400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қуыршақты серуенге киіндірейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қысқы киімдер туралы жалпы түсінік беру. Былғары мен жүннің қасиеттері туралы білімдерін толықтыру. Жазғы киімдерді қысқы киімдерден ажырата білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастыруылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:.

Тәрбиеші:

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақты серуенге киіндірейік»

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, миға шабуыл

Көрнекілігі: суреттер, қуыршақ, киімдер

Сөздік жұмыс: етік, тон, жейде

Билингвалды компонент: қуыршақ-кукла, киім-одежда

Мақсаты: Балаларға қысқы киімдер туралы жалпы түсінік беру. Былғары мен жүннің қасиеттері туралы білімдерін толықтыру. Жазғы киімдерді қысқы киімдерден ажырата білу.

Мотивациялық қозғаушылық: Амандасу рәсімі.

Шаттық шеңбері

.Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер ше? Ендеше өз қуанышымызды жылы лебізімізбен білдірейік

-Деніміз сау болсын!

-Ата-анамыз аман болсын!

-Сені көргеніме қуаныштымын т.с.с

(Балалар кезекпен өз лебіздерін білдіреді)

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Балалар: Қар жауады, күн салқын болады, сулар қатып мұз болады, боран соғады т.с.с

Тәрбиеші: Далада жылы ма, әлде суық па?

Балалар: суық

Ұйымдастырушылық-ізденістік: Осы кезде топқа қуыршақ келеді. Балалар қуыршақ амандасады.

Қуыршақ: Балалар сендердің маған көмектерің керек болып тұр. Мен далаға серуенге шығайын деп едім. Қандай киім кисем болады? Маған киім таңдауға көмектесесіңдер ме? Балалар қуыршақ айгүлге көмектесуге ниет білдіреді. Балалар олай болса мына киімдердің ішінен қысқы киімдерді таңдап алайық.

Киімдер: тон, етік, жейде, шорты, қолғап, құлақшын, көйлек, т.с.с Балалар қысқы киімдерді топтастырады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!Ал енді осы киімдерді сипаттайық. Тон не үшін керек?

Балалар: Сыртқа шыққанда тоңбас үшін.

Қуыршақ: Қолғап ше?

Балалар: қолымыз тоңбас үшін.

Тәрбиеші: Етіктің қандай пайдасы бар?

Балалар: Етік кисек аяғымыз тоңбайды.

Тәрбиеші: Далаға шығарда бірінші не киеміз? Бірінші қолғап кисек, сосын қалған киімдерді кие алмаймыз ғо.

Мысалы: түймемізді қадай алмаймыз, етігіміздің сырмасын сала алмаймыз.

Сөздік жұмыс: етік, тон, жейде

Билингвалды компонент: қуыршақ-кукла, киім-одежда Балалар қысқы киімдер жүн мен былғарыдан жасалады. Олар өте жұмсақ әрі жылы болады. Одан жасалған киімдер жылы болғандықтан тоңдырмайды. Бізбен бірге серуенге Олжас пен Аяжан барғысы келеді. Олардың үстінде көйлек пен жейде бар екен. Осы киімдермен серуенге шыға ала ма? Ендеше оларға киім таңдап берейік. Балалар қысқы серуенге киіп шығуға болатын киімдердің аттарын атай отырып, оларды таңдап алады. Әр киімнің түр-түсін ажыратып айтып береді. Қай киім не үшін керек екенін айтады. Балаларды топқа бөліп тапсырма беру.

Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап» Балалар берілген киімдердің сыңарын тез тауып орнына қояды.

Киімдер: етік, қолғап, шұлық,

Берілген бөліктерден киімдер құрастыру. Шалбар, көйлек, жейде.

Рефлексифтік-жинақтаушы: Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Қуыршақ біздің топтың балаларына ризасың ба? Олардың саған көмегі тиді ме?

Қуыршақ : Рахмет балалар! Сендердің арқаларыңда мен қысқы және жазғы киімдерді ажырата білемін. Сау болыңдар! Келесі кездескенше. Балалар қуыршақ қоштасады.

Тәрбиеші: Балалар бүгін не туралы білдік? Қысқы киімдер неден жасалады екен? Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сендерге ұнады ма? Көңіл-күйлерің қандай? (смайликпен көрсету) Балаларды марапаттау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.10.2020
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі