400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Қыз сыны" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздар арасындағы сайыс. Қыздарды инататтылыққа, тәрбиелікке,тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Бекітемін»

Мектеп директоры: Қ.Абдуллаев





Сайыс:

«Көктем аруы» Қыз сыны байқауы!



Тәрбиеші: Әзі.Б.

МАДТ: «А», «Ә», «Б»

Күні: 10.04.2018ж

Өткізілетін орны: АКТ залы

«Таныстым» «Тексердім»

ӘБ: Ж.Идрисова Д.о.і.ж.о: Г.Бектасова

"Көктем аруы" Қыз сыны байқауы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, байқауымыздың қонақтары! Сіздермен бүгінгі мерекеде қауышқанымзға қуаныштымыз! Бүгін - ерекше күн. Баршамыздың да көңіл күйіміз көтеріңкі әрі қобалжудамыз. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған "Қыз сыны" байқауын ашық деп жариялаймыз!

"Қыз сыны" байқауының қатысушыларын қошеметпен қарсы алыңыздар! (Көңілді әуен ойнап, қыздар ортаға шығады)



2 - жүргізуші: Бірінші ару - ақша маңдай, үлкен - кіші мақтағандай. Байбек Нұрай

1 - жүргізуші: Екінші ару - өз әлінше, жақсыларды жақтағандай. Егінбай Аяжан

2 - жүргізуші: Үшінші ару - достарын сары алтындай сақтағандай.Асильбек Айзат

1 - жүргізуші: Төртінші ару - көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай. Абсейт Аида

2 - жүргізуші: Бесінші ару - ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмақтағы хор қызына Лесбек Ақниет

1 - жүргізуші: Алтыншы ару – келеді, еркін басып, шекесіне үкі таққан.Ахметжан Гүлайым

2-Жүргізуші: Сүйкімді арулар, ортада тұрған гүлден бір-бір күлтеше жұлып алыңыздар! Күлтешенің артында жазылған нөмір сіздердің реттік нөмірлеріңіз болмақ. (Қыздар гүл күлтелерін жұлып, өз нөмірін айтып, дайындалуға кетеді)



1-Жүргізуші: Нөмірлер белгіленді. Олай болса, байқауымыздың кезеңдерін атап өтейік. Біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. 

І-кезең "Таныстыру"

ІІ-кезең "Өз өнері"

ІІІ-кезең "Сәнді киім"

VI-кезең «Үй тапсырмасы»

Ән:

2-Жүргізуші: Барлығы түсінікті болса, сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз! 

І кезең "Таныстыру". 

Қатысушылар шығып, өлең жолдары арқылы өзін-өзі таныстырады.

1-ші аруымыз: Байбек Нұрай

2-Жүргізуші: 

2-ші аруымыз: Егінбай Аяжан

1-Жүргізуші: 

3-ші аруымыз: Асильбек Айзат

2-Жүргізуші: 

4-ші аруымыз: Абсейіт Аида

1-Жүргізуші:

5-ші аруымыз: Лесбек Ақниет

2-Жүргізуші: 

6-ші аруымыз: Ахметжан Гүлайым

1-Жүргізуші: Тамаша! Қатысушыларымызбен таныстық. Ендігі кезек әділқазы алқаларының бағасы дайын болғанша ,әсем әнге береміз.

Ән:

Қандай баға қоясыздар?

2-Жүргізуші: 

ІІ кезең "Өз өнері". Қыздар ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетеді. Екінші кезең де аяқталды. Бүлдіршіндеріміздің әні,биі барлығыңызға ұнады ма? Ендігі кезек әділқазы алқаларының бағасы дайын болғанша ,биге береміз.

Би:



Әділқазы алқалары қандай баға берер екен?

(Баға беріледі). Өте жақсы көрсеткіш, қыздар! Ендігі үшінші кезеңге кезек берейік!

1-Жүргізуші: 

ІІІ кезең "Сәнді киім". Байқау қатысушылары сәнді көйлектерін киіп, сән көрсетеді. Неткен сұлулық! Біздің қыздарымыздың барлығы ең жоғары бағаларға лайықты. Әділқазы алқасы келіседі ме екен?Әділқазы алқаларының бағасы дайын болғанша, әнге береміз.

Ән:

2-Жүргізуші: 

IV кезең "Үй тапсырмасы".  Қыздарымыз өз қолдарымен жасалған бұйымдарын көрсетеді. Мұндай дара да дана қыздардың дәл біздің мектебімізде тәлім алатынына қуаныштымын! Армандарың алысқа жетелесін, қыздар! Әділқазы алқаларының бағасы дайын болғанша, биге береміз.

Би:

Әділқазы алқасының бағасын білейік! (Баға беріледі)

1-Жүргізуші:Ендігі, байқауымыздың ақтық кезеңіне де кезек келді. Аруларымыздың жан-жақты дарынды екенін байқадық.

Сайысымыздың қорытындысы шыққанша әсем әнге береміз.

Ән:

2-Жүргізуші: Қорытындысын бірге белейік! Әділқазы алқасының төрайымын ортаға шақырамыз! 

(Байқау нәтижесі айтылып, бүлдіршіндер марапатталады)

1- Жүргізуші: Сүйкімді арулар, сіздерді құттықтаймын! Құрметті, қонақтар, бізбен бірге болып, байқауға қатысушыларымызға қолдау көрсеткендеріңізге рахмет! Кешіміз аяқталды! Сау-саламат болыңыздар!



«Тексердім»

Д.т.і.ж.о: Ы.Жаңабаева



















)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.06.2018
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі