Материалдар / Қыз бала - еркем, бұрымымен көркем

Қыз бала - еркем, бұрымымен көркем

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балалардың шаш күтімі мен оны сәндеу түрлері. Ежелден бері қазақ халқының шаш күтіміне деген көзқарасы, шашты сәндеу бұйымдары иуралы айтылады. Шашқа байланысты сенімдер, ырымдар мен тыйымдар айтылып өтеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы,

Мектептен тыс жұмыс орталығы.

«Сырғалым» үйірмесі

Жетекшісі: Джапарова Б.Ш.




«Қыз бала – еркем, бұрымымен көркем»


 

Сабақтың мақсаты: 

-Шаш күтімі туралы түсінік беру.

-қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, ибалық, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан — жақты ұлттық қасиеттерін дарыту; 

Шаш күтімі мен сәндеуіне көңіл бөлу арқылы қыз балаға тән қасиеттерді бойына сіңдіру.


Көрнекіліктер: ұлағатты сөздер, шаш күтімі туралы кітаптар, шолпы, шашбау, шашқап суреттері, интерактивті тақта. Бірнеше сусабын түрлері, бальзам, майлар.

 

Барысы: IҰйымдастыру:

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Шаш туралы не білеміз?»  деп аталады. Сендер сабақтан шаршап келдініздер, алдымен  кішкене демалып тренинг өткізейік.

Тренинг «Кішкентай құс».

  1. Негізгі бөлім:

Білектей арқасында  өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Қалың қара шашы бар жібек талды,

Толқындай толқын ұрып, көз таңдайды- деп Абай атамыз жырлағандай, қазақ халқы ежелден қыз баланың жүріс-тұрысына, киім киісіне ерекше мән берген. Соның ішінде қыздың шашыңа қарай көптеген сырлы, ойлы сөздер айтылған.

Қазақ халқы шашты ертеден-ақ жоғары бағалаған және оған байланысты атқарылатын әдет-ғұрыптары бар. «Шашыңды қима», «Шашыңды отқа тастама», «Шашыңды жайма» деген ырымдар, «Шашың кесілсін» деген қарғыстар бар. «Шашыңды кескенің – бақытыңды кескенің» деп, сәбилердің шашын көзіне түсірсе қитар болады деп тәрбиеге шақырған.

Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Шолпы деп ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді.           

Жеңгелері қайын сіңлілеріне ат қойғанда «Шашбаулым», «Шаштеңгелім», «Сырғалым» деп айтылуында сұлу сыр жатыр.

Қазақтың қыздары өткен ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін бұрыммен жүрген , бес-он бес жасқа дейін жеті бұрым болса, он бес – он сегіз аралығында қос бұрыммен жүрген екен. Ал, тұрмысқа шыққанда қос бұрымды түбінен қосып өрген. Өйткені, бұрын бір бас болса, енді екі бас бірікті деген ұғымды білдіреді. Бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі. Сондықтаң, қыздар бұрымын дара өреді немесе қос бұрымын бір-біріне жалғамайды.

Ертеректе біздің аналарымыз бен әжелеріміз шаштарына әртүрлі әшекей бұйымдар таққан. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын сәндік бұйымдардың ішіндегі асыл мен артық саналатыны не? Кім айтады?

  1. Шолпының түрлері өте көп. Мысалы: қоңыраулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы, сағат баулы, үзбелі, сылдырмақ, маржанды, меруерт шолпы. Сонымен бірге ол иесі қозғалғанда әсем дыбыстар шығарып, жүрісіне үн қосып, ару сыны мен сымбатын одан әрі арттыра түседі. Тәжірибиелі халық шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді.

 

  1. Шашбау – шаштың ажарын аша түсетін зергерлік өнер туындысы. Шашбау түрлі-түсті асыл тас орнатылған, моңшақ тізілген ұзын қүміс шынжырлы баумен немесе қымбат, бөрік мақтамен ысылып жасалған алтын, күміс жіптермен өрнектеліп, ұшына салмақты күміс теңгелер тағылған бұйым. Мұның шолпыдан өзгешелігі ол бұрым мен қоса өріліп, теңгесі шаш ұшына байланады.

  1. Шашқап – шашты күнге күюден, жұмыс үстінде шаң-тозаңнан сақтау үшін жасалатын сән бұйымы. Ол мақпал, барқыт сияқты көк, кызыл түсті маталардан желкеден белге жететіндей етіп жасалды. Жоғарғы және төменгі жағынан ою-өрнекпен безендіріліп, ұшына бойы зермен, оқамен тағып моншақпен әшекейленеді.

Шаш күтімінің негізі нан, балық, жұмыртқа және жаңғақ болып есептеледі. Аталған бұл тағамдардың құрамына В витамині, сонымен қоса кальций, мырыш, темір және өсімдік майы кіреді.

Келесі кезекті шаш қою үлгілеріне береміз.

Суды жұмсарту үшін оны бір сағат қайнатады немесе 5л. суға 2-3 шай қасық ас содасын қосады. Шашты орамалмен құрғатады. Су шашты желмен кептіруге болмайды.Ұзын шашты ұшынан бастап, ал қысқа шашты түбінен бастап сирек тісті тарақпен тарау керек. Шашты қатты тартып, бұрап өру  оның қан айналымынын нашарлатады, түсуіне әсер етеді. Бас киімсіз ыстық күннің  көзінде және суықта жүруге болмайды. Шашты химиялық әдіспен бояп, бұйралау да шаштың өсуін нашарлатады. Шашты күтпесе  құрғап, өні кетіп, қайызғақ басады, ал майлы шаш ұйыса береді. Шашты аптасына бір рет жуған жөн. Шашты жуып болғаннан кейін жылы сумен әбден шайған дұрыс.

Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, қыз баланың шаш қою үлгілерімен таныса отырып, қазақтың ұлттық салт-дәстүріне байланысты шаш қою мәдениетімен таныстық, шаш күтімінің қажет екенін білдік. Шаштың гигиеналық жағдайы организмнің жалпы күтіміне байланысты.               Ол үшін еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырып, қуатты тамақтанып, дене шынықтырумен шұғылданудың маңызы өте зор.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ