Материалдар / "Қыз қылығымен көрікті"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қыз қылығымен көрікті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушылары арасындағы қыз бала тәрбиесіне аса мән беру, Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісіндамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қыздар сұлу көрінер қылығымен (психологиялық тренинг)

Мақсаты: Қыздарменәңгімелесеотырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісіндамыту, зияндыәрекеттергееліктеудің, қызығудыңөмірлерінеқауіптудыратынынескерту.

Өтуорны: Акт залы Қатысушылар: 8 - 11 сыныпқыздары

Жүрубарысы:

Психолог сөзі:

Қызсұлукөрінедіқылығымен,

Жарысабойменқосбұрымымен

Бұлкүндесұлулықтыңүлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен,-дей келе, бүгінгі психологиялық тренингіміз «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты тақырыптаөтеді

Ой қозғау: Қазақ қызықандай болу керек? Осыған байланысты бейнебаян ұсынамыз

«Күн шуағы» жаттығуы.

Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек?-деп сұрай келе, өз бойындағы қандай жағымды қасиет бар, сонны білу және күн шуағына жазу

«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, Көрінер толғанайдай жүзі жарқын Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Дегендей бұл қыздардыңәдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.

«Қадір – қасиет» жаттығуы

Жаттығу танысу үшін жасалынады. Әркім кезекпен өз есімін атап, есіміне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады.

Мысалы: төзімді Салтанат, қайырымды Айгүл, ибалы Дина, сыпайы Динара.

.«Адамгершілік ағашы» жаттығуы

Қатысушыларға қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшалар таратылады. Әр топ мүшелері өздерінің қолындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымызүшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырады.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, ағашымыз жандандыма? Қайтіп? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу - өз еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу.

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

«Өрмекші торы» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. Жаттығушарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әркім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию. Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылдыма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

Қорытынды (психолог сөзі)

Бабаларым қыздарды қадірлеген, Қыз баладан басталар өмір терең Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып, Күн болмаған сазды күй төгілмеген — деп бүгінгі тренингімізде қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұлбаланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!