Қыз алып
қашу Сарымолдаев Роза
Жүргізуші
автор: Қыз алып қашу - кедей жастардың, әке-шешесі
үйленуіне қарсы болған жастардың үйлену әдісі болып табылғаны,
тарихтан белгілі. «Қыз алып қашуды салт - дәстүрге жатқызамыз,
себебі бұл ертеден келе жатқан үрдіс. Алайда ертеректе қазіргі
кездегідей көрсе қызар азаматтар секілді қызды бір көргеннен алып
қашпаған. Қыздың келісімімен, рұқсатымен алып қашқан. Халқымыздың
дәстүрінде бұрын екі жас құда түсу жолымен, яғни әке таңдауы мен
келісімі арқылы қосылған. Дегенмен кейбір жігіттер өзінің сүйген
қызын алып қашу арқылы қосылған кездері де болған. Кейде оның арты
үлкен жесір дауына айналған, өйткені ол кезде басы бос қыз бола
бермеген. Олар ерте
айттырылатын.
Жігіт:
- Айым, менде төзім таусылды. Менің қолым
қысқа. Саған төлер қалың малым жоқ. Екеуміз осылай жүре берсек,
малы көп біреу құда түсіп, екіге айырылып
кетерміз.
Айым:
- Иа, мен де соны ойлап қиналып жүрмін.
Жеңгелерімнен сыбыс естіп қалдым. Енді сәрсенбіге көрші ауылдағы
Жұман баласына айттырып келмекші екен.
Жігіт:
- Онда құда түссе арты үлкен дау болады. Құда
түспей тұрып сені алып қашып кетсем дұрыс болар
еді.
Айым: -Мен де соны ойлап
отырмын.
Жігіт:
- Онда ертең кешке дайын бол.
Айым:
- Жарайды, Гүлім жеңгеммен
келермін.
Жүргізуші автор:
келесі күн
кешке
Жігіт: - Саламатсыз ба,
жеңге. Мынау сізге әкелген қолұстатарым. Қабыл алып,
екеумізге бақыт тілеңіз.
Жеңгесі:
-Рахмет, күйеу бала. Шырайлымды жылатпай,
екеуің бақытты болыңдар. Ал көзге түсіп қалмай тұрған кезде тезірек
аттаныңдар. Шырайлым, бақытты бол.
Айым: - Рахмет
жеңге. Анам мен ағаларыма өзіңіз түсіндірерсіз. Сау
болыңыз.
Жүргізуші автор:
Жігіт
ауылы.
Жолдас
жігіт: - Сүйінші ата, апа, ақ түйенің қарны
жарылып, шаңырағыңыз шаттыққа толып, ақ босағаңызды келін аттағалы
тұр. Орамалыңызды дайындаңыз.
Анасы: - Не дейді, өңім бе түсім
бе. Шал – ау, тұр. Немерең қыз алып қашып келіпті, келін келді. Мен
отқа май салғызып, орамал сала берейін, көршілерді
шақырайық.
Шал:
- Онда оң болсын. Мен ағаммен ақылдаса отырып,
құданың ауылына хабаршы жіберуге дайындалайын.
Анасы: -Иа, солай еткенің дұрыс
болар. Ал шырағым, қадамың құтты болып, Алтын құрсақты ана, аялы
әже болып осы шаңырақта өсіп -өнуді Алла нәсіп етсін. Босағаны
«Біссімілдә» деп оң аяғыңмен атта.
Абысын,
көршілер: - Шашу, абысын, қуаныш ұзағынан болсын. Екі
жас бақытты болсын.
Анасы: -Шүкір. Бір балам екеу
болып жатыр. Біздің үйде беташар.