Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қыз ары-ұлт намысы" семинар-тренинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Қыз ары – ұлт намысы»
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу
Құрал- жабдық: презентация, бейнеролик, жүрекшелер, фломастер, қағаз, қарындаштар
Өткізу жоспары:
1.Баяндама
2.Бейнеролик
3.Сұрақ- жауап ата-аналармен,қыздармен пікірлесу
4.Слайд «Ерте жүктіліктің алдын алу»
5. «Сенің болашағың сенің қолыңда» постер құрау
6. «Құбыр» жаттығуы
7. «Қолынан танып біл» жаттығуы
8. Жасөспіріммен ашық және жұмысақ әңгіме: ата-аналарға арналған бірнеше кеңестер.
9. «Жүректен-жүрекке» тренингті қорытындылау
1. Психолог: Қыз бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Жыныстық тәрбие беру, ата-анасымен сырласу, ашық сөйлесіп,құрбысындай қабылдау маңызды. Біздің еліміздің ұлттық коды-қыздар. Қыздар бұзылса,ұлттық код бұзылады.
2.Бейнеролик «Қыз бала-ұлттың ұяты»
Құрметті ата-аналар ,оқушылар бейнероликте көргендеріңіздей қыз баланың тәрбесі бәріміз үшін,қоғам үшін өте маңызды. Көбіне жасөспірімдік кезеңдегі оқушылар ересектерге еліктегеннен,ерте есейгісі келгеннің салдарынан осындай қиындықтарға тап болып жатады. Сондықтанда құрметті бізің аяулы қыздар, әрқайсымыз өзіміздің болашағымызды ойлғанымыз дұрыс. Отбасында ата-анамыздан алған,мектептегі ұстаздарымыздан алған тәрбиені, жанашырлықты бойымызға сіңіріп,бұндай қателіктердің орын алуына жол бермесеңдер.
3.Сұрақ-жауап
Ата-аналарға
1.Қалай ойлайсыз бұл тақырыпқа өз ойыңыз?
2.Қыз бала тәрбиесіне жеткілікті деңгейде көңіл бөліп жатырсыздар ма?
3.Қыздарыңызбен бірге шұғылданатын істеріңіз немесе жұмыстарыңыз бар ма?
4.Қаншалықта қызыңыз сізге сырын айтады?
Қыздарға
1.Қазіргі қазақ қызы қандай болу керек?
2.Қыз бала болашақ туралы ойлауы қажет деп ойлайсыз ба?
3.Қазақ қызының батыс мәдениетіне еліктеушілігінің әсеріне жоғалтып жатқан адами құндылықтары жөнінде не айтар едіңіз?
4. «Қызға қырық үйден тыйым» сөзін қалай түсінесіз?
4.Слайд «Ерте жүктіліктің зияны»
5. «Сенің болашағың сенің қолыңда» постер құрастру 3-4 топқа бөліну арқылы топтар басқа топ қатысушыларына кеңестер,пікірлер,тілектер жазу
6.«Құбыр» жаттығуы
Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай)
Мақсаты: жаттығуға қатысушылардың қарым-қатынасын нығайту
Шарты: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздес иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.
6. «Қолынан танып біл» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналар мен
қыздардың қарым-қатынасын нығайту
Көздері байлаулы аналары қыздардың
алақандарын ұстау арқылы тауып алуы
керек.
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не
көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не
сезіндіңіз?
7. Жасөспіріммен ашық және жұмсақ әңгіме: ата-аналарға арналған бірнеше кеңестер.
-
Әңгімеден алыстамаңыз, баладан «басыңызды ала қашпаңыз»
-
Кез-келген басқа тақырыпты талқылау сияқты табиғи түрде сөйлесуге тырысыңыз.
-
Кез келген сұрақтарға жауап берерде мейірімді болыңыз. Сіз баламен әңгімелескенде орта жолдан сұхбатты кесіп тастауға, оны мазақ етуге, айқайлап, қорқытып, жазалауға болмайды.
-
Жасөспірім оның сұрағы, мәселесі басқаларға белгілі болмайтынына сенімді болуы керек, құпияны сақтаңыз.
-
Жыныстық мәселелер бойынша ұзақ талдау, нұсқаулық дәрістерден аулақ болыңыз. Жасөспірім сұрақтар қойып, нақты қысқа жауаптар алғысы келеді.
-
Барлық сұрақтарға нақты жауаптар беріңіз және қарапайым сұрақтан күрделі сұраққа өтіңіз, бірақ барлық кезеңдерде шынайы болыңыз.
-
Сіздің әңгімеңіз тек биологиялық фактілермен шектелмейтініне көз жеткізіңіз жасөспірім сіздің көзқарасыңыз, тәжірибеңіз және шешімдеріңіз туралы білгісі келеді.
-
Балаңызға интимдік қатынас туралы "тым көп" айтудан қорықпаңыз. Оның жадынан ол түсінбегеннің бәрі дерлік жойылып кетуі мүмкін.
-
Бала жасөспірім жасқа жеткенге дейін жыныстық жетілу туралы әңгіме бастау керек. Физикалық өзгерістер (соның ішінде сүт бездерінің дамуы, етеккір) он жылдан ерте пайда болуы мүмкін.
-
Егер сіз жасөспірімнің сұрағына жауап бере алмасаңыз, оны мойындаудан қорықпаңыз. Отбасылық дәрігер сияқты білімді адамға хабарласыңыз; олар сізге қажет ақпаратты табуға көмектеседі.
-
Сұраққа жауап бере отырып, жасөспірім сіздің сөздеріңізді түсінгеніне көз жеткізіңіз.
-
Сондай-ақ, Сіздің жауабыңыздың шынымен балаңыздың білгісі келген нәрсеге қаншалықты сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер сіздің әңгімеңізден кейін оның жаңа сұрақтары болса, бұл әрине, өте жақсы.
Қорытынды:
8. «Жүректен-жүрекке» тренингті қорытындылау тілек білдіру
Таратылған жүрекшелерге тренингте алған әсерлеріңізді және бір-біріңізге деген тілектеріңізді жаза кетіңіздер
Құрметті ата-аналар ,оқушылар тренингіміз осымен аяқталды,тренингке атсалысып қатысқандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет. Қыз баланың тәрбесі бәріміз үшін, қоғам үшін өте маңызды. Көбіне жасөспірімдік кезеңдегі оқушылар ересектерге еліктегеннен,ерте есейгісі келгеннің салдарынан осындай қиындықтарға тап болып жатады. Сондықтанда құрметті бізің аяулы қыздар, әрқайсымыз өзіміздің болашағымызды ойлғанымыз дұрыс. Отбасында ата-анамыздан алған,мектептегі ұстаздарымыздан алған тәрбиені, жанашырлықты бойымызға сіңіріп, қателіктердің орын алуына жол бермесеңдер.
Сау болыңыздар!