400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыз-өмірдің көркі» байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. 3-мәліметімен бірге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия КММ»



«Қыз-өмірдің көркі» байқауы

Shape1

6 - сынып қыздары арасында











2024-2025 оқу жылы



Тақырыбы: «Қыз өмірдің көркі» байқауы


Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.


Байқаудың шарттары төмендегідей:

Сайысқа 6-топ қатысады 6-сыныптан 4-қыздан

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
1. «Ойлан тап»
2. Лабиринт»
3. «Шебер қолдар»
4. «Сен білесің бе?»


-Құрметті арулар,ұстаздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!

Ал ендеше сайысымызды бастайық! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыздар» байқауына қош келдіңіздер!.

(әуен ойналады)
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.

Рұқсат болса бастайық!
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін – әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________




Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.


Байқаудың
І кезеңі «Ойлан тап». (Бұл кезеңде әрбір логикалық сұрақтар қойылады ( Дұрыс жауабын табу керек)


Байқаудың ІІ кезеңі «Лабиринт» Қыздар кедергілерден жылдам әрі тез өту керек

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей


Байқаудың ІІІ кезеңі «Шебер қолдар » деп аталады.
Бұл кезеңде қыздар түрлі түсті қағаздардан оюлы кілемше жасау керек Әділқазы алқалары бағалап отырады.

«Сен білесін бе?» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр топқа салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады. 1 минут ішінде 5 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
ІV«Сен білесін бе?»
(салт-дәстүрге арналған сұраққа жауап беру)

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады

«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік.
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті ұлдарға берейік.
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.03.2025
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі