400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыз құлаған" жыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Текелі қаласы – бұл серпінді дамып келе жатқан өңір. Қала Жетісу өңірінде туризмді дамыту орталықтардың бірі бола алады. Қалада туризмді дамыту талаптары Алматы облысының басқа өңірлермен салыстырғанда өзгеше болып келуінің басты себебі, Текелі қаласының туристік-рекреациялық әлеуетінің жоғары болуында. Бақтыбай Жолбарысұлының «Қыз құлаған» атты көлемді де көркем жазылған дастанын негізге ала отырып қазан айында «Қыз құлаған» тауға туристік өлкетану бағытында саяхат жасадық. Саяхат барысында сол тауды аңыз бойынша зерттеуге тырыстық.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жыр атасы Қабан ақыннан бастау алатын Жетісу өңірі от ауызды, орақ тілді небір дүлдүл шешендердің мекені. Солардың бірі бала жасынан қос ішекті домбыраны жанына серік етіп, қарапайым халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, бай бағландарға бетің бар, жүзің бар демей турасын айтып, тік қарап өткен Бақтыбай ақын Жолбарысұлы. Он екі жасында әкеден қалғанымен еңсесін құлатпады. Керісінше ерте есейіп, етек жеңін ерте жауып, ел арасында есімі де ерекше аталған – тын. Бұл қарт тарихтанбізге жеткен алдаспандай ақитқат. Себебі, бала Бақтыбайдың Тезек төреге айтқанының өзі өжет те өршіл ақынның ғана қолынан келетін батырлық. Содан болар ел арасында балта тілді Бақтыбай деп те атанып кеткен. Бұл атау ел арасындағы кейбір мәселелердің түйінін би – төрелер шешіп айтпағандығынан балта тілді ақынның кесіп айтқандығынан болса керек. Біз Бақтыбай Жолбарысұлының «Қыз құлаған» атты көлемді де көркем жазылған дастанын ықшамдап бергенді жөн көрдік. Оқиға желісі естен кеткен ескі жылдарда болғанымен ойдағы арамдық пен сатқындық, бас айналдырған байлықтың буы сынды жағымсыз мінездердің қай дәуірде де болса кездесетіндігін есімізге салатындай. Шығарма өзінің көркемдігімен ғана емес, кестелі сөзге құрылған орамды ойларымен де құнды.





Қыз құлаған


Бір құз бар қыз құлаған Текеліде,

Тауының Балдырғанды етегінде.

Ескерткіш ескі өмірдің куәсіндей,

Тұрады дүйім тәжім етеді де.


Мүлгіген құздың түрін көрген сайын,

Қиялдың еріп кетер жетегіне.

Қарттардың кәрі құлақ ертегінше,

Тіл жетсе құзды әңгіме етеді де.

Ол құздан адам түгіл аң жүре алмас,

Шөбі аз, бұтасы жоқ, бос алдыр тас.

Астында Шажа суы көбік шашып,

Жансыз тұр қыз құлаған игендей бас.


Атанған Ақша жайлау үсті құздың,

Заманнан ғасыр жарым бұрын біздің.

Қарттардың ауызша айтқан тарихынша,

Өлгені анық құлап бір жас қыздың.


Қыздарын қазақ малға сатқан кезде,

Мал берсе шалға басын шатқан кезде.

Еріксіз сүймегенге күң боп барып,

Көз жасы қан аралас аққан кезде.


Даланың тәңірісі бай, болыс боп,

Мойнына билері қарғы таққан кезде.

Адамдық ар мен ұят, әділдік жоқ,

Жарлыны улы жылан шаққан кезде.


Жарымай аузы асқа маңдай термен,

Бай малын кедей құл боп баққан кезде.

Зұлымдық қиянатпен еңбек қанап,

Құл жұмсап байлар тыныш жатқан кезде.


Қайғыру, пәле – жала, қайыршылық,

Перде боп жарлы бетін жапқан кезде.

Даланы қара түнек басқан кезде,

Би, болыс момынға зәр қашқан кезде.


Малдылар малсыздарды мал деп санап,

Қан сасып, қан дария тасқан кезде.

Әйелге шың да, құз да, су да жау боп,

Әр жерден ажал аузын ашқан кезде.


Бай – қасқыр, жарлы – әлсіз тоқты болып,

Басып жеп берекесі қашқан кезде.

Өзіне пышақ салып өлген Баян,

Талай қыз құздан құлап өлгені аян.

Талайлар суға кетіп, шыңнан ұшып,

Ол заман ба еді жылан, шаян.


Кедейдің кеткен кезде ісі қырын,

Мен дағы сөз қылайын соның бірін.

Үлесі, міне, бүгін маған тиді,

Ашуға қыз құлаған қыздың сырын.


Естіген оқиғаның дәмін татса,

Не ащы у яки татыр балдан шырын.

Жете алмай арманына құздан құлап,

Бастайық жастай өлген қыздың жырын.


***

Атанған құздың үсті Ақша жайлау,

Болыпты Ақша болыс бірер сайлау.

Ақшаның немересі дейді қызды,

Кәрілер бізден үлкен шешіп байлау.


Хан билеп, қан сасытқан заманда анау,

Кезінде өріс алған әйел қанау.

Бәр жас қыз Дариға атты құлапты деп,

Ертек қып қарттың айтқан сөзі мынау.


Жүз жиырма, бір жүз елу, яки жүз жыл,

Қарттардың айтуынша болған іс бұл.

Жасапты ағайынды екі кісі,

Дейтұғын бірі Бәйбек, бірі Әлімқұл.



Тоқалдан Әлімқұлы анасы өлген,

Сол күнде он екіге жасы келегн.

Баласы бәйбішенің Бәйбек мырза,

Айттырды бір сұлуды таңдап елден.


Әкесі Ақша осы кез дүние салды,

Сансыз мал бәйбіше мен екі ұл қалды.

Күн қайда анасы жоқ жетімдерге,

Атадан қалған малды Бәйбек алды.


Баласы екі қатын екі рулы ел,

Екеуі бірге өссе де қозыдай тең.

Күндестің күлі күдес дегендейін,

Әлімқұл құл атанды, Бәйбегі сел.


Әлімқұл кедей, Бәйбек атанды бай,

Кемі жоқ еш нәрседен дәулетті сай.

Малдарын малсыздар мен құлы бағып,

Жатады қарнын сипап үйінде жай.


Әлімқұл құл орнына малшы болып,

Жарымай ішер асқа қолы батпай.

Отызға келгенінде Әлімқұлға,

Әперді бір жетім қыз қызметіне орай.


Әйелден аз да болса төртеу алды,

Бақсы ойнады, молдалар демін салды.

Пұшпағы қанамастан біреуінің,

Бәйбектің төрт әйелі бедеу қалды.


Отыздан асты Әлімқұл өзі кедей,

Еңбек етер Бәйбекше жатып жемей.

Өзі құл, әйелі күң болса дағы,

Жүреді күліп – ойнап түкті елемей.


Жарымай аузы асқа, тақымы атқа,

Жүргенде қолы жетпей дәулет, баққа.

Егіз қыз тапты әйелі құрсақты боп,

Кеттім деп су түбіне жүрген шақта.


Әлімқұл шілде күзет істеді той,

Еңсесі көтеріліп жазылып бой.

Алты ай босқа малын бағатын боп,

Қарызға ағасынан алды бір қой.

Егіз қыз туды деген хабарды естіп,

Түседі ағасына бір ауыр ой.


-Әлімқұл алады екі қырық жеті,

Түзелді дей бер онда оның беті.

Жүз жылқы екі қыздан қалың алса,

Байлық қой көрінбейтін түбі, шеті.


Қалың мал екі қыздан бір өзі алып,

Байлыққа теңелмек қой маған ниеті.

Сұрайды Әлімқұлды шақырып ап,

Бірін бе, маған інім қыздың екі.

Алдында тілеуің бар баласң жас,

Менікі, сенікі не адамбыз ағайындас.

Төрт жеңгең түгелімен қалды бедеу,

Өтем бе дүниеден болып қу бас.

Артымда малға ие жоқ өзім өлсем,

Соны ойлап тамағымнан өтпейді ас.

Түсімде әкем болып Әлімқұлға,

Бірін ал, бердім деген қос гауһар тас.

Ақыры сол болады мұрагерің,

Деп едіатандырғың атын Күлпаш.


Қызғаныш Бәйбектікі бәрі қулық,

Шырағым бәр атадан бірге тудық.

Үйлендің. Бірақ қолдан шығармас ем,

Бөліндік, ата – баба жолын қудық.

Шырағым Күлпашымды өзіме бер,

Етпейін мен де сені босқа арам тер.

Сендегі, мендегі не, ортақпыз ғой,

Біреуі сенде қалсын ойланып көр.


Бәрібір сенің балаң, менің балам,

Есейіп сегіз жасқа толғанда алам.

Бермесең жылатты деп қарғыс айтып,

Әкемнің аруағына сені салам.


Кетер ме ішке сыйған сыртқа сыймай,

Бермеске ағасының көңілін қимай.

Асырау ақысына қойды кешті,

Ананың сүті, атаның күшіне сай.

Ер жетіп егіз өозы өсе берді,

Күн сайын сағат санап бұдан былай.


Дариға деп ат қойды өз баласына,

Бала балдан тәтті ғой ата – анасына.

Әлімқұл егіз гүлін бақыт санап,

Мал, дүние кірмейді ой – санасына.


Әлімқұл көп ойлады бала жайын,

Ер жетіп, есі кірді күн мен айым.

Теңіне өзі сүйсе тегін барсын,

Бастарын байлап, матап не қылайын.


Теңіне барсын қалап, өзі сүйіп,

Бір – бірін құрмет етсін жүрегі иіп.

Алғанда бес – он қара оңамын ба,

Жылатып әзірейілге неке қиып.


Баламды жылатпайын байға беріп,

Он – он бес қой мен төрт – бес тайға беріп.

Қызығын көргенімнің өзі артық,

Теңіне өзі сүйген жайға беріп.


Әлімқұл осылайша ойлап қойды,

Жаратпай құдалықты жауып қойды.

Ер жетіп, есі кірсе қос қанатым,

Көремін қызық, сауық, ойын – тойды.


Бәйбек тез жоғалтуға қыздың көзін,

Тықыршып асығып жүр таппай төзім.

Алтынға айырбастар кезім келді,

Асырап алдап алған кедей қызын.

Бір байдың бағым жанып қатыны өлсе,

Не демес бұл болар ед айтқан сөзім.

Қалыңға алар едім малды матап,

Болар ем сыйлы құда және де өзім.

Дәулетті бір кәрі бай кез келсе екен,

Күлпашты пайдаланар піскен кезін.


Күлпаш та жанып тұрған бейне шырақ,

Алар ем үш – төрт жүз мал басын құрап.

Тоқтасқан бай адамның қатыны өліп,

Қызыңды беріңіз леп келсе сұрап.

Етпеттеп өзі барар надан қыз ғой,

Кездессе шал да болса жайлы тұрақ.

Сыдырым таспа, сынық ине бермей,

Көндірем Әлімқұлдың мойнын бұрап.

Осындай әртүрлі ойлар жүріп жатты,

Егіз гүл тамам елді таңырқатты.

Кешікпей байдың бағы жанып,

Күлпаш пен Дариғаның күні батты.


Көрген жоқ сорлылары, Бәйбектерді,

Пәледен сақтар құдай мын бір атты.

Сорына Күлпаш қыздың ашылмаған,

Кәрі би Қалтай деген құр төрт таған.

Үйіне Байекеңнің келіп түсіп,

Айтысып жалпылдасты есен – аман.


Тоқалым өткен қыста қаза болып,

Көңілім ренжулі болды жаман.

Әдейі өзіңізді іздеп келдім,

Қол жетпей жүруші еді бұрын саған.


Біріне қонақ асы беріп бірі,

Достасып өткен еді ата – бабам.

Айырсын түбімізді сүйек деуші – ед,

Қайтеді қызыңызды берсең маған?


Сұм Бәйбек елін жиып ақылдасты,

Мақалдап ақсақалдар тақылдасты.

Құдайым айдап беріп келегн бақыт,

Теппелік өзі иіліп келген басты.

Сол еді өз ойым да деді Бәйбек,

Дұрыстап қалғандары мақұлдасты.

Етін жеп, қымыз ішіп, бетін сипап,

Құрбандық етпек болды Күлпаш жасты.


Жүз байтал, жиырма тайлақ, үш жүз тұсақ,

Кәделер толып жатыр басқа да ұсақ.

Сәтіне келер айдың малды алмақ боп,

Күлпашты уәде беріп, қойды тұсап.

Еліне енді Күлпаш болды ермек,

Ой түсті тәтті өмірі татып кермек.

Әлімқұл жанталасты қорғап көрді,

Бұларың жауыздық деп қолын сермеп.

Ол күнде бұлбұл болсын, дүлдүл болсын,

Қолынан кедейлердің не іс келмек?

Үстінде Ақша жайлаутойын істеп,

Қалтайдың қаршығасын болды бермек.


Мес қарын, іркілдеген, өгіз мойын,

Сұм Бәйбек орындап өз арам ойын.

Кеспелтек жаңғырыққа жар болмақшы,

Қызғалдақ ерін Күлпаш, уыз қойың.

Түгендеп басқа ұрып малын алып,

Жасамақ жайлау үсті қыздың тойын.


Той болды жайлау үсті ұлы жиын,

Арқан керіп, қатарлап тіккен үйін.

Жуандар ата ұлынан келіп жатыр,

Кімнің – кім екенін де білу қиын.

Түйеге саба – саба қымыз артып,

Шашуын ала келген теңге, тиын.

Тартылып жамбас, жая, қазы – қарта,

Көріскен өздерінше құрмет – сыйын.

Ортаға отырғызып мақтасады,

Қадірлі кәрі күйеу Қалтай биін.


Байлар мен ақсақалдар қолы бостар,

Бақсылар, қожа, молда, байға достар.

Би – болыс, старшын мен елу басы,

Жиылған жұрттың басы теке, қошқар.



Етін жеп, кекірісіп қымыз ішіп,

Қызара бөртіп қара терге түсіп.

Іркілдеп қарындары төңкеріліп,

Кеткендей қозғала алмай кеудесі ісіп.

Құзғындар қызыл көрген қарқылдасып,

Мақтасып бірін – бірі жатты көкіп.

Жиылып жарлы, жалшы жанның бәрі,

Тыңдайтын өлеңдерін жас пен кәрі.

Жойылып балалық шақ аяқталып,

Егіз қыз қайғы тартты одан әрі.

Себебі Қалтай күйеу ұрын келген,

Бірер күн той болардан бұрын келген.

Көрімдік, төсек салар, қол ұстатар,

Ол күнде артылған ба ырым елден.


Самарқау, шешек шығып күлпаш ауру,

Бақытсыз жастың ісі қырын келген.

Жас жанды жазығы жоқ ерікке қоймай,

Апарып беріп Қалтай шалға телген.

Жас көңіл жараланды алып ұшпа,

Жем болды қайран бұлбұл қара құсқа.

Әлімқұл қорғап көрді не шығады,

Сорлы ғой сыңар қанат қолы қысқа.


Қанаты, жалы, құйрығы бүтін болса,

Алтынын берер ме еді жезбен мысқа.

Еркі жоқ өз басының құлы емес пе,

Жұмсаса кете берер не жұмысқа.


Жәрдемші жаны ашыр табылмады,

Қолының ұшын берер қыз байғұсқа.

Шешегі тарғылданып ішке түсіп,

Күлпаштың дерті үдеді шықпай тысқа.

Жұлынды жастайынан солды қурап,

Біреуі егіз гүлдің қапылыста.


Бұлт басып қараңғылық көк тұман бу,

Мақұлық жанды – жансыз болды у – шу.

Жарлының жаны ашыр, іші күйіп,

Ағылды көздің жасы бұлақтан су.

Қайғының дәмін анық татқан жанға,

Ішкені бал орнына татылды у.

Той – думан жүріп жатты оң жақта өлік,

Қайғысыз алшаң басып жүр Бәйбек қу.


Жас қыршын жапа көріп қаза тапты,

Көз жасы жарлылардың көл боп ақты.

Бұл өлім жуандарға екінші ермек,

Малшы мен жалшыларға ғана батты.

Жыртқыштар жас өлімді елеген жоқ,

Той – думан бұрынғыша жүріп жатты.

Ат орын тай басады деген бар ғой,

Әлгі той қылған қыз өліп қапты.


Молдекең жаназасын шығарып тез,

Көмуге алып кетті бір жасты көз.

Жерлеуге кеткендері келмей жатып,

Жесірдің дауы жайлы басталды сөз.


Бәйбек пен Қалтайды енді ортаға алды,

Өздерің келіскен деп ақыл салды.

Байеке өзің пішіп, өзіңіз кес,

Ырза ғыл, ренжітпей күйеу шалды.

Бәйбектің қайтаруға көзі қимай,

Қалыңға Қалтай айдап берген малды.

-Аға өлсе іні мұра деген мақал,

Мирас бопағалардан бізге қалды.

Қалтайдан өзім өлмей қол үзбеймін,

Дос еді бірге жескен шекер – балды.

Ат орнын тай басады деген бабам,

Жабамын Дариғаға орамалды.

Кесілсе жалғыз ағаш жоғалады,

Дейді ғой орнында бар оңалады.

Қызы бар бірге туған өз інімнің,

Биекем дұрыс көрсе соны алады.


Үйіне Әлімқұлдың келді Бәйбек,

Өтілмек не айтады алдынан тек.

Қарағым, қарашығым, жалғыз інім,

Бастады ақыл сұрай келдім мен деп.


-Алдына ақыл сұрай келді ағаң,

Айтпақсың қандай кеңес бауырым маған.

Күлпаштың орнына бер Дариғаны,

Ат орнын тай басатын дейтін бабам.

Малы бар, дәулетті адам және өзі би,

Қалтайды күйеу артар бағың.

Келісім беріп қойдым жақсыларға,

Естірте келіп тұрмын мұны саған.

Істей бер айтқанымды ақылға көн,

Жаралған жат жұрт үшін қыз ғой балаң.

Қалыңын тағы да өзім алып берем,

Жүре бер шаруаңды істеп болмай алаң.

Әлімқұл ұрды басын тау мен тасқа,

Егілді көзі толып қанды жасқа.

-Қасқырға жас қозымды бере алмаймын,

Нем қалды сүйенетін содан басқа.

Қалың мал керек емес, мал алмаймын,

Қызығып қарным тойып ішер асқа.

Туыспай кетсең – дағы шалға бермен,

Қызымның өзін түгіл ізін баспа.

Теңіне өзі сүйсе тегін берем,

Құл болсын, кедей болсын қара қасқа.

Айуандық емес пе еді істегенің,

Меншіктеп өзің алған жас Күлпашқа.

-Ақымақ, Дариғаны деп жүрсің бе ұл,

Күніңді көп қылайын өзіңе бұл.

Мен бердім сен бермесең сыйға тарту,

Қыз жарлы, қатының күң және өзің құл!


Әлімқұл желге ұшқан желдей болды,

Үсіген суық ұрып, гүлдей солды.

Түн еді байлар демін алып жатқан,

Айналып төңіректің бәрін шолды.


Ойы он, санасы сан, ақылы дал,

Жүрегі Дариға үшін дертке толды.

Бетіңнен жарылқасын жас қозым деп,

Қызына бата берді жайып қолды.

Дариға үйден щықты есік ашып,

Қотанға бет түзеді қадам басып.

Алдынан Сәлім қойшы қой күзеткен,

Кез болды Дариғаға душарласып.

-Барасың қайда кетіп қараңғыда,

Тарықтың не нәрсеге мұнша жасып.

-Өзіңді жанға серік дос санаушы ем,

Қалтайға теліп қойды өңшең пасық.

Келіп ем жалғыз сенен жәрдем күтіп,

Бұл сырым айтпай жүрген бұрын ашып.


-Қуатым, қуанышым, не дейсің сен,

Өмірлік жар боламын қосқан нәсіп.

Жолыңа қасық қаным, құрбан жаным,

Арым куә құтқарам алып қашып.

-Мақсатқа соңды ойлаған жете алмайды,

Махаббат орнамайды болсақ жасық.

Артынан келіп сөзін тыңдап тұрған,

Әлімқұл қуанады судай тасып.

-Оң болсын беттеріңіз құлындарым,

Күн шықсын алдарыңнан нұрын шашып!


Бәйбектің кіші әйелі Көпеш атты,

Жасынан жамандықтың дәмін татты.

Шалға апарар тіліне көндіре алмай,

Түн бойы Дариғаның ізін бақты.

Әлімқұл Дариға мен Сәлім, Қасым,

Тыңдады бәрін анық не сөз айтты.

Бата алып Сәлім үйден шыққан бетте,

Бәйбекке Көпеш барып хабарлапты.


Кермеде байлар аты байлаудағы,

Түн қандай әсем, салқын жайлаудағы.

Атты ұстап Сәлім күтті Дариғасын,

Ашылып жанса игі еді жастың бағы.

Сүйенер махаббаттың қуатына,

Қолдайтын бабасының жоқ аруағы,

Дариға келсе мініп тез кетсе екен,

Алдында не пәле бар күткен тағы.

Қауіптің басқа төніп тұрған шағы,

Қарсы алды Дариғасын Сәлім тосып,

Сүйікті құшақтасты басын қосып.

Шаңқ еткен арттарынан дауыс шықты,

Сәлімнің қаны жауды үстін жосып.

Бұзау тіс қамшымен бір күшті қол,

Жіберді Дариғаны осып – осып.

Жандәрмен ыршып түсіп қашты лаға,

Жас сәби қорыққаннан жаны шошып.

Құлады етпетінен Сәлім жерге,

Жиылған көзі шалды елді босып.


Етпеттеп құлағанда Сәлім жерге,

Ес жиып кіргізбестен қуат, әлін.

Үстінен ат жетелеп тепті басқа,

Қоймастан екіленіп Бәйбек зәлім.

Бір теуіп әрбіреуін өтіп жатты,

Болсын деп кейінгіге тиым, тәлім.

Дыбыс жоқ, дем алыс жоқ Сәлім жатыр,

Тоқтаған жүрек соқпай болды мәлім.


Сұм дүние сүмірейіп тойдым сенен,

Алмаған қандай кегің қалды менен.

Қара жер жайлы маған, өлім артық,

Өткізген Қалтайменен бір өмірімнен.

Іркілдек ірің дене бай құшқанша,

Құрттарға азық болып жатсын денем.


Ұстаса түрлі айуандық істер істі,

Жалғыз мен жеңе алам ба мұнша күшті.

Өмір мен өлім талас тұрған кезде,

Дариға есеңгіреп көзге түсті.

Лап қойды ұстағалы бай, мырзалар,

Тез жетіп есіл қыршын құздан ұшты.

Сарқырап Шажа суы көкке шапшып,

Қарсы алды Дариғаны сүйді, құшты.


Бәйбектің жастан Қасым малын бақты,

Әлімқұл суық күнде отын жақты.

Жазықсыз екеуі де жұбайымен,

Ойыншық болып байға қаза тапты.


Дариға, Сәлім, Күлпаш жас шыбықты,

Жыртқыштар қиды аямай діні қатты,

Білмеймін не бетімен аяқтапты,.

Ескерткіш ретіндежарлы, жалшы,

Сол құзды «Қыз құлаған» деп атапты.



Алматы облысы

Ескелді ауданы

Қаратал ауылы

Қаратал орта мектебі

Тарих және география пәні мұғалімі: Бекбаева М.К.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1107
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі