"Қыз сыны" байқауы 6 сыныптар арасында Сайыс сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыз сыны" байқауы 6 сыныптар арасында Сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәні мұғалімдеріне қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қыз сыны» Сайыс сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қыз сыны.»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, игі салт, озық дәстүрді білу, әдептілік, инабаттылық, өнер секілді асыл қасиетттерді бойға сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері, валеология.
Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қоржын, суреттер.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Сайыс сабақтың тақырыбымен таныстыру.
- Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.
- Әділқазылар алқаларымен таныстыру.
- Өнер көрсету сайысының шарттарымен таныстыру.
2. Сайыстың барысы.
3. Сайыс қорытындысы.
Сабақтың барысы.
- Армысыздар қадірменді көрермен қауым!
Бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбы: «Қыз сыны». Бұл сайысқа 6 сыныптың «Өнерлі қыздары» өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.
«Ұзақ ғұмыр», «қуаныш», «нұр» сыйласын
Өмірдің тыншымайтын ағыстары
- дей отырып, ақ маңдай, ашаң жүзді, аққу мойын, бота көз ару қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер!
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
1 - шарт «Сәлем – сөздің атасы» - деп аталады, әрбір қыз өзін таныстырады.
2 - шарт «Ана көрген тон пішер», қолөнер бұйымдарын көрсету.
3 - шарт Салт – дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.
4 - шарт «Білектей арқасында өрген бұрым», шаш үлгісін көрсету.
5 - шарт «Өнерлі өрге жүзер», Өз өнерін көрсету.
6 - шарт « Ас адамның арқауы», салат дайындау.
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын
- Бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1.
2.

3.

4.


Балдық жүйе 5ке дейін беріледі.
Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын
Өзімізше өзгеріп сән құрамыз
Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде
Таныстырсын өздерін аруларым.
1 –нөмірлі қызымыз Хожағұлова Асылжан
2 – нөмірлі қызымыз Айтжан Қарақат

3 – нөмірлі қызымыз Орысбай Толғанай

4 – нөмірлі қызымыз Алиева Айсара
1.шарт. Сайысымыздың 1 - шарты бойынша қыздарымыз өздерін таныстырып өтеді.
2.шарт. Қандай жақсы майысып тұрғандарың
Бойыңа жиғандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын
- демекші, келесі кезекті «Ана көрген тон пішер» деп аталатын сайсымыздың күрделі шарттарының бірі – қолөнер бұйымдарын көрсету. Қыздарымыз өз қолөнер бұйымдарын көрсетеді.
3.шарт. Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
Ақылына көркі сай арулардың
Сыналар білімі мен парасаты
- дей отырып, келесі кезекте салт - дәстүрге байланысты қоржыннан сұрақтарды алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Ұлттық киімдер түрлері. (көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле, тақия)
2. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. (сырмақ)
3. Ең көне ою. (қошқар)
4. Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)
5. Зергелік бұйымдарды ата. (алқа білезік, сақина, сырға, шолпы)
6. Қазақтың ұлттық бас киімі. (бөрік)
7. Ыдыс – аяқ салатын киізден жасалған әшекейлі дорба. (аяққап)
8. Баланың тұсауын қандай жіппен кескен. (ала)



4.шарт. Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін
- деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті шаш үлгісіне берейік.Қыздарымыз шаш өру үлгісін көрсетеді.








5.шарт. « Өнерлі өрге жүзер» деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді.
Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген...
Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген.
«өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.
Ортаға аруларымызды шақырайық өнерімен.
(сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
6.шарт. Ас көңілдің ажары деген күнім
Жақсы ғой тағамның да білген сырын
Көрсетсің келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Салат жасау уақыты да келді. Ортаға салат жасаған қыздарды шақырамыз.
Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,
Қазақтың қара көзі аруларым.
Тәмамдайық осы кешті әсем әнмен,
Өнеріне табынып арулардың
- дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқалары шығарғанша кезекті биге берейік.
Орындайтын: 6 сынып қыздары

Әділқазылар алқасы, екі топтың бағасын қорытындылап, жеңген топқа марапаттау қағазын табыс етеді.
Жүргізуші:
Иә, қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағаныңызға көп - көп рақмет. Сіздердің өмірлеріңізге қуаныш, шаттық тілей отырып жүректеріңіз қартаймасын, көңілдеріңіз ортаймасын демекпіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2019
1814
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі