400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қуырдақтың да қуырдағы бар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қуырдақтың да қуырдағы бар білім алушыларға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ

14 КОЛЛЕДЖ МКҚК









БАЯНДАМА







Тақырыбы:



Қуырдақтың да қуырдағы бар









Дайындаған:



Оқу өндірістік шебері Дедов Александр Сергеевич





























Атакент кенті 2019 ж





Қуырдақтың да қуырдағы бар



Әдетте қуырдақ жаңа сойылған төрт түлік етінен жасалады. Осыған ұқсас ет тағамы басқа да ұлттарда, мысалы, қырғызда, өзбекте және түрікменде бар.

Қуырдақ.











Қуырдақтың мынадай түрлері бар: бал қуырдақ, жоңқа қуырдақ, картоп аралас, қара қуырдақ, соғым қуырдақ және үкпе қуырдақ. Сонымен бірге уақ малдың жас төлінің немесе қозының етінен сірне, сырбаз дайындайды. Сүттен ажырамаған мал етінен жасалған қуырдақ жұмсақ әрі жабысқақ болады.

Қуырдақты мынадай қарапайым тәсілмен дайындайды: жас етті майдалап турайды да, қазанда қыздырылып тұрған сұйық майға қуырады. Кей жағдайда малдың өзінің майына да пісіреді. Қуырдаққа әуесқой адам малдың құйрық майын, іш майды және қазы майын да қосуы мүмкін. Ет қуырылып жатқанда өкпені дайындай беру керек. Өкпенің бір кесегі дұрыстап жуылып, пісіруге қойылады. Қайнағаннан кейін суын төгіп тастайды, тағы да жақсылап жуып, үстіне ыстық су құйып, 20-25 пісіреді. Одан алып, тағы бір рет жуып, ұсақтап турайды.

Фото:

Бауырдың ащы дәмін жою үшін және қабықшасын жеңіл алу үшін оны алдын ала сүтке салып қоюға болады. Жүректі дұрыстап жуып, ұсақтап турап, етпен және өкпемен бірге майға қуырады. Пиязды ұсақ дөңгелектеп кесіп, қазанға салады. Осының бәрін 10-15 минут қуырады, содан кейін қазанға бір стақан ыстық су құйылады. Кейін от азайтылып, қазан қақпақпен жабылып, сағатқа жетер-жетпес уақыт бұқтырылып пісіріледі. Бұл кезде қазанға ұсақталған картоп пен сәбіз де қосуға болады. Сонда қуырдақ түгел жұмсақ болып піседі.

Фото:

Бұдан соң тағамға тұз салынады, қарабұрыш қосылады, лавр жапырағын қосуға болады. Қазанға бауыр соңынан салынады, өйткені ол тез піседі. Қуырдақ араластырылып, тағы 10-15 минут бұқтырылады.

Қуырдақ.

Тағам үстелге ыстық күйінде қойылады.

Қуырдақ түрлері:

Бал қуырдақ. Жас малдың немесе жұмсақ етті майға емес, пісірілген сүттің бетіндегі қаймаққа қуырады.

Жоңқа қуырдақ. Оны негізінен тоңазытқышта сіресіп қатып тұрған соғым еттен дайындайды. Мұз болып сіресіп тұрған етті пышақпен немесе балтамен жұқалап, жаңқа сияқты етіп жонып алады. Жоңқа етті бірден қазандағы майға салып, қуыра беруге болады.

Картоп қосылған қуырдақ. Қуырдақтың бұл түріне картоппен бірге томат, лавр жапырағы, бұрыш, аскөк және басқа да дәмдеуіштер қосылады.

Қара қуырдақ. Малдың іш құрылысынан, яғни өкпе, жүрек, бүйрек және бауырдан қуырылады. Бауыр дайындалып жатқан қуырдақтың реңін қарайтып жіберетіндіктен бұл тағам “қара қуырдақ” деп аталады.

Үкпе қуырдақ. Қуырдақтың ең қарапайым дайындалатын түрі: ұсақтап туралған етті суға салмай-ақ бірден майға қуырады.

Соғым қуырдақ. Бұл – қуырдақтың төресі. Көбіне ірі мал сойылғанда немесе соғым сойылғанда қасапшыға, ішек-қарын тазаласып көмектескен адамдарға дайындалатын ас. Қуырдақтың бұл түрі жылқының, ірі қараның немесе түйенің мойын етінен, мүшеленгеннен қалған басқа да еттен және өкпе мен бауырдан жасалады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі