400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Қыз қылығымен көрікті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бойларындағы икемділік,сымбаттылық,қабілеттілік,инабаттылық, ізеттілік,танымдылық қасиеттерін дамытуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыз қылығымен көрікті»

Мақсаты:

Қыздарымыз арулар күлімдеген,

Қыр гүлі қызғалдаққа теңелген.

Білімділігі: Бойларындағы икемділік,сымбаттылық,қабілеттілік,инабаттылық, ізеттілік,танымдылық қасиеттерін дамытуға баулу.

Дамытушылық:Қыз балаларды әдемілікке,сұлулық,ақылдылық,іскерлікке баулу,талғамдарының жоғары болуын дамыту.

Тәрбиелігі:Қыз балаларды өзін-өзі күте білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Бала шақта,болашаққа жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыңдар,апайлар қымбатты.

Сәлеметсіздер ме,Құрметті апайлар,қонақтар қош келдіңіздер.

Бүгінгі күн сіздерге жақсы көңіл-күй тілей отырып, «Қыз қылығымен көрікті»атты тәрбиелік шарамызды ашық,-деп жариялаймыз.Біздің топтың қыздары бірінен-бірі өткен шебер,сұлу,әрі ақылдарына көріктері сай екен,-дей келе бүгін өз өнерлерін көрсетпекші.Олай болса қатысатын аруларымызға сәттілік тілей отырып,қошеметпен ортамызға шақырайық.

Кімдер жүйрік,өнерпаз біз білейік,

Орталықтың мақтанышы деп жүрейік.

Барлығымыз өнеріне тәнті болып,

Балаларға сәттілікті біз тілейік.

1-аруымыз:Өскінбаева Асылжан

2-аруымыз:Трофимова Валентина

3-аруымыз:Мардашова Алия

Бүгінгі сайысымызға баға берер әділқазылар алқасын сайлап алайық. Аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша өз өнерлерін көрсетеді.

1бөлім: «Сәлемдесу»-деп аталады..Аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты,жүріс тұрысы ортада өзін ұстауын әдемі өлең жолдарымен өздерін таныстырады.

2бөлім: «Дәм-думан»-деп аталады.

3бөлім: «Өз өнері»-деп аталады.Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

4бөлім: «Сән үлгісі»-деп аталады.Аруларымыздың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді.

Байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу»бойынша аруларымыз өзін-өзі таныстыруға рұқсат етейік.Қарсы алыңыздар.

1 аруымыз Өскінбаева Асылжан қарсы алайық.

Мейірім төккен балаға,

Білім құйып санаға,

Райхан,Сара апайлар

Мың алғыс айтсам бола ма?

Өнерімді көріңдер.

Топ жарады сеніңдер

Шапалақпен демеңдер.

2аруымыз Трофимова Валентина

Сәлем беріп,бас ием

Таныстырам өзімді

Мен сүйкімді Валя

Өнерімді көрсетемін.

3аруымыз Мардашова Алия

Армысыңдар,халайық,

Танысып біз алайық.

Менің атым «Әлия»

Мақтануға лайық.

Тамаша!.Қатысушыларымызбен таныстық.

2бөлім. «Дәм-думан» Бұл сайыста Асылжан аруымыз қонақты қалай қарсы алу,стол әзірлеу,безендіруін көрсетеді.













Ал Әлия казақтың ұлттық тағамы бауырсақты пісіреді.(ведио)











Валя жемістерден «Пальма»салатын әзірлейді.

3бөлім. «Өз өнері»

Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз

Өскінбаева Асылжанның орындауында А.Қалаубаеваның «Ертегілер әлемінде»әнін орындайды.

Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша Бөстекова Айболсын «Өзбек биін»тамашалаңыздар.

Трофимова мен Өскенбаева«Цыган»биі.

4бөлім. «Сән үлгісі»Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Неткен сұлулық!Біздің қыздарымыздың барлығы жоғары бағаға лайық.

«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.Номинация беру.

«Өнерлі ару»---------------

«Шебер ару»----------------

«Сымбаттыару»--------------



Би билеп,ән мен күйде аяқталды.

Уақытта біраз жерге таяп қалды, -дей келе байқауымыз да өз мәресіне жетті.Бізбен бірге болып,қатысушыларға қолдау көрсеткен апайларға көп-көп рахмет айтамыз. Әрқашанда құшақтарың гүлге,көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын. Сау-саламат болыңыздар. Рахмет.



«№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Shape1





. Тәрбиеші:Орысбаева.А





Атырау 2018жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 сәуір
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі