Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қуыршақты серуенге киіндіреміз Кенжекеева Майра Кадырбековна

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы дидактикалық ойын «Қуыршақты серуенге киіндіру»

Мақсаты: Балалардың қыс белгілері туралы білімдерін бекіту: қар жауады, дала суытады, адамдар жылы киінеді. Байқаушылықты дамыту. Киім кию реттігін есте ұстауға үйрету, эстетикалыққа тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сергіту жаттығуы.

Қолданатын көрнекі құралдар: Қуыршақ, қуыршақтың жылы киімдері (құлақшын, тон, бөкебай, етік, биялай), сюжеттік сурет «Қыс көрінісі», сиқырлы қорап.

Ойын қызметінің барысы:
Балалар бүгін біздің топ үшін ерекше күн! Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық.
-
Амандасады.
Балалар, мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар.

Қайырлы таң, қонақтар.

- Балалар, ал енді мына суретке қарайықшы, қай жыл мезгілі бейнеленген?
Қыс!
Қыстың белгілерін атайық:
Қар жауады, күн суытады, су мұз айдынына айналады.
Ал адамдар қалай киінеді?
Жылы киім киеді.
Ал енді....
Бұл кезде әуен шырқайды, қуыршақ Әйгерім бөлмеге кіреді. Көңіл-күйі жоқ.
Балалар, бізде тағы да бір қонақ – ол қуыршақ. Қане, амандасайық онымен!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қуыршақ Әйгеріммін.
Қуыршақтың көңіл-күйі жоқ екен. Неліктен деп сұрайықшы?
Иә, сұрайық!
Қуыршақ, саған не болды?
Балалар, қуыршақ серуенге осылай шығамын деп тоңп қалыпты.
Әрине! Далада қыс. Далаға шыққанда біз қалай киінеміз? Жылы. Қуыршақ жылы киіну білмейді екен.

Балалар, қуыршаққа көмектесеміз бе?
Иә!

Олай болса, қане, бірінші бойымызды сергітіп алайық


Сергіту сәті.
Серуенге барамыз

Құлақшынды аламыз

Үстімізге тон киіп

Бөкебайды байлаймыз
Енді етік киеміз
Бір етік, екі етік
Серуенге барамыз...

Жарайсыңдар балалар, біз серігіп алдық. Енді қуыршақты серуенгешығаруға киіндірейік.
Ол үшін менде сиқырлы сандық бар!

Қане, ашып көрейік.
Бұл не? Киім /құлақшын, биялай, пима, тон/
Ал енді, балалар, өзіміз қалай киінетімізді қуыршаққа көрсетейік!


Жарайсыңдар! Көрдің бе Қуыршақ , қалай біздің балалар серуенге киінеді? Саған ұнады ма?
Балалар, қуыршаққа өте ұнапты.
Енді киімдерді алып, қуыршаққа серуенге киінуге көмектесейік!
Біріншіден, нені кигіземіз? Құлақшын /Бала әпереді – қуыршақ үстіне киеді/
Содан кейін? Тон
Тоннан кейін нені кигіземіз? Аяғына пима немесе етік
Ең соңғы кигізетініміз ол не? Биялай мен бөкебай
Бәрекелді! Қуыршағымыз серуенге дайын!

Рахмет сендерге балалар! Ризашылығымды білдіріп, мен сендерге сыйлық сыйлағым келеді!
Сөмкесінен алып шығып, балаларға таратады
Енді балалар бәріміз қуыршақпен бірге серуенге шығайық. Бірақ алдымен қонақтармен қоштасайық! Бәріміз бірге айтайық– Көріскенше күн жақсы, сау саламат болыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
594
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12