Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыз сыны байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздардың еңбек пәнінен қандай жұмыс үйренгенін көру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қыз сыны» байқауы

Өтілетін мерзімі: 26.04.2018 жыл

Өтілетін сынып: 6 «В»

Өтілетін уақыты: 4 сабақ, сағат 11:10

Өтілетін орыны: ІІІ қабат «Ырғақ бөлмесі» №317


«Қыз өссе елдің көркі..»


Байқаудың білімділік мақсаты:

Қыздарға технология сабағынан алған білімдерін пайдалана отырып, іскерлік қабілеттерін дамыту, жеке жұмыстар беру арқылы талғамдарын өсіру, қызығушылығына байланысты жұмыс жасап үйрету, қазақ халқының ұлттық өнері, салт-дәстүрін қыз балаларға таныстыру. Қазақ халқының ұмтылып бара жатқан мәдени мұрасын жаңғырту. Кестешілік дәстүрді дамытып, заттық және рухани өмірін әрлей түсу, сән салтанатын арттыру.


Дамытушылық мақсаты:

Өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін, қабілеттерін, ұлттық қол өнер сәнділігін дамыту, әдемілікке сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.


Тәрбиелік мәні:

Қыздардың өзін күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, әдемілікті сүйе білуді, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа, шеберлікке тәрбиелеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.


Пән аралық байланыс: математика, геометрия, сызу, тарих, сөздік қорын көбейту.


Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.


Құрметті жиналған қауым, балалар, ұстаздар бүгін сіздер «Қыз сыны» байқауына келіп отырсыздар. Осы байқауға қатысқалы келген ару қыздарды және төрелік жасайтын әділқазылар алқасын мерекеге қош келіпсіздер дейміз.


Сіздерге әділқазылар алқасын таныстырып өтейік:

1.Апиев А

2.Ниякулова Г

3.Беркимбаева А

Байқауымызды бастайық:

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазы алқасына әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейікші.


І.Байқау – Таныстыру.

Жөн сұрасып отыратын көрген жерде,

Бабамыздың салты гой ол бұл күнде.

Аурлардан бейхабар болмас үшін,

Өздерін тасытырсын осы жерде.

(Әрбір қыз жеке өзін таныстырады және олардың эмблемалары бағаланады).


ІІ.Байқау – «Өнердің –өз білегіңдегі алтын білезігің»

Үй тапсырма (Жіппен гүлді желімдеп жапсыру)


ІІІ.Байқау – «Жұмыстың көзін тап, Түзудің тезін тап»

  • Кесте тігу – салынған «Крест үлгісі» бойынша кесте тігіп, жұмысты аяқтау.

Қыздар жұмыстарын бітіргенше, сіздерге музыкалық сәлемдеме. (Ән-...)


IV.Байқау – «Он саусағынан өнер тамған»

-Қағаздан оюды өрнектеп қию, жапсыру.

Музыкалық сәлемдеме. (Би-...)


V. Байқау – «Өнерлі өрге жүзер»

-Қағаздан гүл жасау,көрсету,бітіру.

Музыкалық сәлемдеме (Ән-...)


VI. Байқау – Музыкалық сәлемдеме (Би - ...)

-«Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын»

-Қыздармен дайындалған музыкалық нөмірлер:

-Шахзат –

-Бану –

-Нұрай –

-Дана –

-Қарақат –

-Мерей –


-Әділқазылар біздің ару қыздардың өнерлерін бағалап әділ шешім шығарғанша музыкалық сәлемдемені қабыл алыңыздар.

-Әділқазыларға сөз берейік «Марапаттау рәсімі»

-Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті, қыздарды құттықтаймыз, мерекелеріңіз құтты болсын, бәріңізге үлкен рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2018
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12