400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Қыз өссе – елдің көркі »

Материал туралы қысқаша түсінік
ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау; ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру. ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылы «Гаухар» балабақшасы











Shape1

Ертеңгілік- жарыс











Дайындаған «Ақ көгершін» тобының тәрбиешісі Г.Г. Куракова

















2017 жыл

Мақсаты: ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау; ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру. ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әлемнің жарығын сыйлаған қымбатты ақ жаулықты әже- аналар , апа сіңілілер!

Сіздерді көктемнің көріктіде көркем мерекесі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шынайы ықылас ниетімізбен құттықтаймыз! Күн нұрындай жылуы мол жанды жадыратар сіздердің алақандарыңыздан тараған шапағат мейірім толастамай , әрбір жанұяға қуаныш пен береке сыйласын.

Балаларының амандығын тілеп , жанұяның алтын діңгегі болып отырған сіздерді тағы да мереке алдында шын жүректен құттықтай отырып бүгінгі «Ортаңғы» топта болғалы тұрған «Қыз өссе – елдің көркі » атты қыздар сайысына қош келдіңіздер! (Сайысқа қыздарды ер балалар залға алып кіреді.)

Сайысқа қатысушылар: Гүлсана – Ермұра

Альбина – Дияс

Гаухар – Асылжан

Ажар – Ермұра

Жібек – Жанарыс

Сайысқа әділ баға беретін қазылар алқасын тағайындау.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру. Мен қазақтың қызымын (буклет жасап әкелу)

2.Өнер байқауы. Өнерліге өріс кең.

3. Қолөнер. Шебердің қолы ортақ (табиғи материалдан жасау)

4. Қыз өссе – елдің көркі (сән үлгісін көрсету)

5. Ас адамның арқауы (үйден дайындалған тағам түрімен таныстыру)

Әр тур арасында топ балаларының музыкалық сәлемі жолданады.

Дияс: Армысыздар , ару қыздар, абзал ана.

Анаға тең келетін бар ма дана

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын

Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын







Аяулым: Ана деген – адамзаттың данасы,

Ана деген – сәбилердің панасы.

Ана деген – өмірдегі қамқорың

Ана деген – сүйенерің, жан құрбың.

Надир: Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»

Сайысымыздың 1- турын бастайық. Таныстыру.

Нұрсәуле: Сезімің неткен ыстық балаңа тым,

Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.

Қаншама азап шектің сәби үшін

Мен саған қарыздармын жан анашым.

Айдана: Сен жалықпай жетелеп,

Мен жаттыға жетермін,

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін.

Жаннұр Т. : Сендерден өскен балалар

Сендерден өскен даналар.

Құттықтаймыз сіздерді

Құрметті апа – аналар

Ән: «Анамызға мың алғыс»

Даусың қандай сырлы еді.

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай нұрлы еді

Таң шолпанмен астасқан

Өнеріңді қане бүгін көрсетші,

Мына жұртқа қошеметпен қол соққан – дей отырып аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

2 – тур. Өнерліге өріс кең.

Эльнара: Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсаң шаттанған,

Алтыным деп мақтаған,

Айналайын, ақ мамам

Ермұра : Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі.

Ән : қыздардың орындауында «Анамызға сыйлайық»

3 – тур. Шебердің қолы ортақ.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

Кезекті «Шебердің қолы ортақ» сайысына береміз.

Орынбасар: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

Нұрбек: Қыздар, қыздар кімсіңдер,

Күлімдеген гүлсіңдер

Шұғылалы шуақты

Таңғажайып дүрсіңдер.







Арсен: Қыздар, қыздар кімсіңдер,

Мына бізбен бірсіңдер

Осынау дархан өмірді,

думандатып жүрсіңдер.

Гаухардың орындауында өзбек биі

4 – тур. Қыз өссе елдің көркі.(сән үлгісі)

Сабина : Ана көркі көгімнің

Ана нұры жерімнің

Ана бағы даламның

Мақтанышы елімнің.

Аружан: Баланың да тілегі

Дананың да тілегі

Шайылмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Гаухар У. :Әлпештеген баласын

Ана – бақыт, ана – күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Ерасыл: Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз,

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Топтың орындауында «әжелер» әні.

5 – тур. Ас – адамның арқауы.

Асылжан: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

Әжетай сені жақсы көремін деп

Жай ғана құлағыңа сыбырлаймын.



Асылжан М. : Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра ұшып дем алам,

Құшағыңда қысылмай. Жаннұр: Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін.

Олжас: Әжем қандай әже еді,

Айтқандары наз еді.

Біздер үшін қашанда,

Жаны жайсаң жаз еді.

Жанарыс: Апатайым, анашым,

Айылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің,

Гүлі де сен әр үйдің.

Әділқазылар алқасына сөз беру.

Альбина: Дүниедегі ең ардақты асыл жан

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге

Мен қиналсам табылады қасымнан.



Гүлсана: Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Ана деген теңдесі жоқ жақсы адам.







Гауһар: Көзімді ашып өмірге,

Алып келген анашым.

Ақ періште көңілге

Жарық берген анашым.

Адамды дүниеге әкеліп, өмір сыйлайтын құдіретті АНА емеспе?!

Сол құдірет иесі алдында бәріміз бас июге тиіспіз.

ХОРМЕН: Ақ сүтінен нәр алған,

Ақ сүтінен жаралған,

Анаға бас иеміз.

Біз мәңгілік сіздерге борыштармыз, балалық жүректен мың да бір алғыс.

ӘН: «АНАЛАР- АЛТЫН» ер балалардың орындауында.

САЙЫСҚА қатысқан қыздарға жұптары атынан сыйлық ұсынылады.

Аналарына сый табыстау.

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
649
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі