Материалдар / Қыз сыны байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыз сыны байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
2-4 сыныптарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
600
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қыз  сыны -2017»  /2-4 сыныптар аралығы /

Мақсаты:

Білімділік:  Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға,

әсемдік,сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған

қасиеттерінің ашылуына көмектесу Қыз балалардың жан

дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін,

эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелілік: көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке,

мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Қыздарды халқымыздың

ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б.

негізінде тәрбиелеу.

  Барысы:    Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті көрермендер, аяулы ұстаздар мен ата-аналар, көрікті қыздар.  Бүгін сіздер мектепішілік бастауыш сыныптар аралығындағы  бүлдіршін қыздарымыздың, асыға күткен «Қыз сыны» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Қыз сыны – 2017» байқауына қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын! деп ендеше сайысымызды бастаймыз.

Әділдікпен баға берер аруға
           Әділдікпен қара қылды жаруға
           Алқасын қазылардың біз сайлайық
           Ақ аруды талдап бүгін алуға –
деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Алдабергенов Бағдат – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2. Пірматова Клара- мектеп кітапханашысы
3. Әбішева Маржан- мектеп психологы
4. Байзақова Клара- технология пәнінің мұғалімі

5. Жылқыайдаров Ержан – мектеп бағдарламашысы

Жүргізуші: Аруларымызды сайыс бөлімдерімен таныстырып өтейік.

1.“Қазақтың ерке қызымын” /өзін таныстыру/.

2. “Ана”, “Наурыз” тақырыбында мәнерлеп өлең оқу.

3. “Мың бұралған бишімін”түрлі ұлт өкілдерінің биін билеу.

4. .Үй тапсырмасы./Қағаздан гүл шоғын жасап келу/


Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық- дей келе үміткер аруларымызды ортаға шақырайық. (Арулар ортаға шығады)


1 Нұрсәулем  қыз  өнерлі

      Бойға өнер жиған қыз.


2)   Нұрсезім  қыз білімді
      Меңгерген бар ілімді


3)   Данагүл  қыз елгезек
      Алады тез тіліңді.


4)  Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
      Аружан мен Құндыз да  қатарынан қалмаған


5)  Болашақта боларсыңдар күлімдеген Диана мен Қарақат қыз
       Үміті зор осы ортаң  саған деген.
 

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық. /Осыдан соң жеребе алу арқылы аруларымыз өз реттерін анықтайды./

Жүргізуші: 

       Баурап  алар  бірақ ауыз сәлемі

Қазақ  қызы - әдепті де  әдемі
       Қазақ қызы - ақылына көркі сай
       Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі. -дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі “Қазақтың ерке қызымын” өзін таныстыру кезеңі  бойынша аруларымыз өздерін  таныстырады. Әділ қазылар алқасы бағасын береді.

  Жүргізуші:

  Табиғатың сыйласа

Талантыңды төгіп өт

Таңқалдырып өзгені

«Ана», «Наурыз» мерексіне тарту ет-дей отырып ендігі кезекті “Ана”, “Наурыз” тақырыбындағы мәнерлеп өлең оқу бөліміне береміз./ Әділ қазылар алқасы бағасын береді./

Жүргізуші:Әр ұлттың билері бар қаншалықты,
Мың бұралып би билеп, ән салыпты.
Бүгінгі бұл байқауда бәйге алуға,
Қыздарымыз аянбай-ақ жан салыпты -деп
“Мың бұралған бишімін”бөліміне кезек берсек.Сайыскерлеріміз түрлі ұлт өкілдерінің биін билейді. /Әділ қазылар алқасы бағасын береді./

Жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.Байқаудың ІҮ кезеңі «Қыз еркем – өнерімен көркем» деп аталады.Бұл кезеңде ару қыздарымыз өзі қолынан жасаған гүл шоғын көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз


Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі байқауға қатысқан ару қыздарымызға рахмет айта отырып,байқаудың қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз..
Әділқазылар «Қыз сыны- 2017» байқауының жеңімпаздарын жүлделі орындармен марапаттап, қорытындылайды.
Жүргізуші: Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым! Келесі кездескенше достар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!