Материалдар / "ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ" дөңгелек үстел

"ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ" дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға,ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
7672
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

63 негізгі орта мектеп

«Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел

( 8-9 сыныптардың қыздарымен)


Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс –тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті ,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар,ұстаздар,мектеп оқушылары «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ал осылардың көктегі көзі - күн болса, жердегі көзі адамзат. Адамдардың бір-біріне мейрімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді.

Кешіміздің қонақтары: Кештің қонақтарын таныстырып өту

Жүргізуші: Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі қыз баланы тәрбиелеу деген сөз - ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.

Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар назарымызды интерактивті тақтаға аударайық (бейнекөрініс)

Жүргізуші: Сол әдепті, инабатты, адамгершілігі мол ,сыпайы қыздарды тәрбиелеу бүгінгі мектептің ,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн.

Ендеше қыз бала тәрбиесі жөнінде құрметті ата-аналар сіздердің ойларыңызда, пікірлеріңізді білсек. Сөз ата-аналарға беріледі.

Жүргізуші: «Аналардан бастау алар ар басы» -дей келе бүгінде асыл ана,аяулы әже атанып отырған аналарымызға сұрақ:

Қыз баланың тәлімі мен тәрбиесі қандай еді? Қазіргі қазақ қыздарының тәлім тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

Жүргізуші:Біз қыз балалармен жыныстық тақырыпта сөйлеуге олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз,өйткені біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз ,алайда қазіргі заманда балалрымыз тез есеюде ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті,қажетсіз ақпаратты екшеу мүмкін емес. Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу,уақыт күттірмейтін мәселе.

Қазақ қоғамына бұл қаншалықты керек. Апа-әжелеріміз,әпкелеріміз жыныстық тәрбие дегенді естімей ақ адал, пәк қалпын сақтаған еді. Бәлкім мұндағы мәселе тәрбие де емес, дұрыс тыйым салуда болар. Қалай ойлайсыздлар?

Сұрақ: Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік немен қауіпті? Қалай сақтануға болады? Не себепті ерте жүктілік болып жатыр?

Оқушылардан сұрақ:

5. Психологиялық тренинг:

1.Жаттығу «Дыбыстық гимнастика

Мақсаты: Қатысушылардың бойындағы эмоционалдық қысымды төмендету

Шарты: Гимнастика бастамас бұрын жүргізуші жаттығудың шартын түсіндіреді. Бұл жаттығуды орнымыздан тұрып, арқамызды тік ұстауымыз керек және тыныштық сақтауымыз қажет. Ең бірінші терең дем аламыз,сосын дем шығарған кезде қатты және бар күшімізбен дыбысты айтамыз.

А-бүкіл ағзаға жағымды әсер етеді

Е - ауыз кеңірдекке әсер етеді.

И - миға,көзге мұрынға, құлаққа әсер етеді

О - жүрекке және өкпеге әсер етеді.

2.Жаттығу «Голливуд жұлдызы» Жаттығуға қатысушылар : оқушылар мен сынып жетекшілер

Барысы: қатысушылар 2- жақтама бір-біріне қарап тұрады. Ортасына еденге қызыл кілем төселеді . Ортадан кезекпен қатысушылар өтеді. Ортадан өткен адам өзін жұлдыз сезінетіндей болу керек. Жан-жағындағы адамдар оны қолдап, мақтап,шапалақтап «жұлдыз» сезіндіру керек. Барлық қатысушылар ортадан өтуі тиіс.

Талқылау: Жаттығудан соң өздеріңізді қалай сезіндіңіздер

3.«Тату алақан»жаттығуы ( 5 минут)

Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін саладыда, өз орнына қалдырып кетеді,келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады.Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

6. Үлкендкрдің қыз тәрбиесі жөніндегі ой-пікірін тыңдадық.Енді оқушылардың, өз қыздарымыздың айтар сөздерін тыңдасақ.

  1. "Қыздың жолы жіңішке»

  2. «Қызға қырық үйден тыю»

  3. Қыз-ұлт мақтанышы»

  4. Орта түзер ойыңды.ойың түзер бойыңды- 8 «а» сынып оқушылары

Қорытынды сөздер: Қонақтардың түйінді ойын білейік.

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар қазір сіздердің көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын деп сіздерге ән шашу жолдаймыз.

Ән: «Қазақ қыздары»

Орындайтын: 6б сынып оқушысы Мелдебек Нұрсұлтан

Жүргізуші: «Қыз»-ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды.Қыз келін болады,ана болады,әжеге айналады. Қыздар ! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер,еңбекшіл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы сендерсіңдер!

Қорытынды сөз: Мектебіміздің директоры Н.А.Абилдабековаға беріледі.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар бүгінгі дөңгелек үстелге қатысқандарыңызға , ат салысқандарыңызға рақмет!



Дайындаған: №63 негізгі орта мектеп педагог-психологы :

Мамешова Зульфия Жапашовна

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ