Материалдар / "Қыз сыны" байқауы сценарий сұрақтарымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қыз сыны" байқауы сценарий сұрақтарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қыз сыны" байқауы сценарий сұрақтарымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2023
1373
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: “Назерке ” қыздар арасында байқау.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: «Гүл өссе - жердің көркі
Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.-
дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?!
Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Шолпының сыңғыры құлағымызға келеді.

Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін сынайтын «Назерке» атты байқауымызды ашу үшінлицейіміздің директоры Тұрлыбеков Еркін ағайға сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Назерке» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) )    - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
……………… өнерлі қызымыз.
2)………………. қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3) Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
……………….. да қатарынан қалмаған

4) Ақша бетті……………………
Ұқсайды хор қызына
5)……………………… үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
6)…………………… қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
7) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
……………………… алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
8) Атыңнан айналайын………………… деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықтыарқатұтқан
Әділқазыалқасыментанысайық.

  1. Ендігісәттебүгінгібайқауымыздыңшарттарынатапөтейін.
    1 – шарт. «Сәлем – сөздіңатасы» – деп
    аталады, әр ару өзін – өзітаныстырады. (2 мин)
    2 – шарт. «
    Қыз еркем өнерімен көркем», әр ару өзөнерлерінкөрсетеді. ән, би, мәнерлепоқунемесеқолөнерлер).
    3 – шарт.
    «Сұлулық сыры»сән байқауы(Ерекше шеберлікпен дайындалған бір киім үлгісі)

4 – шарт. Қыздарымыз өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.(Жеміс-жидектерді,қолсүрткі қағазын әдемілеу,әрлеу)
5 – шарт. «Зерделінің ойы озық» Білімділігін тексеретін салт-дәстүрден және әртүрлі сұрақтарға жауап беріледі.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызға қош келдіңіздер деймін!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, – дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур таныстыру.

2 тур: «Қыз еркем – өнерімен көркем»
Өнер – білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

3 тур: «Сұлулық сыры»
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз ерекше шеберлікпен дайындалған бір киім үлгісімен таныстыру.

4 тур:
Әр ару өзінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
5 тур: «Зерделінің ойы озық»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесісұрақ – жауапсайысында
Сыналарбілімі мен парасаты – дейотырып, келесікезектесұрақтарғажауапберейік.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандайжұмбақболса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендейбірнешежұмбақтардышешіпкөрейік.
1. Қазақ қыздарының зергерлік бұйымдары

2. Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары

3. Жеті қазынаны атаңыз

4. Қазақтың ұлттық аспаптарынан 5-ін атаңыз.

5. Қазақ күйшілерін ата

6. Ұлттық ою түрлері

7. Киіз үйдің жабдықтарын ата.

8. Қазақ батырларының қарулары.

9. 10 мақал-мәтелдер айтыңыз.

10. Абайдың қарасөздерінен біреуін айтып беріңіз.

Өнердің сан түрлерін сараладым,

Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.) 

Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша жүлде тағайындайды.

Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс – шараларға белсене араласып, атсалысып қатысқандарыңызға көп – көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тынышболсын!





  1. Ұлттық валюта күні қай күнге белгіленген?

  2. Амангелді Иманов кім?

  3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  4. Бес арысты атаңыз.

  5. Абайдың бір өлеңін жатқа айтыңыз.

  6. Рейхстагқа ту тіккен батыр кім?

  7. Шығыс Қазақстан облысындағы ірі өзенді атаңыз.

  8. Белгісіз санды 4ке көбейтіп,шыққан санды 2ге бөліп,одан 1ді алып, 10ды қосып,шыққан саннан 12ні алып,2ге көбейткенде 6 саны шығады.Бастапқыда ойлаған сан қайсы?

  9. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу,атаңыз.

  10. «Менің атым Қожа» авторы кім?

  11. Қазақстандағы қорықтарды атаңыз.

  12. Желтоқсан оқиғасының құрбандары,қазақтың қайсар жастарынан төртеуін атаңыз.

  13. Қазақстанның астаналары болған қалаларды атаңыз.

  14. 7 мамыр не үшін атаулы күн деп белгіленген?

  15. Роза Рымбаева КСРО халық әртісі қай әнді орындағаны үшін берілген?

  16. Бауыржан Момышұлы деген кім?қай ғасырда өмір сүрген,тарихта аты несімен қалған?

  17. Қостанай қаласы Республиканың қай өңірінде орналасқан?

  18. Қазақстан Республикасының премьер-министрі кім?













































1 – шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін – өзі таныстырады. (2 мин)
2 – шарт. «Қыз еркем – өнерімен көркем», әр ару өзөнерлерінкөрсетеді. ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 – шарт.«Сұлулық сыры»сән байқауы(Ерекше шеберлікпен дайындалған бір киім үлгісі)

4 – шарт. Қыздарымыз өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.(Жеміс-жидектерді,қолсүрткі қағазын әдемілеу,әрлеу)
5 – шарт. «Зерделінің ойы озық» Білімділігін тексеретін салт-дәстүрден және әртүрлі сұрақтарға жауап беріледі.

Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.



















 















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!