Тақырыбы: «Қыз өссе, елдің көркі »
Мақсаты:
1. Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, салт-дәстүрді жетік меңгеруге, өз өнерлерін көрсетуге тәрбиелеу.
2. Халықтық педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін қалыптастыру.
3. Аналар мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы өз еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Даналық сөздер жазылған плакаттар, гүлдер мен шарлар.
Түрі: «Қыз сыны» сайысы
Барысы:
Мұғалім
сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы .
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің,аналардың,қыздардың,
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны
тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің
нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан
,ендеше аяулы аналар бүгінгі мерекелеріңіз құтты
болсын!
1-жүргізуші: Құрметті қадірлі қонақтар! «Қыз өссе,елдің көркі » атты қыз сыны байқауына хош келдіңіздер!
Міне жыл құсындай көктеммен бірге келетін 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларың-ызға береке-бірлік тілейміз.
2-жүргізуші:
Гүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі – бүкіл мерекелердің бастауы аналар мерекесі құтты болсын! Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Ән: «Аяулы анашым» Исабай Ақжарқын
1-жүргізуші:
Барлық балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін не бір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да аласа», - дейді халық. Ана бәрінен биік.
2-жүргізуші:
8-наурыз жыл басы – Наурыз айының мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына қатысқалы отырған сүйкімді арулардың жолы ақ болсын, жүлделі ойынға ие болсын деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік.
Мұғалім сөзі:
|
1 |
«Мен қазақтың қызымын» |
Арулар өздерін таныстырады. |
|
2 |
«Қыз еркем – кестесімен көркем» |
Үйден дайындап әкелген бұйымдарын Қорғайды. |
|
3 |
«Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» «Зерделінің ойы озық» |
Сұрақ-жауап (ата-аналарға салт-дәстүрге байланысты) Мақал-мәтел сайысы(кішкентай сайыскерлерімізге) |
|
4 |
«Өнерлі өрге жүзер» |
Өз өнерлерін көрсетеді. |
|
5 |
«Кішкентай аспазшылар» |
Кішкентай аруларымыз салат дайындайды. |
|
6 |
«Сұлулық сыры» |
Түрлі бағыттағы сән үлгісін көрсетеді. |
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың көптеген ақындарымыз қыздарымызға «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» деген керемет суреттемелер берген. Біздің халық қыз баланы ардақтап төрге отырғызып, оған қатты сөз айтпай, аққудың көгілдіріндей етіп өсірген. Бұған тікелей ықпал ететін адам ол – Ана. «Ана көрген тон пішер» демекші ана тәрбиесін көрген қыз, инабатты, тәртіпті болған.
1-жүргізуші:
Анашым ортамызда жүрсең күліп,
Болады Алатаудай еңсем биік.
Мен сенің қарызыңды өтермін бе?
Әлемнің жақсылығын берсем жиып.
2-жүргізуші:
Той тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың.
1-жүргізуші:
Ендеше осы байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана
Көркіне ақылы да сай келетін –
Келеді аруларым билеп қана. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
1-жүргізуші:
Сұлу қыз келіп жетті алдыңызға,
Бойындағы бар дарынды танытуға.
Дараланып сахнаға келді бүгін,
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе, сайысымыздың алғашқы шарты «Мен қазақтың қызымын » атты кезеңімізді бастаймыз.
2-жүргізуші:
Шеберлермен өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.
1-жүргізуші:
Енді кезек үй тапсырмасы «Қыз еркем-кестесімен көркем » үйден дайындап әкелген бұйымдарын қорғайды.
2-жүргізуші:
Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқан, - дей келе «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді » атты сұрақ-жауап бөліміне шақырамыз. Берілген кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақ-жауап
1-топ
1-ші сұрақ:
1) Бесік неше бөліктен тұрады?
(15 бөліктен тұрады: 1 белағаш, 2 бөген, 3 жақтау, 4 шабақ, 2 сабау,
2 жорға)
2-ші сұрақ:
1) Ұзатылған қызға берілетін жиһаз, мал-мүлік аты. (Жасау)
3-ші сұрақ:
1) Киіз үйдің бөлшектерін ата?
(уық, шаңырақ, кереге, ши, басқұр, аяққұр, желбеу, желарқан, туырлық,
үздік, түндік)
2-топ
1-ші сұрақ:
1) Сәндік бұйым жасайтын адамды кім дейді?
(Зергер)
2-ші сұрақ:
1) Бес дұшпанды ата?
(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ)
3-ші сұрақ:
«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» деген сөздің мағынасын
түсіндір.
1-жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
2-жүргізуші:
Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
Мына жұртқа қошеметпен қол соққан – дей отырып, «Өнерлі өрге жүзер» бөлімін тамашалайық.
1-жүргізуші:
Арулар, бұл жол басы даналықта,
Келіңдер, оқып, ба йқап қаралық та.
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па!
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңіз іздеп тауып алалық та.
2-жүргізуші:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Аруларым тез арада майысып.
1-жүргізуші:
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді жалғасты.
Арулардың байқайық,
Қандай екен дәм асы-дей отырып, сайысымыздың «Кішкентай аспазшылар » атты бөліміне кезек берейік.
Аруларымызға өздерінің ас мәзірлерін қазылар алқасына ұсынуына
рұқсат!
2-жүргізуші:
Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап,
Сән думанға барлығы аттанады.
1-жүргізуші:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай күнмен таласатын.
Сымбат сәні келісіп ару қызға,
Әрдайым жұрт сүйсіне қарасады-дей отырып, «Сұлулық сыры » атты бөлімді тамашалайық.
2-жүргізуші:
Кеудесінде даналықтың сөзі бар,
Маңдайында жарқылдаған көзі бар.
Қара көзді, қара шашты анашым,
Қызыңыздың ақ тілегін қабыл ал.
Күнсің маған биікте жарқыраған,
Шуақпын мен жаныңнан шашыраған.
Ана атыңа жаман сөз келтірмеймін.
Үлгілі тәрбие берген асыл анам.
1-жүргізуші:
Көркіңнен сенің айналдым еркем,
Қазақтың салтын сақтаған көркем, - деп ақын жырлағандай, бүгінгі ару да, әсем қыздарымызды «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді қазылар алқасына береміз.
Жүргізушілер:Жүлделі орын алған аруларымызды құттықтаймыз! Мерекелеріңізбен!
(Топтарға 1-ші және 2-ші орын беріледі,әр ару түрлі номинациялармен марапатталады.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қыз өссе,елдің көркі

шағым қалдыра аласыз