"Қыз сыны" байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыз сыны" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мейрамы қарсаңында сал-дәстүрге байланысты қыздар арасында байқау өткіземін немесе қатысамын дегендерге арналады.Бұл сабаққа презентация қоса беріліп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыз - сыны

Қыздар арасындағы байқау

Мақсаты:

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі:

«Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

 

Жүргізуші:  Құрметті жиналған қауым!
                     Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
                    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
                   Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
                   Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
 

Бүгінгі «Қыз - елдің көркі негізінде «Қыз сыны» атты сайысына қош келдіңіздер.
«
Қыз - елдің көркі дегендей Қыз сыны » байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, қадірлі ұстаздар  сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесімен  және келе жатқан «»Наурыз –жыл басы,Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
                  Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)

 Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1.6 «А»  Цуладзе Настя

2.7 «А» Власова Ангелина
3.6 «Б» Майер
4. 7 «Б» Алыкпашева Алия
 Жүргізуші:  Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1)

2)

3)

4)

Қазақта қашанда мереке қонақсыз өтпеген.Мектебіміздің кішкентай жұлдыздары бүгін бізде қонақта.

1 «б»сынып оқушысы Бродт Настя «Анашым»әнімен

3 «б»сынып «Қамажай», «Қазақ қызы» билерімен сахнаға шығады.


Жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                  Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 
                Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
               Аруы деп мектептің  жүрейікші.
               Әділқазыларға тек әділдікті,
               Ал аруларға сәттілік тілейікші

Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Қыз - елдің көркі» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Мадина Бөкейхановнаға сөз берейік.

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

Бағалау шарттары: 1-5 балл аралығында
1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, таныстыру бөлімі (Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.)


2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер,салт-дәстүрге байланысты көрсетілім).


3 - шарт. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де аттарын айтады.


4 - шарт. «Кім жылдам?»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап .

ә)«Ою ойғанның ойы ұшқыр»«Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады. (қағаздан ою ою)
б) Түйме қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Қатысушылар әділқазы  алқасының  алдынан нөмер  алады да , кезекпен  өздерін таныстырады. 

I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

II кезең . «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер,салт дәстүрге байланысты көрсетілім).
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

     III  кезең. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де аттарын айтады.

Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың шаш үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

IV кезең.
«Кім жылдам?»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап

ә)«Ою ойғанның ойы ұшқыр»«Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады. (қағаздан ою ою)
б) Түйме қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
  V кезең.«Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

Қазылар алқасының бағаларын білу, «Көктем аруы-2018», «Өнерлі қыз», «Көрермен көзайымы», «Білімді ару»атағымен марапаттап,сыйлықтар ұсынылады.


Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
842
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі