15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қыз бала ұлттың ұяты халықтың шырайы»
Бекітемін: ___________________ Күншығарова Қ
6 «Б» сынып |
Сынып жетекшісі: Ерболатова Б.Р |
||
Күні: |
18.01.2019 |
||
Өнеге сағатының тақырыбы: |
«Қыз бала ұлттың ұяты халықтың шырайы» |
||
Өнеге сағатының мақсаты: |
Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін – бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. |
||
Қажетті құрал жабдықтар: |
Нақыл сөздер, суреттер, интерактивті тақта, слайд,таратпа қағаздар. |
||
Қолданылатын әдіс тәсілдер: |
түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап |
||
Сабақ барысы: |
|||
Сабақ кезеңдері: |
Мұғалім әрекеті: |
Оқушы әрекеті: |
|
Кіріспе: |
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. |
Оқушылар кезектесіп бір біріне жылы,жағымды сөздер айтады |
|
Негізгі бөлім |
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, «Қыз бала» «Қыз-өмірдің----------------қызғалдағы» Қызға 40 үйден тыйым 1. Жарыса сөйлеуге 2. Жалғыз қыдыруға 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге 4. Орынсыз ұрынуға 5. Басқаларға қол тигізуге 6. Өтірік, өсекке 7. Суық жүріс, сумаң қылыққа 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге 9. Талтайып отыруға 10.Шалқайып жатуға 11.Тамақты обырлана асауға 12.Ұрлық қарлыққа 13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге 14.Бұраңдап қылмысуға 15.Қызыл іңірде жатуға 16.Түске дейін ұйықтауға 17.Кісі алдында киім ауыстыруға 18.Салт-дәстүрден аттауға 19.Елді ғайбаттауға 20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға 21.Ішімдік пен шегімдікке 22.Ұрыс-керіске 23.Беттен алып, бет жыртысуға 24.Қараулыққа, ысырапқа 25.Рахымсыздық пен қатыгездікке 26.Түнде суға жалғыз баруға 27.Жат жыныстылармен арласып жатуға 28.Күйеуге қашып тиюге 29.Әдепсіз сөзге 30.Тарс-тұрс етуге 31.Адам мен жануарларды тебуге 32.Кісіні қорлап жәбірлеуге 33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға 34.Айғай сүреңге 35.Шектен тыс сыланып жасануға 36.Қызғаншақтық пен күншілдікке 37.Менмендік пен өзімшілдікке 38.Алдап-арбауға 39.Көрсеқызарлыққа 40.Нәпсі құмарлыққа тыйым |
постер құрау |
|
Қорытынды бөлім.
|
Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың.Тартымды бол.Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады.Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. |
|
|
Еркінқала орта мектебі
«Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы»
6 «Б» сынып
Сынып жетекшісі: Ерболатова Б.Р
2018 – 2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген