жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қыз сыны
Қыз сыны сценарий(Көктем аруы)
1Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Көктем аруы -2017» атты арулар сайысына қош
келдіңіздер.
«Көктем аруы- 2017» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар,
құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі
ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде,
көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық
әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
2Жүргізуші: Шалқытып
мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.Мектеп директоры
Қалшабекова Орынша Лесбайқызы
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сүлеева Айнаш
Мамырханқызы
4. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Көмекова Динара
Шукрәліқызы
1Жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз
әдебі,
Тал
бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде
сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер
жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп
мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға
сәттілік тілейікші
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару
қыздарымызды ортаға қошаметпен
шақырайық.Сайысқа қатысқалы отырған
қыздармен таныс болыңыздар.
Роза біздің білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Сандуғаш қыз елгезек,
Алады тез тіліңді.
Айдана шықты үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп.
Төртінші Аружан шығады,
Бұрымдары желбіреп,
Динара біздің тұр жарап
Өн бойында бар талап.
2-жүргізуші:
Нұрайна қыз мақпалдай
Ағарып таң атқандай
Жетінші қыз Аружандай,
Өнері тасып жатқандай
Сегізінші Аружан қыз,
Өз орнын ол тапқандай
Келесі қыз Нүргул,
Қарасан ол бір гүл
Мерей ару биік өресі,
Арулардың төресі.
(әр қыз сәлемдесе,
дөңгелене т.б. қимылдармен ортаға
шығады)
1-Жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныс
болыңыздар.
1. Өзін -өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
4. Сән үлгісі
5. Қолөнер
Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер
алады да , кезекпен өздерін
таныстырады.
І - бөлім: «Сәлемдесу» -
деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі
таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты,
жүріс тұрысы сынға түседі.
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
1.Ибрагимова Роза
2.Патлда Сандуғаш
3.Қайназар Айдана
4.Қошқарбай Аружан
5.Алданбек Динара
6 .Ибрагимова Нұрайна
7.Есенбай Аружан
8.Есболова Нүргул
9.Сәрсенбай Аружан
10.Игамбердиева Мерей
2-Жүргізуші: II кезең
өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
1.Ибрагимова Роза
2.Патлда Сандуғаш
3.Қайназар Айдана
4.Қошқарбай Аружан
5.Алданбек Динара
6 .Ибрагимова Нұрайна
7.Есенбай Аружан
8.Есболова Нүргул
9.Сәрсенбай Аружан
10.Игамбердиева Мерей
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
1-Жүргізуші:
III кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап) Бұл бөлімде
арулар мақал –мәтелдің жалғасын
табады.
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
1.Ибрагимова Роза
2.Патлда Сандуғаш
3.Қайназар Айдана
4.Қошқарбай Аружан
5.Алданбек Динара
6 .Ибрагимова Нұрайна
7.Есенбай Аружан
8.Есболова Нүргул
9.Сәрсенбай Аружан
10.Игамбердиева Мерей
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
2-Жүргізуші: IV
кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік. Арулар аянбай-ақ жан
салыпты.
1.Ибрагимова Роза
2.Патлда Сандуғаш
3.Қайназар Айдана
4.Қошқарбай Аружан
5.Алданбек Динара
6 .Ибрагимова Нұрайна
7.Есенбай Аружан
8.Есболова Нүргул
9.Сәрсенбай Аружан
10.Игамбердиева Мерей
1-Жүргізуші: V кезең.
Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
( әділқазылар алқасының бағаларын
білу)
2-жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік. (Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын бәрін де есептеген жөн).
1-жүргізуші: Әділқазы
алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше
өнерпаздардың өнерін
тамашалайық.
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі
сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен сөзді
әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды
марапаттау.
Би билеп ән мен күйде
аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп
қалды
Көктеммен қоса
келген
Ару қыздар, аналар мерекесі
аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға
ұсыну.
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзаймы, білімді ару, дарынды ару, тапқыр ару) жүлде тағайындайды.
2-жүргізуші: «Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны сайысын аяқтаймыз. Бұл жиыннан әр қайсымыз өзімізге үлкен ғибрат алдық деп ойлаймыз. Құрметті қонақтар баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілейміз келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау саламат болыңыздар!
1-Жүргізуші: «Қыз –ұлттың
жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың
қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні
бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей
отырып, сайысымызды аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген