Қыз-өмірдің қызғалдағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыз-өмірдің қызғалдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға көмегін тигізеді деп ойламын бұл сыныптан тыс жұмыс қыздарға арналған мектеп ойынша технология , көркем еңбек сабақтары жүретін сыныптарды қатыстырдым Жарыс өте қызықты өтті әрине 5-6 сыныптар үшін қиындау болды себебі әлі үлкен жарысқа ол сыныптар үшін үлен дайындық қажет екенің түсіндім сонда да құстар секілді оларды да жарысқа басынан бастап қатыстырсам өте жақсы бәсекеге қабілетті сынып пайда болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Қыз - өмірдің қызғалдағы

Мақсаты:Қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие беру .

Сабақтың көрнекліктері: Нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Жүргізуші: Құралайдың көзіндей көзі қандай әдемі

Соған сыйып тұрғандай сұлылықтың әлемі

Ол ұрланып қарайды келіп-кеткен жандарға

Қолы жетпей қалғандай қасиетті арманға.

(Т.Молдағалиев)

Құрметті қонақтар бүгінгі жарысымызға хош кедіңіздер !

Ортаға жарысқа қатысатын қыздарды шақыруға рұқсат етіңіздер.

5-сынып Сырғалым тобы

6-сынып Арай тобы

7-сынып Тәтті ару тобы

8-сынып Қызғалдақ тобы

9-сынып Қызғалдақ тобы

Жарысты бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Абенова.Б

2.Тарпанбаева .А

3. Керімқұл. Б

Жүргізші:

Көңілге түй сен мұны

Әрбір қыз ол ел гүлі

Бақытты елде туғаның

Аттарыннан белгілі дей келе

Бірінші тапсырма ұй жұмысы-таныстыру.

Әр топ өзінің атымен ,эмблемасымен таныстырады соған баға бересіздер

Өнеріңді ортаға сал ,сайысқа ,

Өнер көрсет құрбылармен жарыста

Жүргізші:

Әр топқа сұрақтар қойылады бес сұраққа толық жауап берсе бес ұпай алады

5-сынып

1.Батальдық суреттерде не бейнеленеді ? (соғыс қимылдары)

2.Пейзаж қай жерде қай ғасырда пайда болды? (6ғасыр Қытай)

3.Мүсіндеу өнерінің көне туындылары қай жерде пайда болды (Мысыр , Үндістан)

4.Бедер деген не? (Балшық не тастан жасалған көлемі суретке ұқсас жазықтағы сурет )

5.Ою-өрнек деген не? (жұйелі турде қайталанып отыратын әрі ұйлесімділікке құрылған нақыштар)

6-сынып

1.Жемістерді ата (алма,алмурт,шие,сарыөрік,шабдалы, )

2.Ұлттық ыдыстар(Қазан ,ет табақ, торсық, мес,саба, )

3.Ас ішендегі негізгі ережелер (Сөйлемеу, шашпау,дыбыс шығарып шайнамау )

4.Алжапқыштың қызметі (киімді таза ұстау)

5.Табиғи жібек неден алынады (тұт ағашы, жібек құрты)

7-сынып

1.Бактериаграфия деген не? (сурет салуды тірі бактериялар қолданылады)

2.Комикс деген не? (сурет пен боялған оқиғалар күлкілі)

3.Матаға сурет салу өнері қалай аталады? (Батик)

4.Штамппен батик қалай жасалады? (картоп,алма, асқабақ пайдаланып саламыз)

5.Микросппен тірі ағзаларды салған алғашқы суретші (Эрнест Геккель)

8-сынып

1.Белдемше тұрлері (годе , мини,қатпарлы, макси,офистік белдемшелер.)

2.Ашытқылы қамырдан не жасалады ( нан,бауырсақ , булочки пирожки,беляшы )

3.Шала өнімдер деген не? (шикі пельмень манты,вареники, котлет т.с.с)

4.Көже түрлері (Салқын, мөлдір, езбе)

5.Сүттен жасалатын ұлттық тағамдар (құрт,айран, ірімшік, маңыз,май)

9-сынып

1.Тұздық деген не? (Тағамға дәм хош иәс береді)

2.Бірінші тағамғм не жатады (сұйық тағамдар )

3.Гарнир неден дайындалады? (кріш ,жарма өнімдері,қарақұмық, картоп)

4.Мари Антуан Карем не ойлап тапты (эклер)

5.Торт қандай қамырдан әзірленеді (биквит.қайнатпа қамыр,үгілмелі қамыр ,қаптама қамыр)

Жүргізші:

Кеңдаланың ежелгі Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де ,бар дәстүр мен салтымыз

дей келе әр топ ою ояды оюларын ақ параққа желімдейді.

Жүргізші:

Ас -адамның арқауы демекші ас мәзірін таңыстырады .


Жүргізші:

Келесі сайысымыз ол құрақ құрау қыздар апликациялық құрақтарын жасап қорғайды.

Жүргізші:

Қыз емес қыздың аты -қызыл алтын ,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын

Үленнің алдын орап ,сөз сөйлемес

Халықтың сақтай білген ізгі салтын

Қазақ халқы қол өнер мол өнер деген екен ендігі әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын ұсынады таныстырады.

Жүргізші:

Армандардың айдыныналса кемең

Жүрек шіркін соғады қанша өлең

Артық па ,білмедім ,емес шығар?

Арналсада қыздарға қанша өлең

Жыр дегенің сезімтал тамшы ғана

Сол тамшыда жатады әр шұғыла

Қыз болмаса жақсы жыр жазыла ма?

Болмаса олар әдемі ән шыға ма?

Бас иіп табиғаттың ізгі арына

Әсемдіктің көз салдық біз бағына

Қазақтың ән өнері ,жыр өнері

Қарыздар ғой алдымен қыздарына.

Жүргізші:

Ендігі сөзді әділ-қазылар алқасына береміз

Марапаттау рәсімі

Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне жетті сау саламат

болыңыздар !















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2018
840
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі