400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Қыз сыны» байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, салт-дәстүрді жетік меңгеруге, өз өнердерін көрсетуге тәрбиелеу. 2. Халықтық педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін қалыптастыру. 3. аналар мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне сүйңспеншілігін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тана мырза орта мектебінде өтілетін 8-наурыз аналар мерекесіне орай «Қыз сыны» байқауының бағдарламасы


Тақырыбы: ««Қыз сыны» сайысы

Мақсаты:

1. Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, салт-дәстүрді жетік меңгеруге, өз өнердерін көрсетуге тәрбиелеу.

2. Халықтық педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін қалыптастыру.

3. аналар мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне сүйңспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Даналық сөздер, жазылған плакаттар, гүлдер мен шарлар.

Түрі: «Қыз сыны» сайысы

Барысы:

1-жүргізуші:

Қайырлы кеш, қонақтар! Бүгінгі кеште мектебіміздің «Сыр сымбат» қыздар жұмысының жоспарлы Мектеп аруын,Көктем аруын,Сымбатты аруды,Инабатты аруды анықтау мақсатында өткізгелі отырған «Қыз сыны» сайысы,ал келдіңіздер сайысымызды бастаймыз!

Міне жыл құсындай көктеммен бірге келетін 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларың-ызға береке-бірлік тілейміз.

2-жүргізуші:

Гүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі – бүкіл мерекесінің бастауы аналар мерекесі құтты болсын! Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Ән: « » тұрдалы

1-жүргізуші:

Барлық балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін не бір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да аласа», - дейді халық. Ана бәрінен биік.

2-жүргізуші:

8-наурыз жыл басы – Наурыз айының мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына қатысқалы отырған сүйкімді арулардың жолы ақ болсын, жүлделі ойынға ие болсын деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік.

1

«Сәлем - сөздің анасы»

Өзін таныстыру

2

«Өнерлі өрге жүзер»

Өз өнері (Ән немесе би,көркем сөз,т/б)

3

«Білгенге маржан»

Мақал-мәтел жарысы

4

«Ас адамның арқауы»

Салат

5

Сән үлгісі

Түрлі бағыттағы үлгі

6

Таңғалманыз


7

Қорытынды

Әділ қазылар марапатауы


1-жүргізуші:

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың көптеген ақындарымыз қыздарымызға «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» деген керемет суреттемелер берген. Біздің халық қыз баланы ародақтап төрге отырғызып, оған қатты сөз айтпай, аққудың көгілдіріндей етіп өсірген. Бұған тікелей ықпал ететін адам ол – Ана. «Ана көрген тон пішер» демекші ана тәрбиесін көрген қыз, инабатты, тәртіпті болған.

2-жүргізуші:

Анашым ортамызда жүрсең күліп,

Болады Алатаудай еңсем биік.

Мен сенің қарызыңды өтермін бе?

Әлемнің жақсылығын бересем жиып.

1-жүргізуші:

Той тойлап дала мен қалаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтап жатыр міне балаларың.

2-жүргізуші:

Ендеше осы байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырайық.

Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана

Көркіне ақылы да сай келетін –

Келеді аруларым билеп қана. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Болады қыздың аты затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай.

Артық емес, үйрен де жирен деген

Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.

2-жүргізуші:

Сұлу қыз келіп жетті алдыңызға,

Бойындағы бар дарынды танытуға.

Дараланып сахынаға келді бүгін,

Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе, сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыруды» бастаймыз.

1-жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса бойында.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

2-жүргізуші:

Даусың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы *+еді,

Таң шолпанмен астасқан.

Өнеріңді қане бүгін көрсетші,

Мына жұртқа қошеметпен қол соққан – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

1-жүргізуші:

Арулар, бұл жол басы даналықта,

Келіңдер, оқып, ба йқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па!

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңіз іздеп тауып алалық та.

2-жүргізуші:

Шебер болсақ, тіл байып,

Шешендіктер бір ғайып.

Мақал – мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық.ъ- дей келе мақал-мәтел жарысы

1-жүргізуші:

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Аруларым тез арада майысып.

2-жүргізуші:

Ақ жүзіндей ананың,

Күндер келді жалғасты.

Арулардың байқайық,

Қандай екен дәм асы.

Аруларымызға өздерінің ас мәзірлерін қазылар алқасына ұсынуына

рұқсат!

1-жүргізуші:

Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жанйап,

Сән думанға барлығы аттанады.

2-жүргізуші:

Сынбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы ай күнмен таласатын.

Сымбат сәні келісіп ару қызға,

Әрдайым жұрт сүйсіне қарасады.

Ендігі кезек «Сән үлгісі»

1-жүргізуші:

1-жүргізуші:

Кейдесінде даналықтың сөзі бар,

Маңдайында жарқылдаған көзі бар.

Қара көзді, қара шашты анашым,

Қызыңыздың ақ тілегін қабыл ал.

Күнсің маған биікте жарқыраған,

Шуақпын мен жаныңнан шашыраған.

Ана, атңы жаман сөз келтірмеймін.

Үлгілі тәрбие бетрген асыл анам.

Шеберлермен өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан.

2-жүргізуші:

Енді кезек үй тапсырмасы «Таңғалманыз» қыздардың үйден дайындап, жасап келген сыйлықтарын көруге шақырамыз.



Шеберлермен өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан.


2-жүргізуші:Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

                    1-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

Көркіңнен сенің айналдым еркем,

Қазақтың салтын сақтаған көркем, - деп ақын жырлағандай, бүгінгі ару да, әсем қыздарымызды «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді қазылар алқасына береміз.

Жүлделі орын алған аруларымызды құттықтаймыз!



                   Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы-2015,Мектеп аруы-2015,Сымбатты ару,Инабатты ару.) жүлде тағайындайды.

                    1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,

                                           Жетелейді алысқа.

                                           Бүгінгі күннің жеңісі,

                                           Достық болып қалуда.

                    2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.  


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
1619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі