Материалдар / Қыз өссе-елдің көркі...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыз өссе-елдің көркі...

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
888
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оңтүстік Қазақстан облысы

Түлкібас ауданы

Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі




Қыз өссе-елдің көркі...

/қыздар арасында сайыс сабақ/




Қазақстан Республикасы ПКБА І (ілгері)

деңгейлі бағдарламасы курсын бітіруші

Сарыпбекова Анар Амангелдиевна


















Түлкібас поселкесі

2017 жыл





«Бекітемін»

Мектеп директоры:

...........................Е. Махашев


8-9-10 сынып аралығында өткізілетін сайыс сабақ жоспaры

Сабақтың тақырыбы: Қыз өссе –елдің көркі

Мақсатымыз:Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс  дағдысы, қыз  намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы  қыз  балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке  бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білгін ізгі салтын.

Дана халқымыз: «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi»,  «Шешесі отырып,  қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдеп-тілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған.

Жағымды орта құру: бір үыс күрішпен

Топтарға біріктіру: конфеттер арқылы бөлу

Қыз тәрбиесіне байланысты (кинометафора)

1.Миға шабуыл әдісі: Әр топқа 10-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр қатысушыға 2 минуттан беріледі.
1.
Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2.
Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3.
Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

4.Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5.
Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
6.
Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)
7.
Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
8.
Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
9.
Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

10. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
11.
Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

12. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
13. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

14. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
15.
Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

16. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,

Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
17. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

18. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың.
(Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.

19. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

20. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр


2.Мақал мәтелдер сайысы

  1. Ақылды қыз — ауыл көркі.

  2. Астың дәмін келтірген тұз әулие
    Елдің сәнін келтірген қыз әулие.

  3. Ән сазымен, қыз назымен.

  4. Жақсы қызды жатқа жібермейді.

  5. Жақсы қыз жағадағы құндыз, Жақсы жігіт көктегі жұлдыз.

  6. Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.

  7. Қыз ауылдың көркі,
    Жігіт ауылдың еркі.

  8. Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

  9. Қызға қырық үйден тыю,
    қала берсе кара күңнен тыю.

  10. Қызды кім ілмейді?
    Қымызды кім ішпейді?

  11. Қызды ауылдың иті жатпас.

  12. Асылдарға ой керек,
    Бозбалаға той керек,
    Сұлу қызға бой керек (Шернияз).

  13. Қызда қылық болмаса
    құр шырайдан не пайда? (Бұқар жырау).

  14. Қызды асырай алмаған күң етеді,
    Үлды асырай алмаған құл етеді.

  15. Қыздың аңқауынан сақта,
    Ұлдың жалқауынан сақта.

  16. Кәрі қыз ер танымайды,
    Өлген адам жер танымайды.

  17. Қыз өсірдім, бой жетті, еріне кетті.
    Ұл өсірдім ер жетті, үйіне кетті.

  18. Қызды таныс алады,
    Таныс алмаса, қоныс алады.

  19. Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді.

3.Жүгіртпе шынжыр әдісі:

Топтарға мәтіндер беріледі, топ мүшелері сол мәтіндер бойынша жұмыс жасайды.

4.Топтық жұмыс: Екі топқа тапсырма беріледі.

Тапсырма:

  1. Қызды қырық үйден тию сөзін негізге ала отырып, түйінді ойларын флипчартқа түсіреді. Постeр жaсaу. Топ сaйлaғaн спикeр осы тaқырыпты қорғaйды.

  2. Бұрынғы заман қыздары, қазіргі заман қыздары салыстырма түрінде түйінді ойларын флипчатқа түсіреді.

Қазақта инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған қызға 40 үйден тыйым болған

1.Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8.
Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10.Шалқайып жатуға

11.Тамақты обырлана асауға
12.Ұрлық қарлыққа
13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14.Бұраңдап қылмысуға
15.Қызыл іңірде жатуға
16.Түске дейін ұйықтауға
17.Кісі алдында киім ауыстыруға
18.Салт-дәстүрден аттауға
19.Елді ғайбаттауға
20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

21.Ішімдік пен шегімдікке
22.Ұрыс-керіске
23.Беттен алып, бет жыртысуға
24.Қараулыққа, ысырапқа
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке
26.Түнде суға жалғыз баруға
27.Жат жыныстылармен арласып жатуға
28.Күйеуге қашып тиюге
29.Әдепсіз сөзге
30.Тарс-тұрс етуге

31.Адам мен жануарларды тебуге
32.Кісіні қорлап жәбірлеуге
33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34.Айғай сүреңге
35.Шектен тыс сыланып жасануға
36.Қызғаншақтық пен күншілдікке
37.Менмендік пен өзімшілдікке
38.Алдап- арбауға
39.Көрсе қызарлыққа
40.Нәпсі құмарлыққа тыйым

Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі.Ұстаз-ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анңмен бірдей адам.Ата-ана мен ұстаздың арсына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сендерді қорғайды, қолдайды.


Қыз ананың көркі де, жаны да,

Қыз бақтың жапырағы, талы да.

Қыз көңілдің бүршігі ғой гүл  атқан,

Қыз елдің жүрегі де бағы да.

5. Ән «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» барлық қыздар ән салады 

«Ел болам десең – бесігіңді түзе » деген, ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.

«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер!

Қорытынды: Әділқазылар мүшесі қорытынды сөз.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!