Қостанай
облысы Арқалық қаласы Ш.Уәлиханов
атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің
педагог – психологы Отарова Назгүл
Талғатқызы «Қыз-қылығымен көрікті»
қыз балалармен жүргізілген
психологиялық
тренинг
Мақсаты:Қыз
балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін
шыңдау, сыныпқыздарының арасында достық
қасиет қалыптастыру.
Жұмыс
барысы:
«Танысу
тренингі» Оқушылар бір-бірімен жақын
танысу үшін шеңбер бойымен тұрғызып,
өз атын және өз аты қай әріптен басталса,
сол әріптен басталатын жақсы
қасиетін қосып
айтқызу.
«Күн
мен
бұлт»
жаттығуы. Қыздар
арасында екі топқа бөліп бұл жаттығуымызды
постер қорғау арқылы өткіземіз. Қыз
балалардың бойында қандай жақсы
қасиеттер болу керек және жағымсыз
қасиеттер қандай болыу керек деген
сұрақта қыздарымыз өз ойларымен бөлісе
кетеді.
«Достық
торы» жаттығуы. Қыз балаларар асында
достық қалыпты, достық қарым-қатынасты
қалыптастыру мақсатында өз бойларындағы
ерекше қасиеттерін айтты. Бір-бірлерін
дұрыс түсіну үшін қандай қасиеттерін
бойымыздан табылу керек (келісім,
сыйластық т.б.) Көптеген қасиетті айта
отырып, жіпті бір-біріне лақтырып
отырды. Соңында тор шықты, торды «достық
торы» деп атап, достығымыз нығая берсін
деп қорытындыланды.
Релаксациялық
жаттығу «Теңізге саяхат»
Жайланып
отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең
демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз,
денеңізді ауырлап бара жатқандай және
оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай
сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде
тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз
жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көңілдір
теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз
бірқалыпты дем алып, асау толқындары
жағаға соғылып, қайтадан кейін
қайтуда.Теңіз толқындарының шуын естіп,
толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы
теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз.
Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір
сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің
рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз
төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз,
жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын
сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз
судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің
аяғыңызды жуып жатыр, су жып - жылы әрі
жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос
тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн
сәулесі мен жеңіл самал сіздің бетіңізді
өбуде, теңіз толқындарының тамшылары
сіздің денеңізді баурап алғандай.
Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек
дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді
кішкентай бала сияқты сезініп, -
жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып
ойнағыңыз,
күлгіңіз
келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут
ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге
рұқсат етіңіз.
Сіздің
қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы
да жардың басында тұрсыз. Сізге демалыс
пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге
алғысыңызды айтыңыз. Асықпай бұл орынмен
қоштасыңыз. Көздеріңізді асықпай
ашыңыз.
Рефлекция
-
Қазір қандай күйдесіздер?
-
Босаңсу жаттығулары қаншалықты нәтиже
береді?
-
Тренингтен
алған әсерлеріңіз қандай?