400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қыз өмір сәні, замана тұтқасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыз өмір сәні, замана тұтқасы»

Мақсаты:

а) Білімділік:Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланы бойына сіңіре отырып сыпайылыққа, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға талғаммен киінуге, әсемділікке,сұлулыққа құштарлығын арттыру

Ә) Тәрбиелік:Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: Қыздардың шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, аналарға, деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.

Көрнегілігі:слайд, қанатты сөздер, тест

Барысы:

  1. Ұлылардан қалған ұлы сөздер

  2. Қыздарға арналған өлеңдер

  3. Қыздарға арналған мақал-мәтелдер

  4. Өзіңді сұлумындеп есептейсің бе? (Қыздарға арналған психологиялық тест)

5.«Ойланайық, пікірлесейік» (Ертегі «Сүйкімді дүниенің сұлулықта»)

6.Қыздарға кеңес.

7.Қорытынды:

1. Барысы:

Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағаты тұрған ұлы қыз сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атауының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті ұстаздарқызғалдақ қыздар бүгінгі «Қыз өмір сәні, замана тұтқасы» атты дөңгелек үстелімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз. «Қыз өмір сәні, замана тұтқасы» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.

2. Қыздарға арналған өлеңдер

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен

Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ , қиғаш қара қасыменен

Қыз сұлу көрінеді толған айдай,

Он бес пен он сегізде жасыменен

Қыз сұлу көрінеді өрмегімен,

Тізіліп сөз маржанын тергенімен

Майыса бұратылып, майда басып,

Жаныңа наз қылықпен келгенімен

Дарытқан бар асылды өз елінен,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен

Құлпырды БА-11 тобыныңарулары

Өткендей сұлулықтың елегінен

3. Қанатты сөз, мақал-мәтелдерге деп кезекті қыз-бойжеткен, әйел туралы мақал-мәтелдерге береміз..

  1. Сұлу-сұлу емес,сүйген сұлу

  2. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда

  3. Жақсы үйге түскен келін-келін болады

  4. Келіні жақсының-керегесі алтын

  5. Қызға қырық үйден тыйым

  6. Апасының киген тонын, сіңілісіде киеді

  7. Қызды кім сүймейді, қымызды кім ішпейді

  8. Анасын көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш

  9. Отырған қыз орнын табады

  10. Қыздың құны қырық жеті

  11. Қызға берген көрінбес

  12. Төркін десе қыз төзбейді

  13. Қыздың көзі қызылда

  14. Қыз бала кісінің кісісі

  15. Қыздың қабағында құт бар

  16. Қыз назы қырық кісіні мас қылады.

  17. Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма,

  18. Қызы бардың - назы бар

  19. Қыз - өмірдің қызғалдағы

  20. Қызды асырай алмаған күң етеді,

Ұлды асырай алмаған құл етеді.

  1. Қыз қуыршақ, ұл – құлыншақ»

  2. Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,
    Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.

  3. Қыз балаға қырық үйден тыйым

  4. Қызым-үйде,қылығы–түзде
    4.Өзіңді сұлумындеп есептейсің бе? (Қыздарға арналған психологиялық тест)

 

Өзіңді сұлумын деп есептейсің бе? (қыздар үшін)

1. Айнаға қарағанда қандай сезімде боласың?А) Қуанамын, менің көңіл күйім көтеріледі – 3 балл Ә) Айнаға тек бетіме крем жағып, шаш тарау үшін ғана қараймын – 0 балл Б) Бет-әлпетім өзіме ұнаса, ұзақ қараймын, ал ұнамаса, мүлдем қарамаймын – 2 баллВ) Айнаға қараған сайын әдемі екенімді көргім келеді, алайда олай емес – 1 балл2. Отбасында ең сүйікті адаммын деп ойлайсың ба? А) Бұл атаққа басқа аға, әпкелерім ие болды – 2 балл Ә) Жоқ отбасымда әпке, ағаларым көп, сондықтан ең сүйіктісі болмадым – 0 балл

Б) Иә, қазірдің өзінде ата-анам, әже-атам, туыстарым еркелетеді – 3 балл В) Жоқ, болған емеспін, себебі үйдің үлкені болдым – 1 балл

3. Өзіңнің тартымды екеніңді жиі айтатын кім? А) Ешкім, өмірімде ешкім айтқан жоқ – 1 балл Ә) Жақын туыстарым, достарым – 0 балл Б) Барлығы, мен ондай сөзді екінің бірінен естимін – 3 балл

В) Мен тартымды екенімді құрбыларымнан жиі естимін – 2 балл

4. Сенің ойыңша көрікті адам өмірінде қандай жетістіктерге жетеді?

А) Бақытқа – 1 баллӘ) Сенімділік пен тәуелсіздікке – 2 баллБ) Материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етіледі – 3 балл

В) Жақсы келбет адамға ештеңе бермейді. Адам жетістікке тек өзінің еңбекқорлығымен, өнерімен қол жеткізеді – 0 балл

5. Сен сымбатты ұлды немесе қызды көрген кезде не істейсің?

А) Ұлдарға бірден ғашық боламын, ал қыздарға қызғанышпен қараймын – 1 баллӘ) Олар маған мүлдем қызық емес – 0 баллБ) Көрікті адамдармен бірден тіл табысып, дос боламын – 3 балл

В) Әдемі қыздарға қарап өзіммен салыстырамын, ұлдарға тесіле қараймын – 2 балл6. Адам бойындағы қай қасиетті көбірек бағалайсың?А) Тартымдылық – 3 баллӘ) Әсемділік – 1 баллБ) Өзіңді көрікті санамау, сенімсіздік – 0 баллВ) Өзіңе деген сенімділік – 2 балл

7. Басқалар сенің «киіміңе қарап бағалап, ақылыңа қарап, шығарып салады» деген пікірге көзқарасың қандай? А) Толық келісемін – 1 балл Ә) Өмірде дәл солай бола бермейді, кейде бәрі, керісінше – 2 балл

Б) Ақылыңа қарап таниды – 0 балл В) Менің ойымша, тек сыртқы келбет маңызды – 3 балл

8. Сенің ойыңша қыз бала өзін қалай күту керек? А) Көрікті болса да, күтініп жүрген абзал – 2 балл Ә) Қыз өзінің сұлулығын мақтан тұтуы керек, кемшіліктерімен күресуі тиіс – 3 балл Б) Ішкі жан дүниесін бағалауы тиіс – 0 балл В) Егер қызға көзтартарлық сұлулық берілсе, онда соған лайық болу керек – 1 балл 9. Өзіңді қалай бағалайсың?А) Үздік бағамен – 3 балл Ә) Нашар – 1 балл Б) Орташа – 2 балл В) Қанағаттандырарлық – 0 балл 10. Өзіңнің сымбатыңды 10 балдық көрсеткіш бойынша қалай бағалар едің? А) 10! – 3 балл Ә) 7-8 аралығында – 2 балл Б) Мойындамаймын – 0 балл В) Күн сайын өзгеріп тұрады, білмеймін – 1 баллНәтижесі: 0 балл. Сен – тәуелсіз адамсың, өмірде алға қойған мақсаттарыңа қол жеткізе аласың. Ұсақ-түйектерге назар аудармайсың, себебі оған уақытың да жоқ. Бұл тесті сен тек уақыт өткізу үшін жасадың. Саған өзіне сенімсіз адамдар қызғанышпен қарауы мүмкін. Кейде айналадағы адамдарға ішкі сырыңды айтып, ашылғың келеді. Өзіңнің әрбір қимылыңды аңдап басасың, ұяласың. Бір-екі күн өзіңді еркін сезініп жүргенің дұрыс болар.0-10 балл. Сен өзіңді ең сұлу сезінгің келеді. Бірақ, өзің осыған талаптанып, әрекет етпейсің. Керісінше, өзіңді көпшілік арасында қолайсыз сезініп, берекең қашады. Алайда барлығы сен ойлағандай емес. Өзіңе, өз қалауыңа көп шектеу қоясың. Сондықтан, сәтсіздіктерге ұшырайсың. Өз бойыңнан, жүріс-тұрысыңнан, тіпті киген киіміңнен де кемшілік табуға тырысасың. Сенің ойыңша адамдар екі топқа бөлінеді: сұлулар және ұсқынсыздар. Ең алдымен, өзіңе деген көзқарасыңды өзгертуге тырыс, өзіңді бағалай біл.11-20 балл. Иә, сен өзіңнің сымбатты да, көрікті екеніңді білесің. Адамдар арасында өзіңді еркін сезінесің. Саған деген сезімдерін білдіретін адамдар да аз емес. Бірақ, сонда да саған бірдеңе жетіспейтіндей көрінеді. Кейде өзіңе сенімсіздік танытып, жүрегіңде белгісіз бір үрей пайда болады. Мұндай ойлар сені сары уайымға салады. Қорқыныштың себебін анықтағаның дұрыс. Сыртқы келбетің жайында алаңдама, тартымды және сұлусың.21-30 балл. Сен сұлу екеніңді білесің, осыған орай сенде өзімшілдік басым. Ол жайында қапаланбайсың. Өзіңе сенімдісің. Алайда сенің айналаңдағы адамдар сұлулығыңа бола белгілі бір мүдделеріне пайдалану мақсатында дос болуы әбден мүмкін. Кінәні іздеп, ренжудің еш қажеті жоқ. Кішіпейілділік таныт.

5. «Ойланайық, пікірлесейік»

Сүйкімді дүниенің сұлулықта (Ертегі)Ерте, ерте, ертеде, үлкен бір шахардың ханы өз баласына жар таңдап, жар салыпты. «Кімде кім өз парасаты мен ақылын менің алдымда көрсете алса, сол қызды мен өз сарайыма ханша етемін» дейді. Бұл жар салуды естіген қыздар жан-жақтан ағыла бастайды. Бірі өзінің қымбат әшекейімен сұлу болғысы келеді, бірі әдемі сән-салтанатымен көзді арбайды. Бірақ хан алдында әр қыз тек сұлулығын көрсете алғанмен, парасатын көрсете алмапты. Тіпті, сұлулық пен парасаттың бір-біріне қатысы не деп таңданғандары да жоқ емес. Осылайша, біраз таңдаумен хан да, оның баласы да шаршайды. Сөйтіп күндер өте ханның баласы енді ел аралауға шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, белгісіз, күндердің күнінде бір елдің шетіне келіп, бір жұпынылау үйдің қасынан өтіп бара жатып, сұлулығы көздіалдамаса да сүйкімді бір қызды көреді. Қыз жанына жиналған барлық кішкене қыздарға кесте ілуді үйретіп отырады. Жігіт оған:Сіңлілерің не деген көп еді? – деп таңданысын жасырмайды. Қызда жігітке бір сәт көз тастап , танымаса да инабаттылықпен амандасады. Үйіне кіріп, жолай өткен жігітке салқын сусын ұсынады. Сосын барып, бұл қыздардың өз шәкірттері екенін , өз қолынан келген өнерін басқаға үйретуді жаны сүйетінін мақтанышпен әңгімелейді. Қыздың сыңғырлаған үні мен өзіне жарасқан ұяңдығы, әдептілігі мен сыпайылығына тәнті болған жігіт сол арада өз жүрегінің шешімін айтып, әкесіне осы елдің адамдарына сөз салып, қызды айттырып алады. Бір қызығы, әкесі мен шешесінен бөлек, қызды бүкіл ауыл қимастықпен шығарып салады. Қоштасар сәтте ауылдың сөз тоқтатқан қариясы:

- Сүйкімді дүниенің сұлулықта деуші еді бұрынғылар.Біздің қызымыз өзінің жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрген қыз еді. Осы қыздың арқасында біздің ауылымыз да сүйкімді болған екен. Біздің алтынымызды қадірлей біл, - деп, шығарып салған екен.

«Ойланайық, пікірлесейік» сұрақтар бойынша пікір алысу

    • Жігіт неліктен қызды таңдады?

    • Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар?

    • Қыздарға әсемдік жарасады дегенді қалай түсінесіздер?

    • Әдеп әріден басталады дегенді қалай түсінесіз?

    • Әдептілік пен әсемділік сөздерінің айырмашылығы?

    • Қазіргі қазақ қыздарының бойынан әдептілік пен әдемілікті көре аламыз ба?

Қызбала –бойжеткен, келін,ана ,

  • Бәрі де дер кезінде дара тұлға,

  • Ұрпағының ойласаң болашағын,

  • Қызды сыйла, жамағат қызды сыйла.

  • 6. Қыздарға кеңес

  • Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың.Тартымды бол.Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады.Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік

  • болып табылады.Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет.

  • *** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***

  • Қазіргі уақытта артымызда өсіп келе жатқан сіңлілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде.Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. 7. Қорытынды:

Бабаларым қыздарды қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген - деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін, қыздарымызды –қылықты, етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі