Материалдар / Қыз бала тәрбиесі және тазалығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыз бала тәрбиесі және тазалығы

Материал туралы қысқаша түсінік
қыз баланың тазалығы, гигиена сақтау мәдениеті туралы ақпарат беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2018
9863
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 орта мектеп











Психопрофилактикалық сабақ

«Қыз бала тәрбиесі және тазалығы»





Өткізгендер:

Мектеп психологтары – Г.З.Туреева

Ә.М.Дүйімбаева

Қатысқандар: 5 – сынып қыздары










2017 – 2018 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Қыз бала тәрбиесі және тазалығы»

Сабақтың түрі: Пстхопрофилактикалық сабақ

Мақсаты: Қыз баланың тәрбиесі туралы түсінік, ой қалыптастыру, қыз баланың биологиялық жетілуінің қыз бала өміріне әсері туралы мәлімет беру, тазалық жолдарын түсіндіру.

Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.

Қызды "жат жұрттық" деп қадірлеп, төрінен түсірмеген. Басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың, барған жеріңде шешесі үйретпепті демесін деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіруге тырысады.

Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.

Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып,әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы ожан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу − бұл қазақтың ежелден келе жатқан философиялық даналығы деп білемін.

Ұлтымыз қазақ деп ұрандағанда сол ұлтымыздың діні, тілі, тарихы, салт-санасы ойымызға оралады. Ұлттың тыныс-тіршілігі де осы баланы отбасынан бастап(бесіктен) дұрыс тәлім-тәрбие беріп, түзу жолға қоюдан анық байқалады.

Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті. Қыздар үшін дос ер балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды. Қыздың бой жетуі, яғни жан – жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болғаны жөн. «Әйел жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыйым» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бой жете келе одан өзіне қатысты тиісті қорытынды шығара білуі, іс – қимыл жүріс – тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек. Келешекте өзі отбасын құрғанда қажет болатын қасиеттерді жас кезінен – ақ зердеге түйіп, ол үшін ауылға, айналасына жағып, жақсы атағы шыққан, әдепті, инабатты саналатын апайларына, қыздарға жақын жүріп, сыр алысып, үлгі – өнеге үйренуінің мәні ерекше. «Қыз қырық үйден тәлім алады» демекші, әр үйден: біреуінен тамақ пісіруді, бірінен жүк жинап, үй реттеуді, бірінен өзін ұстауды, біреуінен өз ара жағымды қарым – қатынастарын, біреуінен аула жинақылығын, т.б. үйрену де бұрынғыдан келе жатқан тәлім жолы. Қыз бала көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс – тұрысымен, сергек – сезімталдық, ептілігімен, өнерпаз әрі сөзге ұсталығымен, жарасты әзілге шеберлігімен көзге түсіп, «пәлен деген қызды – ай шіркін!», «түгеншенің қызының тәлімдісі, зерегі – ай!», «шешесінен аумай қалған үстінде кіршік жоқ, бармағы майысып, он саусағынан өнер тамады, әуезінің өзі қандай әдемі, сөзі қандай дәмді! » деп тамсандырады. Ал мұндай жақсы атақтың қыз болашағы үшін маңызы зор. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде: «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды», - делінген. Ұят – әдепті белден басып өте беретін, отырғанда, тұрғанда өзінің жаратылысын ескермейтін, қызға өте жарасатын қымсыну, тартыну, қызару, имену деген ойына кіріп – шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата – ана, бауыр – туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл – желпі қарауға мүлде болмайды. Қыздың, демек, болашақ ананың қолынан іс келуі, - міндетті жағдай. «Салақ әйел оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Олақтан салақ жаман», «Ана көрген тон пішер», «Қыз еркем – кестесімен көркем» т.б. мақалдардың мәні осында. Киім тіге білу, дәмді тамақ пісіре білу, түйме қадап, жыртықты торлай білу, онсыз отбасының тіршілігі толыққанды бола алмайтын басқа да осы сипаттас істер қыздардың қадірін асырады. Бұларды ұсақ – түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән – мәнісін арттыратын, бір – біріне ризашылығын, сүйіспеншілігін нығайтатын – нақ осылар. Мұның тағы бір аса маңызды жағы, мүмкін ең маңызды жағы шығар, келешекте өзінің де ұл – қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі – өнеге көрсете алатын болуы.

Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі – тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар. 
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді. 
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек. 
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады. 
Етеккір кезінде сыртқы жыныс ағзаларын таза ұстағанның маңызы зор. Бұл үшін оларды леген үстінде таза жылы (ыстық емес) сумен алдынан артқа қарай жұмсақ иіс сабын қолданып жууы керек. Жуынуды тәулігіне 2 реттен кем емес өткізу керек. Осы кезде Күнделікті душ қабылдаған дұрыс. Ваннада, теңіз, өзендерде жуынуға болмайды, өйткені менструация ауру тудырғыш микробтарға жол ашады да жыныс ағзаларының қабынуын тудырады. Моншадан, әсіресе булы моншадан алшақ жүрген жөн, өйткені жоғары температура қан бөлінуін күшейтеді. 
Етеккір келген кезінде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын күшейтеді. 
Етеккір кезінде жазды күндері – тығыз жататын ішкі киім, қысты күндері –жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн. 
« Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшаң адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес. 
Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады. 
Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Әдемілікті бәрінен көре білу керек – қоршаған ортадан, мәдениеттен, адам денесі гармониясынан. Жақсы киіне білу қажетті талаптарды, жағдайларды талап етеді. Ең бастысы алған зат бағасы, не оның сәнділігі емес. Моданы қолдау қажет, бірақ оны қумау керек. Егерде бірде біреудегі сәнді киім жақсы көрінсе, оның сізде де жақсы көрінуі мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайларда сәнді киімнің өзі дөрекі көрініп, ол сіздің парықсыз және әдепсіз екендігіңізді баяндайды. 
Косметика- қыз баланың сыртқы бейнесінің маңызды құрамды бөлігі. Өкініштісі, ол қыз бала бейнесін әсемдеуден гөрі, дөрекілейді. 
Аса боялған ерін ерсі көрінеді, аса пудраланған бет көркі келіспейді.Аса ғаламат шаш түстері, тушты ұлпалы кірпік бейнелері әсер бермейді. Жаныңызда ұстайтын жайт, ол ең әдемі жеріңіз –бұл сіздің бетіңіз, оны
танымды ете білу қажет, яғни көлеңкемелермен көріктілеу қылу, оңдылығын көрсету, гармониялық емес жерін жасыру үшін тек Кустодиев, Матисс не Пикассо сияқты бояулы сурет салудың қажеті жоқ. 
Косметика бойынша ұсыныстар өте көп, және өзін сыйлайтын қыз бала косметика өнімдерін дұрыс пайдалана (әрине өз танымы бойынша) білу керек. 
Тағы бір жайтта айта кету маңызды шығар. Көбі махаббат белгісін көрсету үшін қызмет етеді: әсерлі көзқарас, қол алу, сүю. Алайда, махаббат дәлелін тек физикалық жақындық деп сезінетін және бірнеше кездесуден соң қыз балаларды жақындыққа тартатын жасөспірімдер бар. Көбінесе мұндай жағдайларда үлкен махаббаттың орнына терең жүрек шайқалуы байқалады. Әсіресе, егер жас қыз жеңілтектікпен жыныстық жақындыққа өз таңдасына сеніп, келіссе, ал оның қызға ешқандай махаббат сезімі болмаса, жас шақта бұндай қарым-қатынастар қауіпті, өйткені қыздар еш дайындықсыз не өзін, не баласын қамтамасыз ете алмайтын ана болуы мүмкін. Организмде де тым ерте жүктілікке жақсы реакция бермейді. 
Жүктілікке жасанды түрде үзу қажеттілігі тууы әбден мүмкін. Ал біріншілікті жүктілікті, әсіресе осындай ерте жаста үзу кейіннен ұрпақсыздыққа әкелуі ықтимал. Бұл сирек жағдай емес: біріншілей үзілген жүктіліктің 16 пайызы дәл осылай аяқталады. Көптеген жасөспірімдер жас қызбен жақындыққа түсіп, өз құмарлықтарын ғана қандырады. Көбіне қажеттіліктері әрдайым сексуалды емес, мансапқұмарлық болып табылады. Бұдан кейін жасөспірім өзінің жеңісімен сирек емес жағдай. 
Өздеріңізді сақтаңыздар, сізден ешқайда қашпайтын жайды тым ерте тануға асфықпвңыз. Өзіңізге сыйластықпен қарaңыз. Өз роліңізді, өз қажеттілігіңізді есте сақтаңыз. Адамзат ұрnағын сақтап қалу, бағасыз тұқымдық материалды сақтап қалу- сіздің қолыңызда. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!