400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар қауымына қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі»
Құрметті қонақтар, ұстаздар,мектеп оқушылары бүгінгі «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! 
Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ.Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді. 
Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. 

Кешіміздің қонақтары: 
Аудандық жастар денсаулығын сақтау мекемесінің маманы– Гүлназия

Аудандық жастар денсаулығын сақтау мекемесінің дәрігері – Әйгерім Алиева

Аудандық «Жетес би» емханасыны психологі – Нұрсұлу

Аудандық «Жетес би»емханасының гинекологі- Айдана

Мектебіміздің ұлағатты ұстазы,батыр ана - Роза апай

Кеш барысында қонақтарымызға қояр сұрақтарыңыз болса , дайындап отырарсыздар. 

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. 
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. 
Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақатамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл-өмір заңы»-деген. 
Назарымызды интерактивті тақтаға аударайық. Видеоролик №1

Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше,қыз бала тәрбиесі жөнінде бүгінгі қонақтарымыздың пікірлерін білсек. Сөз кезегі Аудандық жастар денсаулықты нығайту орталығының дәрігері беріледі. 

Жүргізуші: Біз қыз балалармен жыныстық тақырыпта сөйлесуге олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз, өйткені біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз, алайда қазіргі ақпараттық заманда балаларымыз тез есеюде. Тіпті кейде олардың сөздеріне, әркеттеріне қарап кейбір мәселелерді үлкендерден кем білмей ме деп қаласың.Ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті қажетсіз ақпараттарды екшеу мүмкін емес.Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу, уақыт күттірмейтін мәселе. 





Сұрақ: Ерте жүктілік деген не? 
Ерте жүктілік немен қауіпті? 
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? 
Не себепті ерте жүкті болып жатыр? 

Қалай десекте жас ұрпаққа жыныстық тәрбие беру мәселесі әлі де нақты шешімін таппай отыр.Қоғамымыздың орыс тілі өкілдері «Бұл дұрыс,жастар ерте бастан мұндай іске барады , мұны біледі екен, онда қорғансын» деген шешімге де келген.Бірақ қазақ қоғамына бұл қаншалықты керек.Апа-әжелеріміз , әпкелеріміз жыныстық тәрбие дегенді естімей –ақ адал, пәк қалпын сақтаған еді .Бәлкім мұндағы мәселе тәрбие де емес, дұрыс тыйым салуда болар. Қалай ойлайсыз? 
Келесі сөз кезегі «Жетес би» емханасының гинеколог маманы:

________________________________________ беріледі

Шындығында да, өмірде әлі оң-солын танымаған жап-жас қыздарымыз алда кездесер ауыртпалықтарды көтере алмаса, арты жақсылыққа апармайтыны айдан анық. Соңғы қоңырау,  мектеп бітіру кеші, алда қызыққа толы студенттік шақ, осының бәріне көз жұма қарап, жар атануға неге асығатындары түсініксіз. Өмірдің ұмытылмастай қайталанбас сәттері өз бағытынан жаңылмай, өз арнасымен ағып отырса жақсы ғой.  Қыздарымыздың оң-солын танымастан тұрмыстануы отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігінен бе деп те ойлаймыз. Қазіргі қоғамда жұмысбасты ата-аналарымыз балаларына жете көңіл бөлмей,  бір ауыз ой бөлісіп сырласуға да уақыт таба алмай жатады. Шаңырақта отбасы мүшелері бір-бірімен ашық әңгіме айтып, туындаған мәселелерін талқыға салмағандықтан, мейірімді қарым-қатынас азайғандықтан да, қыз бала үйдегі жылулықты түздегі адамнан іздейді. Бұның арты өкінішті жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұл жасөспірім шақ жеке тұлға болып қалыптасудың бастапқы сатысы десек болады. Тағдырыңның іргетасын қалай құйып бастасаң, сол бағытымен жалғасатыны белгілі. Сондықтан  қыздарымызға ерте бой жетуге асықпай, ата-аналарыңның атына кір келтірмей, ең басты міндеттерің — сабақтарыңды оқып, өмірдің барлық қызықтарын сән- салтанатпен бастан кешіріп, алдағы талай биік асуларды бағындырып, өз болашақтарыңды жарқын қылуға ұмтылыңдар демекпін

Ерте жүктіліктің,ерте жастан тұрмыс құруға көзімізбен құлағымызда үйренді.Шын мәнінде бұл әркеттер қыздарымыздың мінез-құлықынын ба ? Әлде осы әрекеттер дұрыс па?-келесі сөз кезегі


Аудандық «Жетес би» емханасының психологі Нұрсұлу ханымға беріледі. Сіз қандай ой қосар едіңіз?

Аға-буынның қыз тәрбиесі жөніндегі ой-пікірін тыңдадық.

Енді мына видеоға назар аударайық. № 2


Жүргізуші: Тәңірінен болғанымен таңғы асы
Аналардан бастау алар ар басы,-дей келе бүгінде
асыл ана, аяулы әже атанып отырған Ұлағатты ұстаз , батыр ана Роза апай мына бейнекөріністі көре отырып, қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?
Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді? Қазіргі ақпараттық кезеңдегі қыз бала тәрбиесінің айырмашылығы неде ?

Қорытынды сөздер: қонақтардың түйінді ойын білейік 

Жүргізуші : «Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті. 
Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер! 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі