400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қыз өссе... »

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіру, қоғам мен ұлт тыныс-тіршілігі барысында қыз баланың ана ретінде үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіру, әдепті де сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыз өссе... »


Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіру, қоғам мен ұлт тыныс-тіршілігі барысында қыз баланың ана ретінде үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіру, әдепті де сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу.


Өткізу технологиясы: «Айтуға оңай...» тележобасы айдарымен


Қатысушылар:

  1. Арнайы шақырылған қонақтар: ардагер ұстаздар

  2. Ата- аналар

3. Психолог

4. Оқушылар


Барысы:


І. Кіріспе сөз

ІІ. Студия қонақтарын шақырып, сұхбаттасу

ІІІ. Пікірлер алмасу

ІҮ. Қорытындылау


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар,мектеп оқушылары бүгінгі

«Қыз өсее... » атты ток-шоуына қош келдіңіздер!

Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.

Видео ролик

Жүргізуші:Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.

Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.

Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше,қыз бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісіңіз,сырласыңыз,пікіріңізді білдіріңіз.


Өз пікірлерімен, қыз бала тәрбиесіндегі өз тәжірибелерін бөлісуге бізге қонақта:

1.Ұлағатты ардагер ұстаз, ақын Әбдібаева Қанзада Асылханқызы

2.Ұлағатты ардагер ұстаз, әнші Айтимова Оразкүл

3. 7 «А» сынып оқушысы Бекжанова Аружанның анасы Бекжанова Гүлсім Қуантқанқызы

4.7«Б» сынып оқушысы Мәлік Арайлымның анасы Қалиева Айгүл Алтынбекқызы

5. 7 «В» сынып оқушысы Нахыпбек Балнұрдың анасы Бужекова Гүлназ Қабылбекқызы

6. 7 «Г» сынып оқушысы Оңғар Фаризаның анасы Сұлтанова Азия Сақтағанқызы

7. 7 «Д» сынып оқушысы Болатқызы Дильназдың анасы Еримбетова Алма Несіпбайқызы .

8. Мектебіміздің психологы Меруерт ------------------------


Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайрандаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-дегендей, қазақтың қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен.


Жүргізуші: Қыз өсіру,гүл өсірумен бірдей! Гүлге де әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, айналасын арамшөптерден тазалап отырады ғой. Қыз да сондай. Сондықтан да мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен

3 кезеңге бөлуге болады екен.

I-кезең – Бастауыш сыныптар кезеңі – қыздарды тазалыққа,ұқыптылыққа,жинақылыққа үйрете отырып,білімге құштарлығын арттыру.

II-кезең – 5-8сыныптар арасындағы кезең-алғашқы кезеңдердегі тәрбиені дамыта отырып,қыз баланың келешегіне ең керекті,нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,шыншылдық, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру.

IIІ-кезең – 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты,таза махабатты түсінуге тәрбиелеу.Өнерге,мәдениеттілікке, өткен тарихқа,отаншылдыққа, отбасының алтын арқауы-негізі болуға үйрету.


Жүргізуші:

Біз ата-ананы пір тұтқан тегімізді атадан, тілімізді анадан бастаған халықпыз. Атасыз ұл ақылға жарымас,анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе» - дегендей қонаққа келген аналарды сұхбатымызға шақырамыз.


1.Қызыңыздың болашағын қалай елестетесіз?

2.Ата- ана мен қыз баласының қарым-қатынасы қандай болу керек?

3.Қызыңыздың бойында қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

4.Өз қызыңызды тәрбиелеу барысында қандай да болмасын білмеушіліктер, жетіспеушіліктер кездесуі мүмкін бе?

5.Қыздардың жаман мінезін қалай түзетуге болады деп ойлайсыз?


Пікірілер тыңдалды.


Жүргізуші: Көп рахмет, сіздерге. Аналардың ой-пікірін тыңдадық.

Видеоролик қойылады . Енді өз қыздарымыздың айтар сөзін тыңдасақ.

Пікірлер тыңдалады.

Қыздарымызды ортаға шақырамыз. (Гүлмен)


Жүргізуші: Қазір ортамызға ой бөлісуге Қанзада апайды шақырайық.

Апай: Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді? Қазіргі қазақ қыздарының тәлім тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

Қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?

Рахмет апай

Жүргізуші: Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Бірақ,бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу,уақыт күттірмейтін мәселе.

Енді біздің қонағымыз Оразкүл апайға өз оймен бөлісуге сөз берсек


Поэзия анашым ( монолог ) - Мәлік Арайлым


Жүргізуші:Ендігі кезек мектебіміздің психологы Меруерт апайға береміз (тапсырмасы.)


Жүргізуші:

Енді аналарымызға сергіту болсын деп, қыздарымыз өз аналарына тапсырманы мимика арқылы түсіндіреді. (Аналарымыз өз қыздарының іс-қимылы бірден түсіне ала мекен?) «Сезім» ойыны.

Анамен қызбалаға байланысты мақал мәтел беріледі (Рахмет)


Жүргізуші: «Қазақ қыздары» өлең хор. 7 б сынып оқушылары


Қорытынды :

Жүргізуші. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті.

Жүргізуші- Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азаматшасы болыңыздар.

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі «Қыз өссе » атты ток шоуға келіп, ой – пікірлеріңізді айтып, өз тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңізге рахмет айтамыз.

Қош сау болыңыздар!

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі