400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қыз – өмірдің қызғалдағы!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем аруы байқауын балабақша бүлдіршіндері арасында ұйымдастыруға өте ыңғайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қыз – өмірдің қызғалдағы!»


Мақсаты:

 Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу.

 Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және бүлдіршіндер! 8 наурыз аналар мерекесі құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!

Құттықтау сөз кезегін «Ақтоты» балабақша меңгерушісі Венера Сәуірбайқызына береміз.

               

               Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

                                      Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

                                      «Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

                                       Қапысыз қалай айтқан қайран бабам-дегендей бүгінгі ертеңгілігімізді басты бөлімі «Күншуақ» топ аруларының «Көктем аруы» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Шалқытып мерекеде ән салайық,

                                        Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

                                        Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

                                        Әділқазы алқасымен танысайық. Бүлдіршін аруларымызды ортаға шақырмас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтелік.

1.

2.

3.

                  Мың бұралған арулар билей басып,

                                        Келеді міне ортаға толқып тасып.

                                        Аруларын сыйлаған халқым менің,

                                        Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

1.Дильназ Қайырболатқызы

2.Назерке Ануарбекқызы

3.Дильназ Қабешова

4.Гүлназ Шыныбекқызы

5.Айнұрлы Асылбекқызы

6.Ақнұр Юрийқызы

7.Нұрдана Рауанқызы

8.Аягүл Ержанқызы

Құрметті көрермен ару қыздарымызға қошемет көрсетейік!


Сайысымызды бастамас бұрын шарттарымен таныстырып өтейін.Сайыс 6 шарттан тұрады.

                                         1. «Тегін білу тектілік» (таныстыру)

                                         2. «Қыздарға әсемдік жарасады» (сән киім үлгілері Экибана)

                                         3. «Шебердің қолы ортақ» (үй тапсырмасы)

                                         4. «Білім қымбат-білу қиын» (сұрақ-жауап)

                                         5. «Өнерлі бала-сүйкімді»

6. «Дәм-думан» (сүйікті тағам)-олай болса ару бүлдіршіндерімізге сәттілік тілейік!

                     

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.деп сайысымыздың І шарты «Тегін білу тектілік» деп аталады,бүлдіршіндеріміз өздерін таныстырып өтеді.

                    

Бүлдіршін аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша «Күншуақ» топ ұлдарының

«Құшақ биін» тамашалаңыздар.

Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын – деп сайысымыздың ІІ шарты
«Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталады, бүлдіршін аруларымыздың сән киім үлгілерін тамашалаңыздар.


*Ұлдарымыздың «Қуантайын апа» әнін назарларыңызға ұсынамыз.


Сайысымыздың ІІІ шарты  «Шебердің қолы ортақ» (үй тапсырмасы)


ІҮ шартымыз «Білім қымбат-білу қиын» (сұрақ-жауап)


1. Біз қай мемлекетте тұрамыз?Елбасымыз кім?

2.Қазір жылдың қай мезгілі?неше айы бар ата. 


3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата?


4.Сурет бойынша жұмыс.Бой-бойымен көрсет. Жоқ санды тап.


5. Сурет бойынша жұмыс.Кірпі көпірге қай жолмен тез жетеді?


6. Сурет бойынша жұмыс. Кім қай көлікпен жүреді?


7. Сурет бойынша жұмыс. Суретшінің қателігін анықта.


8. Сурет бойынша жұмыс. Ыдыстың иесін тап,

                

*Ұлдарымыздың «топ биін» тамашалаңыздар.


Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

Сайысымыздың 5 шарты «Өнерлі бала-сүйкімді» деп аталады. Аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.


1.Дильназ Қайырболатқызы мен Дильназ Қабешованың «Испан биін» назарларыңызға ұсынамыз.

2.Назерке Ануарбекқызының орындауындағы «Орыс биін» тамашалаңыздар»

3.Гүлназ Шыныбекқызы «Айналайын анашым» көркем сөз оқиды

4.Айнұрлы Асылбекқызы «Ақ мамам» әнін ұсынады.

5. Ақнұр Юрийқызы «Айгөлек» биі

6.Нұрдана Рауанқызының орындауындағы «Балалық шақ» әнін қабыл алыңыздар

7.Аягүл Ержанқызың орындауындағы «Чайхана» биін тамашалаңыздар


* «Аяулы әнім анашым» әнін назарларыңызға ұсынамыз,орындайтын Аян Рахметов.



Сайысымыздың соңғы шарты «Дәм-думан» деп аталады.Аруларымыз өздерінің сүйікті тағамдарымен таныстырып,жасалу жолдарын айтып өтеді.

 

Бексұлтан:Сегізінші наурыз күнін

Мейрамдайды аналар

Аналардың шаттығын

Құттықтайды балалар


Ерасыл: Менің әжем,бұл әже.

Айтқан сөзі дәл әже

Аман болса көреді.

Қызығымды әлі әже

Аян: Бәріңізде анасың

Біз үшін күн боп жанасың Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

(Ұлбалалар қыздарға арнаған сыйлықтарын тапсырады)


Ән: «Ақ мамам» орындайтындар Р. Смағұл және Ж.Хайреден


Жүргізуші. Ендігі сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

                   Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.


Аналар, қалқып бақыт аралында
Әрдайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
864
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі