Материалдар / "Қыз сыны 2020" сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қыз сыны 2020" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық бастауыш сынып мұғалімдеріне, тәлімгерлерге көмегі тиеді деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2020
3619
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қыздар! Көктем гүлі» атты

 Қыз сыны 2020 байқауының жүру барысы.

1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар мен сіңлілер.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күні сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2020 байқауын ашық деп жариялаймыз.
2 - жүргізуші:

Ендеше, әлемнің ең сұлу, көрікті, ақылды,абзал, инабатты да ибалы аруларын шын жүректен құттықтауға мектебіміздің директоры Смайлова Б.Сға сөз беріледі.
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күні бүгін – елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
Ерназар:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 - жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
Нұрасыл:
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
2 - жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
1 - жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.
2 - жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.
Ән: «анашым қартаймашы»
Орындайтын:2 «А» сынып ұлдары
2 - жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны2020 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
2 - жүргізуші:
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.

«Жанар Дугалова қазақтың қыздары әні шырқалып тұрады.
Ерназар: № 1 аруымыз----

Нұрасыл: № 2 аруымыз-----

Ерназар: № 3 аруымыз----

Нұрасыл: № 4 аруымыз-----
Ерназар: № 5 аруымыз-----

Нұрасыл: № 6 аруымыз-----

Нұрасыл: № 7 аруымыз-----

Ерназар: № 8 аруымыз-----


1-жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ерназар:Қазылар алқасының төрағасы....
Нұрасыл:-

Ерназар:-

Нұрасыл:-
2 - жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І - бөлім: «Сәлемдесу»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

ІІІ бөлім «Тапсырмаларды орында»- деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз тапсырмасын орындап,сұрақтарға жауап береді.

IV бөлім «Сән үлгісі» Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

V бөлім «Анашым-ақылшым»- деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады. Оларға көмек ретінде аналары келеді.

2 - жүргізуші. Алдымен қай аруымыз бірінші бастайтынын білу үшін аруларымызды ортаға шақырамыз.

Қазылар алқасынан жасырын тұрған реттік нөмірлерді таңдайды.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Ән: Анашым
Орындайтын: Венера-Назирангүл

1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесуі» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

№ 1 аруымыз ----------- Қарсы алыңыздар
2 - жүргізуші:
№ 2 аруымыз -----------

3 аруымыз -----------

4 аруымыз -----------

5 аруымыз -----------

6 аруымыз -----------

7 аруымыз -----------
Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.
Ән: Ана-Әке
Орындайтын: Сандугаш Жалеловна
2 - жүргізуші
ІІ бөлім: «Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз: -------

2 аруымыз -----------
№ 3 аруымыз -----------

4 аруымыз -----------

5 аруымыз -----------
2 - жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би тамашалаңыздар Қарсыалыңыздар Бастауыш сынып ұлдарынан «Флешмоб»
1 - жүргізуші
ІІІ бөлім «Тапсырмаларды орында»
Бұл бөлімде аруларымыз тапсырмалар салынған шарларды таңдап алып ішіндегі сұраққа жауап береді.

Немесе тапсырма орындайды.
Қазылар алқасы ІІІ бөлімнің бағасын шығарғанша Ұлдарымызбен бір ойын ойнаймыз.
Ұлдарды қыз-ғып дайындап фартук орамал тағып, көкеністерді тазалатамыз.

Көңілді әуен орындалады.
Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
Ән: ---------
Орындайтын: Сандуғаш Ж
1 - жүргізуші
IV бөлім «Сән үлгісі» Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
1 - жүргізуші
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз

2 - жүргізуші:
Қазылар алқасы IV бөлімнің бағасын шығарғанша оқушыларымыздың аналарына дайындаған сыйлықтарын дайындайды..
Өлең-тақпақтарын айтады.
Қазылар алқасынан бөлімнің бағасын сұраймыз.

1 - жүргізуш
V бөлім «Анашым-ақылшым»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымызды аналарымен бірге ортаға шақырамыз. Сіздерге қазақтың салт-дәстүр, әдет ғұрыптарына байланысты сұрақтар қойылады. Ойланып бірге жауап береді. Дайын ой-өрнекті қағаздан әдемі-қып қиып, оны таза қағазға жабсыру.
№ 1 аруымыз.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы V бөлімнің бағасын шығарғанша көрермендермен ойын жүргіземіз. Мақал-мәтел, жұмбақтар
1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
Жарқырап жүре берші ортамызда
Жұпар кеуде адамның мерекесі
2 - жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 - жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
2 - жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 - жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
2 - жүргізуші
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі - 2020» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!