Алматы
облысы Кербұлақ ауданы
Т.Құлыбеков
атындағы орта мектеп МДШО КММ-нің
педагог-психологы
Бекбергенова Жанар Жаксибаевна
Қатысқандар:
10-11 сынып оқушылары
Сабақтың
тақырыбы:
Қыз бала тәрбиесі
Мақсаты:
Түсіндірме
жұмысы:
Ерте
жүктілік немен
қауіпті?
Жүктілік кезінде
ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді
– жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе
және ішкі органдарға үлкен жүктеме
артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің
гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта
құрылуға жүктелгені. Жас аналарда
көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия,
токсикоздар болады. Қыз балалардың
ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
Білгенніңнен білмегенің көп әлі!...
Ерте
жүктіліктен қалай сақтануға
болады? Ерте жүктіліктің
негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие
туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не
болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы.
Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме
қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ
бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған
жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге
және қарым-қатынасқа байланысты
келеді.
Яғни
ана мен қыз баланың өзара қатынасы
бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін
кері істейді.
Ерте
жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен
күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан
сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен
сақтанудың тәсілдері туралы
ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық
тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер
қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе,
оның салдарын білуі керек. Осындай
өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,
өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте
жүктілікке әзір болмаса, ол
сақтанудың жолдары және құралдары
туралы толық ақпараттануы керек.
Ерте жүктіліктің
нәтижесі
Бұл
мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда,
қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу
және карьера құру мүмкіндігінен айырылады.
Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке
атанып, жауапкершілікті көтеруге
асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері
жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін
болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі:
білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы
күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының
бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан,
көп жағдайда аналар баласын балалар
үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке
орай, ерте жүктілік салдарынан болатын,
жиі кездесетін оқиға.
Қорытынды:
«Аяғына қарай асын іш, анасына қарап
қызын ал» - деген ата-бабамыздың асыл
сөзі осының айғағындай. Өнегелі, тәрбиелі
қыз бала қандай болуы керек? Қыз- өмірдің
қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт-
байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп,
тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы.
«Тәлімді ана - тәрбиелі келін» атанады.
«Қызға,
қырық жерден тыю» қағидасын ұстануға,
қыз бала, болашақ ана болатынын үнемі
айту .
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан
дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше,
ішкі жан-дүние – мінез-құлық. Дауыс
көтеріп, көлгірсізденіп сөйлесең,
сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі
киініп тұрсаң да жарасым таппайды.