Білім беру
саласы: «Қатынас»
Білім
бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
дидактикалық
ойын «Қуыршақты серуенге киіндіру»
Мақсаты: Балалардың
қыс белгілері туралы білімдерін бекіту:
қар жауады, дала суытады, адамдар жылы киінеді. Байқаушылықты
дамыту. Киім кию реттігін есте ұстауға үйрету, эстетикалыққа
тәрбиелеу.
Қолданатын
әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері,
сұрақ-жауап, көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сергіту жаттығуы.
Қолданатын көрнекі
құралдар: Қуыршақ, қуыршақтың жылы киімдері
(құлақшын, тон, бөкебай, етік, биялай), сюжеттік сурет
«Қыс көрінісі», сиқырлы
қорап.
Ойын қызметінің
барысы:
Балалар бүгін біздің топ үшін ерекше күн! Бүгін бізге қонақтар
келіпті, қане амандасайық.
- Амандасады.
Балалар, мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Шаттық
шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ
таратты.
Қайырлы таң,
балалар.
Қайырлы таң, қонақтар.
- Балалар, ал енді мына суретке қарайықшы, қай жыл мезгілі
бейнеленген?
Қыс!
Қыстың белгілерін атайық:
Қар жауады, күн суытады, су мұз айдынына айналады.
Ал адамдар қалай киінеді?
Жылы киім киеді.
Ал енді....
Бұл кезде әуен шырқайды, қуыршақ Әйгерім бөлмеге кіреді. Көңіл-күйі
жоқ.
Балалар, бізде тағы да бір қонақ – ол қуыршақ. Қане, амандасайық
онымен!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қуыршақ Әйгеріммін.
Қуыршақтың көңіл-күйі жоқ екен. Неліктен деп сұрайықшы?
Иә, сұрайық!
Қуыршақ, саған не
болды?
Балалар, қуыршақ
серуенге осылай шығамын деп тоңп
қалыпты.
Әрине! Далада қыс. Далаға шыққанда біз қалай киінеміз? Жылы.
Қуыршақ жылы киіну білмейді екен.
Балалар, қуыршаққа
көмектесеміз бе?
Иә!
Олай болса, қане, бірінші
бойымызды сергітіп алайық
Сергіту
сәті.
Серуенге барамыз
Құлақшынды
аламыз
Үстімізге тон
киіп
Бөкебайды байлаймыз
Енді етік киеміз
Бір етік, екі етік
Серуенге барамыз...
Жарайсыңдар балалар, біз
серігіп алдық. Енді қуыршақты серуенгешығаруға киіндірейік.
Ол үшін менде сиқырлы сандық
бар!
Қане, ашып
көрейік.
Бұл не? Киім /құлақшын, биялай, пима,
тон/
Ал енді, балалар, өзіміз қалай киінетімізді қуыршаққа
көрсетейік!
Жарайсыңдар! Көрдің бе Қуыршақ , қалай біздің балалар серуенге
киінеді? Саған ұнады ма?
Балалар,
қуыршаққа
өте
ұнапты.
Енді киімдерді алып, қуыршаққа серуенге киінуге көмектесейік!
Біріншіден, нені кигіземіз? Құлақшын /Бала әпереді – қуыршақ үстіне
киеді/
Содан кейін? Тон
Тоннан кейін нені кигіземіз? Аяғына пима немесе етік
Ең соңғы кигізетініміз ол не? Биялай мен бөкебай
Бәрекелді! Қуыршағымыз серуенге дайын!
Рахмет сендерге балалар! Ризашылығымды білдіріп, мен сендерге
сыйлық сыйлағым келеді!
Сөмкесінен алып шығып, балаларға таратады
Енді балалар бәріміз қуыршақпен бірге серуенге шығайық. Бірақ
алдымен қонақтармен қоштасайық! Бәріміз бірге айтайық– Көріскенше
күн жақсы, сау саламат болыңдар!