықтайды? ( формуласы)

3.Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

4.Қысымды арттырып немесе кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу керек?

5. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?

6.Сендер шеге кереуетте жата аласыңдар ма?

Дескриптор

  • Қысымның анықтамасын береді, формуласын түсіндіреді, бірліктерін айтады ;

  • Қысымды арттыру, кеміту үшін не істеу керектігін айқындайды ;

  • Шеге кереуетті түсіндіреді




Picture 2

Сабақтың ортасы

5 минут









3 минут





























4 минут







































3 минут

























8 минут































3 минут











































5 минут






Кітаппен жұмыс: «Еркін әңгіме»

Сабақ жоспары:
1.Қатты, сұйық, газдардың барлық қасиеттерінің олардың құрылысына байланыстылығы
2. Газдардағы қысымның берілуі
3.Сұйықтардағы қысымның берілуі
(Паскаль заңы)
4. Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару

  1. тапсырма:

Газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады.

Жасап көр...
Балалардың ауа шарының шар тәрізді қабығын алыңдар да, торситып үрлеңдер. Қабықтың пішіні мен өлшемдерінің қалай өзгеретінін байқаңдар. Байқаған құбылысты түсіндіріңдер.

Дескриптор

  • газдарда қысымның барлық жаққа бірдей таратылатынын түсіндіреді;

  • мысалмен көрсетеді

Бағалау

Жеке: мадақтау, жақсы, тамаша, жарайсың!

Түрлі, түсті асықтар арқылы бағалау

Топты: түсті стакандар арқылы

2 - тапсырма:

А)Сұйықтар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады

Керекті құралдар: Екі шриц 20 г., жалғағыш түтікше, су.

Екі шрицті түтікше арқылы жалғап, ішіндегі сұйықтықтың ауысып жүргенін бақылауға болады. Себебін түсіндіріңіз.....

Б)Паскаль шары. Паскаль заңының тұжырымдамасы.

Жасап көріңіз...

Керекті құралдар: резеңке қолғап, су.

Резеңке қолғапқа су толтырып, аузын бекітіп, инемен тесеміз. Сонда судың барлық жаққа шапшығанын бақылауға болады: Себебін түсіндір...

Дескриптор

  • сұйықтарда қысымның барлық жаққа бірдей таратылатынын Паскаль заңы арқылы түсіндіреді;

  • Паскаль шарының жұмыс істеу қызметін айтады;

  • мысалмен көрсетеді

Бағалау

Жеке: мадақтау, жақсы, тамаша, жарайсың!

Түрлі - түсті асықтар

Топты: түсті стакандар



3 -- тапсырма:

Төмендегі кестені толтыр:

Қысымның берілу бағыты

Қатты денелерде

Сұйықтарда

Газдарда








Дескриптор

  • қатты денелерде қысымның берілу бағытын кестеге жазады

  • сұйықтарда қысымның берілу бағытын кестеге жазады

  • газдарда қысымның берілу бағытын кестеге жазады

Бағалау

Жеке: мадақтау, жақсы, тамаша, жарайсың!

Түрлі - түсті асықтар

Топты: түсті стакандар

4 – тапсырма. “Ойлан, жұптас, бөліс?”
Есептер шығару
№1. Цистернадағы мұнай бағанының биіктігі 10 м. Мұнайдың цистерна түбіне түсіретін қысымын анықтаңыздар. (ρ (мұнай) = 800 кг/м3 )
№2. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есептеңіз.Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.
№3. Судың 6 м тереңдіктегі қысымын табыңыздар. (ρ (су ) = 1000 кг/м3)
№4. Сынаптың 5 м тереңдіктегі қысымын табыңыздар. (ρ (сынап) = 13600 кг/м3 ):

Дескриптор

  • есептің шартын дұрыс жазады
    - формуланы дұрыс талдайды

    - ХБЖ жүйесіне айналдырады

    - есептің мәнін шығарады

Бағалау

Жеке: мадақтау, жақсы, тамаша, жарайсың!

Түрлі - түсті асықтар

Топты: түсті стакандар

5- тапсырма (Жасырылған сөздерді таба отырып, орысшаға, ағылшыншаға аударамыз)
Сөзжұмбақ «Қысым»
1. Заттың үш күйінің бірі (қатты – твердый - solid)
2. Заттың үш күйінің тағы бір түрі
(Сұйық- жидкий - liguid)
3. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (
атмосфера –атмосфера - atmosphere)
4. Бір өлшем көлеміндегі заттың массасы (
тығыздық – плотность – density)
5. Күшті өлшейтін құрал
(манометр – манометр - manometers)









қ









ы










с









ы










м






Дескриптор

  • сөзжұмбақтағы жасырынған сөздерді табады

  • ұяшықтарды толтырады

  • табылған сөздерді орысша, ағылшыншаға аударады

Бағалау

Жеке: мадақтау, жақсы, тамаша, жарайсың!

Түрлі - түсті асықтар

Топты: түсті стакандар

6 - тапсырма. «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап»
1. Келесі құбылыстардың қайсысы Паскаль заңымен түсіндірілмейді:
а) Сабын көпіршігінің пішіні шар тәрізді болады;

ә) пішіні әр түрлі болып келген ыдыстарға сұйық құйылған;

б) футбол добы камерасының ішіне ауа үрлегенде, оның пішіні шар тәрізді болады.
2. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес:

а) сұйық бағанының биіктігіне,

ә) ыдыстың пішіні мен түбінің ауданына,

б) сұйықтың тығыздығына.
3. Бірдей бес ыдыс бар.Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған.Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп, ең аз, бірдей қысым түсіреді.
4. Газдың көлемін тұрақты етіп алып қыздырса, оның қысымы температура жоғарылағанда қалай өзгереді? Себебін түсіндір?
5.Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерде бірдей бола ма, неге?

Дескриптор

  • Паскаль заңына бағынбайтын құбылысты түсіндіреді ;

  • сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы айтылған шамаларға тәуелді емес екендігін табады ;

  • ыдыстағы сұйықтықтардың ыдыстың түбіне ең аз, ең көп қысым түсіретінін айқындайды ;

  • газ қысымының көлемге, температураға тәуелділігін түсіндіреді ;

  • Үлкен ыдыстағы газ қысымының барлық нүктелерінде қалай болатынын түсіндіреді

Бағалау

Жеке: мадақтау, жақсы, тамаша, жарайсың!

Түрлі - түсті асықтар

Топты: түсті стакандар



Менің келесі сиқырым...

Стақанды сумен лық толтырыңдар. Бетін бір парақ қағазбен жабыңдар. Қағазды қолмен мықтап басып тұрып, стақанды қол жуғыштың үстіне тексеріңдер. Егер қолды қағаздан тартып алсаңдар, стақандағы су төгілмейді. Қағаз стақанның жиегіне жабысқан сияқты болады. Қағаз ауа қысымының арқасында сол күйінде қала береді.

























Рисунок 8















































































































































































































































































Picture 1

Сабақтың соңы

3 минут



















Үйге тапсырма беру.

Рефлексия пирамидасы

  1. Есте сақтайтын бір маңызды мәлімет.

  2. Менің көбірек білгім келетін екі мәлімет.

  3. Мен білген үш мәлімет.

  4. Мен үйренген төрт мәлімет.



"Бүгінгі сабақтан алған тамшыдай біліміміз, болашақта білім теңізіне айналсын" - деп қорытындылаймын.





§24 Мазмұндау. Сұрақтарға ауызша жауап беру.4.2 – жаттығу(4)











Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау







Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?


Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?




















Жалпы білім беретін №9 орта мектеп

Тексерілді _______________

Д . К. Шакирова













Пәні : физика

Сабақтың тақырыбы:

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы















Дайындаған: физика пәнінің мұғалімі Алтаева Г. Х.

















Балқаш 2020 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі