"Қыз еркем-анасымен көркем"Мақсаты:Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау арқылы ана,әжелерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.Ата-аналармен тұрақты қарым-қатынас қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту. Залға көңілді әуенмен қоларына шар ұстаған ер балалар кіредіШерхан: Армысыздар ардақты әжелерРахман:Армысыздар аяулы аналарСырым:Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздарМерекелеріңіз құтты болсынШерхан:Жігіттер аналарымыздың мерекесіне жыр арнамадық па?
Рахман:Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,Сен деп жаздық өлең, жыр, дастандарды.Қуансақ та өзің бар деп қуандық,Жыласақ та өзің жоқ деп жас тамды.Бәрі де ана бір өзіңнен басталады.
Нұрмұхаммед:Ана-жұмақ, мен- шуақ, саябағы.Ана-шырақ, мен-сұрақ санадағы.Ана- теңіз, мен- қайық тербетілген.Ана- бұлақ, мен- құрақ жағадағы.
Шерхан;Қыдар қыздар деп жатырмыз осы біздің топтың қыздары қайда?Бәрі: Ия,ия олар қайда жүр?Рахман: әдеттегідей сыланып жатқан болар.Бәрі солай боларШерхан :Олай болма топтың қыздарын шақырайық ,кәне қошемет көрсетейік16-қыз муз топқа қыздар кіредіЖүргізуші: Сәламатсыздарма құрметті біздің аналар,мерекелеріңіз құтты болсын!Керемет біздің топтың қыздары қандай құлпырып тұр,жігіттерімізде бүгін ерекше сымбатты. Ия аналарымыздың мерекесіне орай жасанып келгендеріңді біліп тұрмын.Балалар білесіңдерме біздің Аналар мерекесіне арналған кешіміз әдеттегіден ерекше болмақшы.Балалар: Қалай?Жүргізуші:Бүгінгі мереке сайыс түрінде өтеді.Сайысымыз «Қыз еркем,Анасымен көркем» деп аталады.Аналарымыз бен қыздарымызға бүгінгі сайыста қолдау көрсетіп,жанкүйер болуға дайынбыз ба?Балалар: Әрқашанда дайынбыз!Жүргізуші: Олай болса Аналарымызға қыздарға сәттілік тілеп «Ақ мамам» әнін орындап берейікЕр балалар қыздарды орындарына апарып отырғызады.
Жүргізуші:Бүгінгі сайысқа қатысатын аналар мен қыздарды ортаға шақыруға рұхсат етіңіздер.
Көңілінде шуағы бар көктемнің,Жан-жағына тек қуаныш төккеніБіздің топта барлық барлық бала біледіАқбаянның инабатты екенін.
Ақбаян және анасы –Ферузаны қошеметпен ортаға шақырайық .
Ұстазын анасындай құрметтеген,Жаны таза, ісі жоқ дүрмекпенен,Інжу біздің апайының қолғанаты –Бойында тек жақсылық бір кетпеген.
Інжу және анасы – Назерке . Қорғасындай мінезі бар салмақты,Бар жұмыстың жайын білер жан-жақты.Аз сөйлеп-ақ, көптеген іс тындырарАйкөркем қыз тобымызда салмақты.
Айкөркем қызымыз анасы – Мейрамгүлмен.
Жанарынан жалын оты шашырап,Гүлге оранып кеткендей ме атырап.Сыныптағы ұл-қыздардың мінезінАйкөркем біздің отырады бақылап.
Айкөркем анасы – Арумен. Еңбексүйгіш, ерінгенге жаны қасБір жұмысты екі істеп сабылмас,Ашық қабақ, күлімкөзді ару қыз –Жаннұрдай сүйкімді қыз табылмас.
Жаннұр және оның анасы –Маямен .
Қорғасындай мінезі бар салмақтыБар жұмыстың жайын білер жан-жақтыБолашақта модель болар атақтыСезім біздің ақылды қыз жан-жақты
Сезім – және оның анасы – Дина .
Сайысымызды бастамас бұрын сайысқа төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен танысып алайық.1. метеп директоры2 бастауыш сынып мұғалімі3 ата-ана
Сайыс кезеңдері 3,4,5 деген балдық жүйе бойынша есептеледіСайыскерлер номер бойынша өздерінің кезегін анықтайды
Сайыс шарттары: 1.«Келіңіз танысайық» (сайыскерлердің таныстыруы)2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсетеді)3.Бізден сұрақ, сізден жауап (сұрақ-жауап)4.Қонақ күте білесіз бе? (кыздар стол дайындайды, аналар тағам әзірлейді)5.Ана көрген тон пішер (үй тапсырмасы қолөнер)6.Сәнқойлар шеруі (сән үлгісін көрсету)7.Қыздар сұлу көрінер шашбауымен (шаш өру,шашбау тағу үлгісін көрсету)Жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп орындарына шығарып салайық.1.Кезектері бойынша сайыскерлер өздерін таныстырады.2.Ортаға шық қысылма.Өнерің болса қолыңдаӨнерлінің ырысы.Жарқырап жатыр жолында келесі сайысымыз «өнерлі өрге жүзер»3.Бізден сұрақ сізден жауап кезеңі билетте 2-сұрақ берілген 1- сұрақ анасына 1-сұрақ қызына арналған толық жауап беруге тырысыңыздар. Би: «Небеса»
Сайысымыздың сұрақ-жауап бөлімі әрі- қарай жалғасады
4.Қонақ күте білесіз бе?
Ән: «Ақ әжем» Би: «Бабушки -старушки» (Фараби,Рахман,Ернұр,Шерхан)
5.Үй тапсырмасы қолөнерӘн: «Анашым» Шерханнын орындауында6. Сәнқойлар шеруі
Би: « А ты меня любишь» баларымыздың орындауында көңілді биді тамашалайық
Балалардың тақпақтары: Алихан,Айқын,Ернұр,Шерхан,Сырым,Хадиджа,Нұржауған Сезім,Бейбарыс,Аяулым,Алина Ән: "Айналайын ақ мамам"
7. «Қыздар сұлу көрінер шашбауымен» Ойын: « Өз анаңды тап»